Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (IV деңгей) балалармен логопедиялық жұмыс ұйымдастыру (оқу әдістемелік құралы) Алматы 2014



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата14.10.2019
өлшемі0,87 Mb.
#49835
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Omirbekova
сабақ жоспары

 

 

3.  СТЖД (IV деңгей) балалармен логопедиалық жұмыс ұйымдастыру 

 

3.1.  Логопедиалық жұмыстың негізгі бағыттары, қағидалары 

Сөйлеу тілінің дамуының IV деңгейіндегі балалармен жүргізілетін түзету – 

тәрбиелеу  жұмысының  мақсатына  балаларды  мектепке  оқытуға  кешенді 

дайындау  жатады.  Осыған  байланысты  логопедиалық  жұмысты  негізгі 



міндеттеріне  сөйлеу  тілінің  дыбыс  айтуын,  лексикалық-  грамматикалық 

жағын,  байланыстырып  сөйлеу,  сонымен  қатар  сауат  ашуға  дайындау 

дағдыларын дамыту және әрі қарай жетілдіру жатады. 

Логопедиалық  жұмысты  тиімді  ұйымдастыру  үшін  логопед  алдымен 

төмендегідей жағдайларды анықтап, жұмыс барысында тексеруі қажет: 

 



Баланың  сөйлеу  тілін  әріқарай  жетілдіруге,  дамытуға  негіз  болатын 

сөййлеу тілі компоненттерінің сақталған жақтарын; 

 

Баланың сөйлеу тілінің дамымауының қалдық көріністерінің деңгейі мен 



сипатын; 

 



Түзету  жұмыс  барысында  маңызды  орын  алатын  баланың  психикалық 

және моторлық аясының даму ерекшеліетерін. 

СТЖД балалармен түзету жұмысын ұйымдастыру барысында жүргізілетін 

сөйлеу  тілі  құралдарын  меңгеру  үрдісі  баланың  оқу  материалын  түсініп 

қабылдауына,  алған  білім  және  біліктілігін  жаттығулар  барысында  бекітуге 

және  қажет  дағдыларын  реттеп  сөйлеу  қатынасында  белсенді  қолдауға 

бағытталу  керек.  СТЖД  баламен  түзету  –  дамыту  жұмысы  келесі  бағыттар 

бойынша жүргізіледі: 



27 

 



 

Сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық жағын жетілдіру

 

Сөйлеу тілінің лексикалық – грамматикалық жағын дамыту; 



 

Байланыстырып сөйлеуін дамыту; 



 

Сауат  ашу  дағдыларын  меңгеру,  яғни  оқу  мен  жазудың  қарапайым 



дағдыларын меңгеруге дайындау. 

Түзету  жұмысын  ұйымдастыру  барысында  жалпы  дидактикалық 

қағидалармен қатар төмендегідей ерекше қағидаларды ескеру тиімді: 

 



СТЖД 

балалардың 

сөйлеу 

мүмкіншіліктерін 



және 

олардың 


психологиалық ерекшеліктерін ескеру қағидасы

 



Балалардың сөйлеу және сөзсіз функциаларын қатар дамыту; 

 



Логопед пен тәрбиешінің жұмысын тығыз байланысты жүргізу; 

 



Онтогенетикалық қағиданы сақтау. 

Күрделі  тіл  кемістігі  бар  балаларға  арналған  арнайы  топтарда 

логопедиалық сабақтың келесі түрлері жүргізіледі: 

 



Топпен сабақ (барлық бала қатысады); 

 



Кіші топтармен (3-5 бала); 

 



Жеке сабақ. 

Топпен  жүргізілетін  логопедиалыық  сабаққа  балалар  жеке  және  шағын 

топтағы  сабақтарға  алдын  –  ала  дайындалады.  Топпен  сабақта  балалардың 

дұрыс  айтатын  дыбыстар  өтіледі.  Арнайы  топтарда  топпен  сабақтың 

төмендегідей түрлері жүргізіледі: 

 



Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын жетілдіру (дыбыстық); 

 



Лексикалық – грамматикалық жағын жетілдіру; 

 



Байланыстырып сөйлеуін дамыту; 

 



Сауат ашуға дайындау. 

Аталған  сабақтар  бірімен  –  бірі  тығыз  байланыста  жүргізіледі.  Мысалы, 

сөйлеу  тілінің  жағын  жетілдіру  сабақтарында  өтілетін  дыбысқа  байланысты 

сөздік  материалдарды  іріктеу  барысында  сөз  қорын  молайтуға,  сөйлем  құрау 

дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар, жаттығулар кеңінен қолданады. 

Жеке  және  шағын  топпен  жүргізілетін  сабақтарға  балалар  дұрыс 

айтылатын  дыбыстардың  анық  айтуын  ашықтандыру,  бекіту  және  айта 

алмайтын  жоқ  дыбыстарды  қою  жұмысы  жүргізіледі.  Дыбысты  қоюдың 

алдында міндетті түрде артикуляциалық аппараттың қалпын анықтауға қимыл 

–  қозғалысын  дамытуға  арналған  жаттығулар  пайдаланады.  Артикуляциялық 

аппараттың  қалпын,  қимылын  сапалы  түрде  меңгеруін  қалыптастырудың 

маңызы  зор.  Ол  үшін  логопед  әртүрлі  тәсілдерді  қолданып,  барлық 

анализаторларды  (көру,  есту,  қимыл)  іске  қосады.  Сонымен  қатар  жеке 


28 

 

сабақтарда  тыныс  алуын  дамытуларын  кеңінен  қолдану  қажет.  Тыныс  алу 



жаттығулары  баланың  сөйлеу  тілінің  әуездігін,  ырғақтылығын  жетілдіруге 

маңызы зор. Логопедиалық сабақтар (жеке, топпен) таңртеңгі кезде жүргізіледі. 

Тәуліктің  екінші  жартысында  тәрбиеші  логопедтің  тапсырмасы  бойынша 

топпен  немесе  жеке  баламен  түзету  жұмысын  жүргізеді.  Тапсырмалар 

төмендегідей бағытта жүргізіледі: 

 



Қойылған дыбыстарды бекіту, ажырату; 

 



Фонематикалық естуін, қабылдауын дамыту; 

 



Буын құрамы әртүрлі сөздерді дұрыс айтуға үйрету; 

 



Есте сақтауын, зейінін дамыту; 

 



Сөз қорын молайту, сөз жасам дағдыларын дамыту, т.б.. 

 

3.2.  Сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық жағын 



жетілдіру 

 

Сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  баланың  сөйлеу  іс  –  әрекетінің  даму 

ерекшеліктері  (Р.Е.Левина,  Н.С.  Жукова,  Л.Р.  Муминова,  т.б.  авторлардың 

еңбектерінде  қарастырылды).  Р.Е.Левина  жұмысында  сөйлеу  тілінің 

фонетикалық – фонематикалық қалыптасуы оның лексикалық – грамматикалық 

жағының  дамуы  мен  тығыз  байланыстылығын  көрсетеді.  Ондай  баланың 

сөйлеу  тілінің  фонетикалық  жағының  қалыптаспау  деңгейі  көп  жағдайда 

мектепте оқуын, ана тілі бағдарламасын меңгеруде қиындық туғызып, жазбаша 

сөйлеу тілінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан СТЖД балалармен 

түзету  жұмыс  барысында  сөйлеу  тілінің  фонетикалық  жағын  қалыптастыру, 

дамыту, жетілдіру ерекше орын алады. Балаларың дыбыс айтуын қалыптастыру 

жұмысы: 


 

есту зейіні 



 

фонематикалық қабылдауын 



 

сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығын қабылдауын 



 

дыбыстарды дұрыс, анық айтуын 



 

артикуляциалық аппараттың моторикасын 



 

сөйлеу кезіндегі тыныс алуын  



 

дауысты дұрыс пайдалануын 



 

сөйлеудің әуезділігін, мәнерлігін дамыту  



бағыттары бойынша жүргізіледі. 

Түзету  жұмысын  тиімді  жүргізу  ана  тілінінің  фонетикалық  жағының 

қалыптасу ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. 5-6 жастағы қазақ тілді СТЖД 


29 

 

балалалардың  сөйлеу  тілінің  фонетикалық  жағдайын,  атап  айтсақ  дыбыс 



айтуының  бұзылуының  таралуын  және  түрлерін  анықтауға  бағытталған 

зерттеуде  (Қ.Өмірбекова,  В.Балқыбекова)  төмендегідей  ерекшеліктері 

анықталған: 

 



Сол  жастағы  қалыпты  дамыған  балаларда  5  дыбыс  бұзылса,  СТЖД 

балаларда 12 дыбыстың айтылуы бұзылғаны; 

 

Ызың, ысқырық, санорлы дабыстардың жиі бұзылғаны; 



 

Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде жиі бұзылғаны “ң”, “қ” дыбысы; 



 

66%  СТЖД  балаларда  әртүрлі  топтағы  дыбыстарды  алмастыруы 



байқалды (ш=c, р=л, ц=т’, ж=з, с=з, ң=н,ц=ч, т.б.); 

  15%  балаларда  дыбыстарды  бұзып  айтуы  байқалды,  көбінесе  тісаралық 



сигматизм (с, з), р дыбысын бұзып айтуы; 

  30% балаларда c-ш, р-л, л-ф, ж-з, қ-г дыбыстарын шатастыру кездесті; 



 

г – к дыбыстарын шатастыру; 



 

Дыбысты мүлдем айтпау тек мүлдем айтпау тек 3% балаларда кездесті. 



Зерттеу  барысында  алынған  деректер  арнайы  әдебиеттердегі  кейбір 

авторлардың  зерттеу  нәтижесіне  сәйкес  келетіні  байқалды.  Бұл  жағдай  жалпы 

сөйлеу  іс  –  әрекетінің  жалпы  заңдылықтары  ұқсастығын  көрсетеді.  Сонымен 

қатар  әртүрлі  тілде  оқитын  балаларды  сөйлеу  тілін  түзетуге  бағытталған 

зерттеулерде  (Л.Р.  Вескер,  Л.И.  Савка,  т.б.)  түзету  жұмысының  мазмұнын, 

әдістерін  анықтау  барысында  ана  тілінің  ерекшеліктерін  ескеру  қажеттігін 

айтады. 

Сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  қазақ  тілді  балалардың  дыбыс  айтуын 

жетілдіру жұмыс мазмұнын, дыбыстарды өту кезектілігін анықтауда келесідей 

деректер мен зерттеулер нәтижелерін басшылыққа алынды: 

 

Бұрын  бұзып  айтылған  әр  дыбысты  жеке  өту,  қарастыру,  баланың 



фонетикалық  түсінігінің  қалыптасуына  зор  әсер  ететіні  туралы, 

Р.Е.Левинаның, Л.Ф.Спированың, Г.А.Кашеның, т.б. тұжырымдамасы; 

 

Б.Баймұратованың  3  –  4,5  жастағы  қалыпты  дамыған  қазақ  тілді 



балаларда  жиі  кездесетін  дыбыс  айту  кемшіліктерін  зерттеу  барысында 

алынған нәтижелері; 

 

Ж.  Абуованың  дауысты  дыбыстарды  айырып  тану  қиыншылықтары 



бойынша орналасу кезектілігі (а, е, ә, ы, о, ү, и, і). 

 



Қ.Қ.  Өмірбекова,  В.  Балқыбекованың  5  –  6  жастағы  СТЖД  балалардың 

дыбыс  айтуының  бұзылуының  таралуын  және  түрлерін  зерттеу 

нәтижелері. 

СТЖД  (IV  деңгей)  балалардың  дыбыс  айтуында  күрделі  бұзылыстар 

байқалмағанымен,  ұқсас  дыбыстарды  ажырата  алмауы,  шатастыруы,  сөздің 

буындық құрамын бұзып айтуы кездеседі.  



30 

 

Дыбыс айтуын жетілдіру сабақтарының негізгі мазмұны:  



 

Ұқсас (ызың – ысқырық,қатаң – ұяң, жуан – жіңішке) дыбыстарды естіп 



ажыратуын дамыту; 

 



Буындық  құрамы  күрделі  сөздердің  айтылуын  бекіту.  Машықтанған 

сөздердің  мағынасын  түсінуге  және белсенді  сөйлеу  тілінде  қолдануына 

көңіл бөлу керек; 

 



Дыбыстық талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыру, бекіту; 

 



Мәнерлеп сөйлеуін жетілдіру, дамыту; 

 



Баланың  айта  алатын  дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды  анық  айтуын 

бекіту; 


 

Дыбыс айту бұзылыстарын түзету; 



 

Дыбыстарды ажыратуын қалыптастыру (т’, ч, с, щ, р, л); 



 

Сөз қорын буындық құрамы күрделі сөздермен толықтыру



 

Фонематикалық  естуін  жетілдіру,  сөздің  дыбыстық  құрамын  саналы 



түрде қабылдауға үйрету, дыбысты сөзден бөліп айту және сол дыбысты 

акустикалық және артикуляциалық белгілері бойынша салыстыру; 

 

Сөйлеудің 



жылдамдығын, 

ырғақтылығын, 

интонациясын 

дұрыс 


қолдануға үйрету. 

Қамтып  оқытудың  арнайы  дыбыс  айту  сабақтарында  төмендегідей 

кезектілікпен жұмыс жүргізу ұсынылады: 

 



Алдымен артикуляциясы қарапайым дыбыстардан бастаған тиімді (а, у, ә, 

м  ,п  ,о,  к,  қ,  н,  и,  ы).  Бұл  дыбыстарды  дұрыс  айтуға  жаттықтыру 

артикуляциясы күрделі дыбыстардың айтылуын меңгеруге негіз болады; 

 



Кейінірек: с, з, ү, б, і, д, т, ө, ғ, г, ұ, ң дыбыстар өтіледі

 



л, ш, ж, р; 

 



ц, ч, щ, в, ф, х, һ, ю, я, э. 

Дыбыс  айтуын  түзету  жұмыс  барысында  баланың  фонематикалық 



процесстерін    дамытуға  бағытталған  жұмыс  қатар  жүргізіледі.  Баланың 

фонематикалық қабылдауы жеткілікті деңгейде қалыптаспауы, оның дыбыстық 

талдау  дағдыларын  меңгеруде  қиындық  тудырады,  яғни  сауат  ашу 

дағдыларының  қалыптасуына  әсерін  тигізеді.  Сондықтан  IV  деңгейдегі 

балалармен  түзету  жұмыс  барысында  баланың  фонематикалық  қабілетін 

(түсінігін)  дамытуға  бағытталған  жұмыс  түрлерін  барлық  сабақтарда  кеңінен 

жүргізу тиімді. 

Сабақта  қолданатын  сөздік  материалдарды,  тапсырмаларды  іріктегенде 

балалардың  жас  ерекшеліктері  мен  сөйлеу  мүмкіншіліктерін  ескеру  қажет. 

Баланың  сабаққа  деген  қызығушылығын,  эмоциональды  реакциасын  арттыру 

үшін  әртүрлі  ойындарды  қолданудың  маңызы  зор.  “Тыңда,  дұрыс  қайтала”, 

“Буын тізбектерін есте сақта”, “Телефон” ойындарын баланың фонематикалық 

қабылдауын дамыту барысында қолдануға болады.  

 


31 

 

1. “Буын тізбектерін есте сақта” ойыны. 



I вариант. Анық, асықпай айтылған буындарды қайталау.  

ма – па – да 

ма – па – да – қа 

ма – па – да – қа – ға 

ІІ вариант. Логопед айтқан буындарды керісінше қайталау (қа – са, мө – тә – са) 

2. “Кім зейінді”, “Дұрыс тап” ойыны. 

Әдістемелік  нұсқау.  І  вариант.  Мен  айтқан  есімдерді  қайтала.  Арман,  Оспан, 

Әлия, Ұлжан, Талғат, Әлібек, Әмір, Айдос. 

ІІ вариант. Мына сөздерде қандай дыбыс естіледі (қаз, қозы). 

3. “Дыбыстарды ауыстыр” ойыны. 

І вариант. “ш” дыбысын “с” дыбысына ауыстыру 

 

 



шу 

 

 



шал 

 

 



шара 

 

 



шабақ 

ІІ вариант. Сөздегі бірінші дыбыстың орнына “т” дыбысын айт. 

 

 

май 



 

 

көл 



 

 

торт 



 

 

парақ 



 

 

күлкі 



ІІІ вариант. Сөздегі “ұ” дыбыстың орнына “ү” дыбысын қойып айту. 

4.  “Сөзді  аяқта”,  “Қандай  буын  қойылды”  (сурет  бойынша)  “са”  немесе  “ша” 

буындарын қосып сөзді аяқта. 

 

тама(ша)   



 

 

 



 

ала(са) 


 

ала(ша) 


 

 

 



 

 

шыр(ша) 



5. Өлеңді тыңдап “С” дыбысы бар сөздерді естеріңе сақтап айт. 

 

 



Пеш қасында мысық отыр 

 

 



Екі көзін қысып отыр 

 

 



Тышқан етін жегісі кеп 

 

 



Оның тісі қышып отыр. 

6. “Қатесін тап”. Сөйлемді тыңдап қатесін тауып, дұрыс қайтала. 

Мұрат дүкеннен топ сатып алды. 

Балалар аулада ашық ойнап жүр. 

 

Сөздің дыбыстық құрамын талдауға арналған тапсырмалар, ойын түрлері. 



1.  “Басшы қандай дыбыс” 

32 

 

 



Дыбысты  танып,  бөліп  айтуын  дамыту.  Логопед  шағын  тақпақтарды, 

жұмбақты негізгі дыбысты анық, баса айтып оқиды. Мысалы: 

 

Сауысқанды, сағызды,  



 

Сарымсақты сәбізді. 

 

Бастап тұрған қай дыбыс? 



 

 

Жапалақтап жауады 



 

 

Жердің бәрін жабады 



 

 

Бұл не аппақ мақтадай  



 

 

Кәнеки кім табады? 



2.  “Дүкенде” ойыны 

 

Дыбысты бөліп айтуға үйрету. Логопед сатушының рөлінде, бала – сатып 



алушы. 3 атты сатып алу үшін алдымен сөздің басындағы дыбысты айт. 

3.  “Айтуға болмайтын дыбыс” 

 

Сөздегі дыбысты анықтауын бекіту. Логопедтің сұрағына жауап бергенде 



(м, ж) дыбыстарын аттамаймыз. 

 



Не мыяулайды? 

 



ысық 

 



Не жорғалайды, ысылдайды? 

 



ылан 

 



Не маңырайды? 

 



озы (ой). 

4.  “Дыбыстардың үйшігі” ойыны 

Сөздің дыбыстық құрамын талдауын қалыптастыру, бекіту. 

Логопед:  үш  үйшік  салыңдар,  енді  осы  үйшікке  “доп”  сөзіндегі  дыбыстарды 

орналастырайық. 

5.  “Лото” ойыны. 

 

Дыбыстық  талдау  дағдысын  дамыту.  Балаларға  әртүрлі  суреттер 



таратылады. 

Логопед: әріпті көрсетіп, кімде бұл әріп бар суретті көрсетуін сұрайды.  

 

Сосын,  сол  сөздегі  дыбыстың  орнын  (басында,  ортасында,  аяғында) 



анықтайды. 

6.  “Жанды дыбыстар” ойыны. 

 

Дыбыстық  талдау,  жинақтау  дағдысын  дамыту.  Әр  балаға  а,п,а 



дыбыстары  болуы  ұсынылады.  Сосын  логопед  бірінші  “а”  дыбысын,  “п” 

дыбысын сосын буын (сөзді) біріктіріп айтады.  

7.  “Эльконин карточкасы” 


33 

 

 



Сөздің  дыбыстық  құрамын  талдап  қалыптастырудың  алғашқы  кезеңінде 

“Эльконин  карточкасын”  қолдану  өте  тиімді.  Карточканың  негізгі  мақсаты  – 

сөзде  әр  дыбыстың  өз  орны,  кезектілігі  болатыны  туралы  ұғымды  балаларда 

қалыптастыру  болып  табылады.  Карточкамен  жұмыс  жасау  әдістемесін 

қарастырайық. 

 

 



Лақ 

(суреті) 

 

 

 



 

Логопед:   - суретте не бейнеленген? 

Бала:  

- лақ 


Логопед:   - неше тор? 

Бала:  


- үш 

Логопед:   - торлар дыбыстардың үйшігі. Сөзде әр дыбыстың өз орны  

 

 

  болады. “Лақ” сөзінде қандай дыбыстар бар екенін бірге    



 

 

  анықтаймыз. Сендер мұқиат тыңдасаңдар тез табасыңдар. 



Логопед “Л” дыбысын созып “Лақ” сөзін айтады.  

Логопед:  - бірінші қандай дыбыс естіледі? 

Бала:  

- “Л” дыбысы 



Логопед:   - дұрыс. Келесі екі дыбысты да солай созып айтып орындарын  

 

 



  анықтап тор көзге түсті текшелермен белгілейді. 

 

Содан  соң,  логопед  сұрақ  қою  арқылы  барлығы  неше  дыбыс,  дауысты, 



дауыссыз дыбыстардың орнын анықтайды. 

 

СТЖД  (IV  деңгей)  балалардың  фонематикалық  қабылдауын,  талдауын, 



жинақтауын дамытуға бағытталған жұмыс түрлері сауат ашу сабағының негізгі 

бөлігі болып саналады да, әр сабақта кеңінен жүргізіледі. 

 

 

 



 

34 

 

3.3.  Сөйлеу тілінің лексикалық – грамматикалық жағын дамыту 



 

 

Сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  лексикалық-грамматикалық  жағын 



дамыту  олармен  жүргізілетін  түзету  жұмысының    негізгі  міндетіне 

жатады.Мектепке  дейінгі  жастағы  СТЖД  балалардың  сөз  қоры  мен 

грамматикалық  жағын  дамыту  мәселелері  шетелдік  әдебиеттерде  ,әсіресе 

ресейлік  ғалымдардың  жұмыстарында  теориялық,  практикалық,  әдістемелік 

тұрғыдан  кеңінен  қарастырылады.  Сонымен  қатар  бірнеше  бағдарламалар 

қолданыста  бар  және  тәжірбиеде  кеңінен  пайдаланылады.Мысалы:Т.Б. 

Филичева мен Т.В.Чиркинаның (17) 5 жастағы "СТЖД балаларды түзете оқыту 

және тәрбиелеу", "Арнайы бала-бақша жағдайында СТЖД балаларды мектепке 

дайындау"(5) т.б. 

 

Зерттеушілер  мектеп  жасына  дайын  балардың  оның  ішінде  сөйлеу  тілі 



жалпы  дамымаған балалардың грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып 

сөйлеуін дамыту жұмысының негізгі – сөзжасам дағдыларын қалыптастыру деп 

есептейді.  Сөзжасамның  басты  қызметі  –жаңа  сөз  тудыру  арқылы  сөйлеу 

тілінің лексикалық қабатын байыту болып табылады. 

 

Қазақ  тілді  СТЖД  балалардың  сөйлеу  тілінің  лексикалық,  әсіресе 



грамматикалық  жағын  дамыту  мәселесіне  бағытталған  арнайы  зерттеулер 

елімізде  жүргізілмеген,  бұл  мәселеге  арналған  ғылыми  әдістемелік   жұмыстар 

жоқ десе де болады.Жоспарланған зерттеу жұмыс барысында мәселеге қатысты 

арнайы әдебиеттердегі мағлұматтарды, арнайы бала-бақшалардың тәрбиешілері 

мен  логопед  мамандарымен  әңгімелесу  СТЖД  балаларды  әртүрлі 

ситуациаларда  бақылау  және  Г.  Ибатованың  осы  бағыттағы  зерттеу 

нәтижелерін  басшылыққа  ала  отырып  IV  деңгейдегі  балалардың  сөзжасам 

дағдыларын    қалыптастыру,  жетілдіру  жұмысының  мазмұны  айқындалып 

жүйеленді. 

 

Қазақ  тілінде  туынды  сөз  жасаудың  ең  бір    өнімді  жолы  жұрнақтар 



(сөзжасам  жұрнақтары  )  болып  есептеледі.  Жұрнақтар  өзі  жалғанған  сөзге 

лексикалық  және  грамматикалық  мағына  беретін  қосымша  түріТуынды  сөз 

жасауға зат есім, сын есім, есімдік негіз болады. 

 

Зерттеу  жұмысында  әртүрлі  сөз  таптарын  негізге  алып  IV  деңгейдегі 



балалардың  сөзжасам  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  сөз  тудыратын 

жұрнақтардың төмендегідей түрлерін меңгеру ұсынылады: 

1.  Зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақтар: 

 -шы.ші (малшы, әнші) 

 -хана (асхана, емхана) 

-кер ,гер (дәрігер, заңгер) 

-дас,дес (құрдас,жерлес) 

2. Зат есімнің еркелету және кішірейту мәнін тудыратын жұрнақтар: 



35 

 

-тай, жан (ағатай,Қанатжан) 



-қай, хан (балақай, ботақан) 

-шық, шік (үйшік, қапшық) 

-шақ,шек (құлыншақ) 

-ша, ше (кітапша,кілемше) 

3. Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар: 

-ма, ме, ба, бе па,пе(аялдама, баспа,сүзбе) 

-қыш,кіш,ғыш, гіш (сыпырғыш, өшіргіш ) 

-уыш,уіш (тырнауыш, түйреуіш) 

4. Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар: 

-дай,дей, тай, тей (таудай,құстай,баладай) 

-сыз,сіз (кітапсіз, сусыз) 

-ті, ды (күшті, жауынды) 

5. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар: 

-шақ, шек (мақтаншақ, еріншек) 

-уық,уік (жылауық, тістеуік) 

-аған, еген (қабаған,сүзеген) 

 

Сонымен  қатар  септіктердің  қолдану  жиілігі  мен  күрделігін  ескере 



отырып  оларды  сабақтарда  өту  кезектілігі  ұсынылады.  Алдымен  атау,  ілік, 

жатыс, барыс, шығыс, табыс, көмектес септіктерін оқыту тиімді деп санаймыз. 

 

Сөйлем  құрау  барысында  сөздің  элементтерінің  мағынасы  интеграцияға 



ұшырауына байланысты СТЖД балалар септік жалғау қолдануда көп шатасады, 

қосымшаларды  дұрыс  жалғай  алмайды  кейде  тіпті  қосымша  жалғамай,  құр 

морфемаларды  қолданады.  Ондайды  болдырмау  үшін  балаға  қосымшаларды 

қолдану нәтижесінде сөздің бастапқы мағынасының өзгергенін, басқа мағынаға 

ие болатындығын түсіндіре білу керек. Мысалы, қой деген сөзбен сөйлем құрау 

үшін,  қосымша  жалғанатынын  көрсетеміз.  Мысалы,  Қойға  су  бердім.  Қойды 

қораға қамадым.  

 

СТЖД  (IV  деңгей)  балалардың  лексикалық  –  грамматикалық  жағын 



дамыту  барысында  көп  мағыналы  сөздепмен  жұмыс  жүргізуге  көңіл  бөлу 

қажет.  Қазақ  тілінде  көп  мағыналы  сөздер  көп  болғандықтан  мектеп  жасына 

дейінгі  қалыпты  балалардың  көпшілігі  ондай  сөздерді  дұрыс  қолдануда 

қиналады.  Сөздің  көп  мағыналығын  түсіну  тек  мәтіндермен  жұмыс  жүргізу 

кезінде  дамиды.  Сөздің  мағынасын  түсіндіру  үшін  көп  мағыналы  сөздер 

кездесетін  шағын  мәтіндерді  оқып  сол  мәтіндегі  көп  мағыналы  сөздермен 

түсіндірме  сөздік  жұмысын  өткізу  керек.  Мысалы,  “ара”  деген  сөзді  бал 

жинайтын жәндік атауы, екі заттың арасындағы орын екенін, әр сөзге мысалдар 

келтіре отырып түсіндірген жөн. Сөздің контекстте қолданылуына байланысты, 

өзімен байланысқа түсіп тұрған сөздің мағынасына қарай қолданып тұрғанына 



36 

 

көңіл бөлу керек. Осындай морфема сөз тіркестердің жасалуы мен қолдануын 



дұрыс  түсініп,  еркін  меңгерген  бала  сөздерді  дұрыс  байланыстырып  сөйлеуге 

тез үйренеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет