Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (IV деңгей) балалармен логопедиялық жұмыс ұйымдастыру (оқу әдістемелік құралы) Алматы 2014



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата14.10.2019
өлшемі0,87 Mb.
#49835
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Omirbekova
сабақ жоспары

3.4.  Байланыстырып сөйлеуін дамыту 

 

 

Байланыстырып  сөйлеу  тілі  –  бұл  сөйлеу  әрекетінің  ең  күрделі  түріне 



жатады.  Байланыстырып  сөйлеу  тілі  өзіне  тән  белгілермен,  сонымен  қатар 

жүйелілігімен,  бірізділікпен  баяндау  ерекшеліктерімен  сипатталады,  яғни 

логикалық  бірізді  айтылған  сөздерді  игеріп,  оның  компоненттерін  –  сөйлемді, 

сөздерді  бір  –  бірімен  байланыстырып  сөйлеу.  Қазақстандық  көптеген 

ғалымдар С. Рахметова,  Қ. Бозжанова, Г. Уайсова, Р. Әміров, т.б. балалардың 

сөздік  қорын  молайту  жұмыстарын  тіл  дамытудың  негізгі  бағыты  ретінде 

қарастырады.  С.  Рахметова  байланыстырып  сөйлеуді  дамыту  жұмыстарын  үш 

жақты  жүргізсе  ғана  жемісті  болады  деген  тұжырым  айтады.  Біріншісі  – 

балалардың  сөздік  қорын  молайту,  екіншісі  –  балалардың  меңгерген  сөздерін 

қарастыра отырып, сөз тіркесі мен сөйлем құруға, үшіншісі  – сөйлеуге үйрету 

жұмыстары.  

 

Баланың  сөздік  қорын  молайтудың  негізгі  мақсаты  сайып  келегенде, 



мәтінді ұғынуларын, үйренген сөздерінің мағынасын терең түсініп, мұғалімнің 

көмегінсіз  қажетті  жағдайда  өзбеттерімен  оны  дұрыс  қолдана  алуын 

қамтамасыз  ету,  яғни  сөздермен  сөйлем  құрастырып  ауызша  сөйлеу  тілінде 

қолдану болып табылады. 

 

Арнайы  әдебиеттерде  жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың 



байланыстырып  сөйлеу  тілін  қалыптастыру  мәселелерінің  әртүрлі  аспектілері 

қарастырылады.  

 

Л.Ф.  Ефименкова  СТЖД  мектепке  дейінгі  балалардың  байланыстырып 



сөйлеуді  дамытудың  тәсілдерін  жүйелеп  үш  кезеңге  бөледі.  Әр  кезеңде  сөз 

қорын молайту, сөйлем құрау, байланыстырып сөйлеуін дамытуға бағытталған 

жұмыс  жүргізіледі.  Автор  алдымен  мәтінді  толық,  сосын  іріктеп,  соңында 

шығармашылық  элементін  қосып  айтуды  ұсынады.  Барлық  жағдайда  мәтінді 

талдау қажеттілігі айтылады.  

 

В.П.  Глухов  әңгімелеу  жүйесін  келесі  кезеңдер  бойынша  жүргізу 



керектігін көрсетеді: 

 



көрнекілік бойынша; 

 



мәтін бойынша; 

 



сипаттау – әңгімелерін құрау; 

 



шығармашылық элементтерін қосу арқылы әңгімелеу. 

37 

 

 



Т.А.  Ткаченко  қосымша  құралдарды  (көрнекілік,  модель)  қолдана 

отырып,  біртіндеп  күрделендіріп  келесідегі  кезектілікпен  жұмыс  жүргізуді 

ұсынады: 

 



көрнекілік іс – әрекет бойынша; 

 



көрсету іс – әрекет бойынша; 

 



фланелеграфты пайдаланып әңгімені қайталап айту; 

 



ілеспелі суреттер бойынша әңгімені айту

 



ілеспелі сурет бойынша әңгіме құрау; 

 



сюжетті сурет бойынша әңгімені қайталап айту; 

 



сюжетті сурет бойынша әңгіме құрау. 

 

Жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  байланыстырып  сөйлеуін 



дамыту  кешенді  түзету  –  педагогикалық  жұмыстың  негізгі  бағытына  жатады. 

IV деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу жұмысының негізгі мазмұны: 

 

түрі және қолдануы бойынша ұқсас заттарды салыстырыу  



(орындық  –  кресло,  кесе  –  стакан,  алма  –  лимон,  т.б.)  заттарды 

(жануарларды) сипаттап – әңгімелеу; 

 

ұқсас  сөз  тіркестерін,  сөздерді  табу  (мысық  –  қасық,  тарақ  –  қалақ). 



Шағын  өлеңдермен  жаңылтпаш  жатқа  айту  (қағып  –  қағып  қанатын, 

қаңқылайды қазымыз); 

 

орындалған  іс  –  әрекетті  есте  сақтап  сөзбен  айтып  беру,  логопед 



айтқан сөзді толықтыру (қыз ойнады – қыз қуыршағымен ойнады); 

 



іс – әрекетке сын есім сөздерді табу, сөйлемді толықтыру; 

 



затқа қатысты сын есімдерді табу. “Көбірек сөзді табыңдар” қызықты 

ойын түрінде жүргізуге болады, 

  Қыс қандай? – суық, аязды, боранды, қарлы; 

  Қар – жауады, ериді, жылтырайды; 

  Жауын – жауады, сіркірейді, құяды, т.б.; 

 



ілеспелі  суреттер,  логикалық  құрылымдағы  сюжетті  суреттер 

бойынша  шағын  әңгімелер  құрастыру.  Қосымша  эпизодтар  қосу 

арқылы әңгімені кеңейту; 

 



тірек сөздер бойынша сөйлем құрап әңгіменің мазмұнына қосу; 

 



қызықты оқиғалар кемесе ертегілер элементтерін қосып сөйлем құрау; 

 



жануарлар  туралы  сөйлем  құрау.  Үй  жануарлардың  төлдері  қалай 

аталады? Өскенде олар қалай аталады (құлын – жылқы, бұзау - сиыр). 

Қандай  пайдасы  бар?  (сиыр  сүт  береді,  жылқы  жүк  тасиды,  көлік 

боладың т.б.); 

 

себеп – салдарды анықтау. Сөйлем құрау, оларды әңгімеге қосу  (доп 



ойнап жүрген бала, сынған терезе); 

38 

 



 

логопедтің бастауы немесе аяқтауы бойынша әңгіме ойластыру, айту 

(Жаңбыр  жауып  тұр.  Бала  далаға  шықты  ....  Бала  тамағын  байлап 

жатыр); 


 

қиалдау  элементтерін  қосып  сөйлем  құрау.  “Қиалшылдар”  ойыны 



(Бақтағы ағашта алтын алма өсіп тұр, т.б.); 

 



сурет  бойынша,  сұрақ  бойынша  сөйлемдерді  кеңейту  арқылы 

оқиғаларды қосу арқылы әңгіме, ертегі, мәтін құрастыру; 

 

ілеспелі, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру; 



 

тақпақтар жаттау. 



 

Көптеген зерттеушілер (Р. Е. Левина, Н.Б. Филичева, К.В. Комаров, т.б.) 

СТЖД  балалардың  байланыстырып  сөйлеуінің  ерекшеліктерін  атай  отырып, 

алдымен оны қалыптастуының алғышарттарын дамыту жұмыстарын жүргізудің 

маңыздылығын айтады.  

 

Монологты 



байланыстырып 

сөйлеуді 

меңгеруге 

психологиалық 

алғышарт құру: 

 



қоршаған орта жайлы білімі мен түсінігін кеңейту; 

 



көрнекілік – бейнелік құралдар көмегімен бейнеленген жағдайлардың 

себеп – салдар қатынасын анықтау; 

 

зейінін, есте сақтау және жұмыс жасау қабілетін дамыту; 



 

күрделі  сөйлемнің  бөлімдерінің  арасындағы  себеп  –  салдар 



байланысын анықтау дағдысын қалыптастыру; 

 



ауызша мазмұндауды бағалау дағдысын қалыптастыру:  

көрнекі  құралдары  (сюжеттік  сурет,  балаларға  арналған  қызықты 

суреттер,  карта  –  схема,  т.б.)  тиімді  қолдана  отырып  әңгіменің 

мағыналық жағын көру арқылы үлгілеу; 

 

әңгімені  бөліктерге  бөлу,  яғни  әңгіменің  басын,  ортасын,  соңын, 



ажырата білуге үйрету. 

 

Монологты  байланыстырып  сөйлеу  тілін  меңгерудің  лингвистикалық 

алғышарттары: 

 



сөздің қорын байыту; 

 



сөздерді мағыналық жағынан байланытыру дағдысын қалыптастыру; 

 



тексттің  лексикалық  құрылымын,  олардың  мағынасын  және  ауызша 

сөйлеу кезінде оларды дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру

 

сөйлем құруға үйрету (біріңғай мүшелерді қолданып жай сөйлем және 



сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдер); 

 



сөйлеу тіліне қол жетімді грамматикалық құрылымды қосу. 

 

Баланың  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту  жүмысы  әртүрлі 



құрылымды  сөйлемдерді  құрау  дағдысын  қалыптастырудан  басталады:  А.Н. 

Гвоздевтің  айтуынша  “сөйлем  –  баланың  сөйлеу  тілнің  дамуында  үлкен  рөл 



39 

 

атқарады.  Ана  тілін  меңгеру  түрлі  сөйлемдерді  меңгерумен  сипатталады.” 



Сөйлем құрау дағдыларын дамыту жаттығулары мен тапсырмалар: 

 



Екі  сурет  бойынша  (бала  алма,  қыз  кітап)  құру,  сөйлемді  сөздің 

тұрлаусыз  мүшелерімен  толықтырып  кеңейту.  (Бала  алма  жеп  отыр. 

Бала  тәтті,  қызыл  алма  жеп  отыр.  Қызыл  көйлек  киген  бала  тәтті, 

дәмді алма жеп отыр). 

 

Ретсіз  берілген  сөздерден  сөйлем  құрау  (барды,  балалар,  саяхатқа, 



тауға; бала, тау, саяхат, бару). 

 



Сөйлемдегі жетіспеген сөзді табу (Балалар көлде ... жүр). 

 



Сөйлемді аяқтау (Балалар көлде ....). 

 



“Жанды  суреттер”  бойынша  сөйлем  құру  (Фланелеграфта  әртүрлі 

суреттер, іс – әрекеттерді көрсету бойынша). 

 

Мағынасы  бойынша  сөйлемдерді  дұрыс  реттеп  құру  (Әжем  қағаз 



пышақпен нан кесті, үйткені атам қолшатыр алды). 

 



Берілген  сөздермен  сөйлем  құрау  (Бала,  мұғалім,  оқиды,  жазады, 

жуынды, т.б.). 

 

Әртүрлі ойын түрлерін сюжетті суреттер бойынша сұрақ қою арқылы 



шағын әңгіме құрастыруға дағдыландыру. 

 

 «Ойыншықты тап» 

Мақсаты:Заттарды белгілеріне және қимыл – қозғалыстарына қарай табу. 

Әдістемелік  нұсқау:Логопед  3-4  ойыншық  көрсетіп,  олардың  аттарын  айтып 

өтеді. Бұл ... қоян, түлкі. Логопед әр ойыншықты жеке сырт бейнесімен айтып 

өтеді. Бұл ойыншық. Ол сұр түсті. Құйрығы қысқа, ал құлақтары ұзын, сәбізді 

жақсы көреді, жылдам секіреді. 



 

 «Кім жайлы айтып тұрмын» 

Мақсаты:Байқағыштығын  дамыту,  суреттегі  заттың  негізгі  белгілеріне  қарай 

табуға үйрету. 



Әдістемелік нұсқау:Логопед өз араларында бір баланың киімін, түрін сипаттап 

береді. Мысалы, “Бұл қыз, ол үстіне ақ көйлек және қара шалбар киген, оның 

аяқ-киімі қара түсті және ақ бантик таққан. Ол қуыршақпен ойнағанды жақсы 

көреді”. 

 

«Қандай екенін айт» 

Мақсаты:Затты белгілері бойынша сипаттауға үйрету. 

Әдістемелік  нұсқау:Логопед  қорабшаның  ішіне  заттарды  шығарып  атайды. 

“Бұл  алмұрт”,  ал  балалар  оның  белгілерін  айтады  “Ол  жасыл,  жұмсақ,  тәтті”, 

“Бұл  қызанақ,  ол  қызыл,  домалақ,  қышқыл”,  “Бұл  қияр,  ол  ұзын,  жасыл, 

кіртілдеп тұрады”. 



40 

 

 



«Қай қуыршақ» 

Мақсаты:Қуыршақтың  (немесе  басқа  заттың)  әртүрлі  белгілерін  айтуды 

үйрету. 


Әдістемелік нұсқау:Логопед: Бір бала қуыршақты әдемі емес деп айтыпты, ал 

ол ренжіп қалыпты. Оған көмектесу керек, оның әдемі екендігін айту керек. Бұл 

не?  (қуыршақ).  Ол  қандай?  (әдемі,  тартымды).  Балалар  қуыршаққа  ат  қояйық: 

Асел не істей алады? (ойнайды, сурет салады, ән айтады, билейді). Барлығымыз 

бірге Асел туралы айтайық. Логопед бастайды: “Біздің Асел (ең әдемі). Оның ... 

(қызыл түсті әдемі көйлегі, аппақ бантигі, қоңыр аяқ киімі және ақ нәскиі бар)”. 

 

 

«Кім жақсы мадақтайды» 



Мақсаты:Жануарлардың белгілерін логопедтің үлгісімен айтып үйрету.  

Әдістемелік  нұсқау:Логопед  бір  ойыншықты  алады  (аю),  ал  балаға  қоянды 

береді. Бастайды: 

Л: Менде аю. 

Б: Ал менде қоян. 

Л: Аюдың қоңыр тоны бар. 

Б: Ал қоянда ақ. 

Л: Аюдың құлағы кішкентай домалақ. 

Б: Ал қоянның құлағы ұзын т.б. 

 

«Қуыршақтар не істейді » 

Мақсаты:Мағынасы жағынан ұқсас және қарама – қарсы сөздерді қолдану. 

Әдістемелік  нұсқау:Бүгін  қонаққа  екі  қуыршақ  келді:  үлкен  және  кіші, 

қуыршақтар сурет салғысы келеді. Үлкен қуыршақ ұзын қалам алады, ал кішісі 

....  (қысқасын).  Үлкен  қуыршақ  суретін  салды,  ал  кіші  қуыршақ  ...  (кіші), 

кішкентай үйді басқаша қалай атауға болады (үйшік). 

Қуыршақтар  серуенге  шықты.  Үлкен  қуыршақ  кең  жолмен  жүрді,  ал  кішісі  ... 

(тар  жолмен).  Олар  үйге  кірді,  қолдарын  жуа  бастады.  Қуыршақтар  бірінші 

ыстық  суды  ағызды,  ал  сосын  ...  (суығын).  Егер  суық  суды  ыстық  сумен 

араластырса су қандай болады? (жылы, жылырақ). 

Қуыршақтар ұйықтайын деді. 

Олардың төсектері әртүрлі еді. Қандай? (биік – аласа, үлкен – кіші, кең – тар). 

 

«Бейнелерді ретімен орналастыр» 

Мақсаты:Бейнелердің басы мен аяғын анықтап әңгіме құрастыру. 

Әдістемелік  нұсқау:Балаларға  екі  суреттен  таратады.  (Бала  ұйықтап  жатыр 

және  дене  жаттығуын  жасап  жатыр;  қыз  түстеніп  жатыр  және  ыдыс  –  аяқты 



41 

 

жуып  жатыр;  анасы  кір  жуып  жатыр  және  іш  киімдерін  жайып  жатыр;  т.б.). 



Бала суреттегі бейнелерді ретімен қойып қысқа әнгіме құрастырылады. 

 

«Кім не істей алады» 



Мақсаты:Жануарлардың  мінез  –  құлық  әрекеттерін  білдіретін  етістіктерді 

қолдану. 



Әдістемелік  нұсқау:  Балалар  суреттегі  жануар  туралы  айтады,  не  істейтінін, 

қалай  дауыс  шығаратынын.  Мысалы,  мысық  –  мияулайды,  пырылдайды, 

тырнайды,  тышқан  аулыйды,  жіп  шумақпен  ойнайды;  ит  –  үреді,  үй  күзетеді, 

сүйек кеміреді, құйрығымен ойнайды, жүгіреді. 

 

Балалар  шағын  әңгімелерді  әр  түрлі  тәсілдердің  көмегімен  меңгере, 



сипаттама  әңгімелерді  құрастыруға  көшуге  болады.  Алдымен  сипаттама 

әңгімелерді  сөйлеу  үлгісі  бойынша  (логопед  әңгімесі),  содан  соң  сызбаларға 

сүйеніп әңгімелейді. Сипаттауды модель бойынша жүргізуге болады:  

                                                                              түрі  

 

 

 



 

 

 



 

 

   көлемі 



 

 

 



 

 

 



 

 

   түсі 



 

 

 



 

 

 



 

 

   бөліктері, құрылымы 



 

 

 



 

 

 



 

 

   неден жасалғаны 



 

 

 



 

 

 



 

 

   дыбысталуы, қоректенуі 



 

 

 



 

 

 



 

 

   тұратын жері, т.б. 



 

Сипаттау  бағыттарын  сызбаға  әртүрлі  белгілермен  белгілеп,  баланы 

алдын ала таныстырып, жаттықтырады. Содан соң өзбетімен айтуға үйретеді. 

 

«Әдемілеп сипатта» 

Мақсаты:Сипаттама әңгіме құрастыру дағдысын қалыптастыру, дамыту. 

Әдістемелік  нұсқау:  Логопед берген  сызба  бойынша  “аю”  туралы  әңгімелерді 

ұсынады.  Егер  бала  қиналатын  болса,  сызба  бойынша  қосымша  сұрақ  қою 

арқылы баланың жауабын жүйелейді. 

 

«Айнұр мен қоян жайлы айтайық» 



Мақсаты:Схема бойынша мәтін құрастыру. 

Әдістемелік нұсқау:Тәрбиеші Айнұр жайлы ертегіні айтады. 

Айнұр  ...  (оянды  ертеңгі  жаттығуын  жасап,  орманға  барып  қайтайын  деп 

шешті).  Ол  ...  (серуенге  Қайрат  ағасын  шақырды).  Орманда  кенеттен  ...  (олар 

қоянды көрді). Олар ... (қатты қорқып кетті де қимылдай алмай қалды). Қоян ... 

(балалардан қорқып қашып кетті).  

Балалар схема бойынша қайталап айтады. 

 

«Лақтар мен көжек» 

Мақсаты:Балаларға таныс ертегіні өздері құрастырып ойша аяқтауаға үйрету. 


42 

 

Әдістемелік  нұсқау:Бірінші  “Лақтар  мен  қасқыр”  ертегісін  еске  түсіру  керек. 

Ертегі  бітті,  бірақ  тәрбиеші  қайта  тыңдауды  ұсынады,  қалай  болғанын:  “Ешкі 

қайта орманға кетті. Лақтар өздері қалды. Кенет есік қағылады. Лақтар қорқып 

тығылып  қалады.  Ал  бұл  кішкентай  ...  (ойыншықты  көрсетеді)  көжек.  Көжек 

айтады  ...  (“Қорықпаңдар  бұл  мен  кішкентай  көжек”).  Лақтар  ...  (көжекті 

кіргізеді).  Олар  оны  күтті  ...  (орамжапырақпен,  сәбізбен).  Балалар  тамақ  ішіп 

алып  ...  (ойнайды,  көңілді  отырды).  Көжек  ойнады  ...  (барабанда  ойнады).  Ал 

лақтар ... (көңілді секірді).” 

 

Ойынды  сахналауға  қызығушылығын  сақтап  қалу  үшін  арнайы 



ойыншықтар  жиынтығы  таңдар  алуға  болады:  шырша,  себеті  бар  қыз,  кірпі. 

Кішкентайларымен,  саңырауқұлақтар  әртүрлі  түспен  және  көлеммен:  тиін, 

қарағай,  саңырауқұлақтар,  қоян,  қонжық  және  т.б.  Ойыншықтармен  танысқан 

соң  тәрбиеші  балаларға  қыз  бен  кірпі  туралы  және  тиін  мен  достары  жайлы 

ертегіні айтып берулерін сұрайды. 

 

Балаға қысқа, бірақ мазмұны жағынан сәйкес сызбаларды ұсынуға болады 



(“басталады  ...  Балалар  ...  Олар  кенеттен  ...  сол  кезде  ...,  Бір  кезде  балалар  ... 

көреді ... Олар оған былай дейді ... Сонымен ...”). 

 

Егер  үлкендер  өз  тәжірибесімен  балаға  ертегі  құрастыруды  әрдайым 



тапсырып  отырса  (өзіне  ұнайтын  ойыншықтары,  отбасы  мүшелері  туралы, 

демалыс күндері уақытты өткізгендері жайлы, қызықты жағдайлар туралы) бұл 

сөздерге қызығушылығын дамытады, яғни баланың ары қарай ана тілін жақсы 

меңгеруіне себеп болады. 

 

Мұндай  жаттығулар  балалардың,  өз  бетімен  ертегі  немесе  әңгіме 



құрастыра  алуға  үйретеді;  оған  нақты  жағдайларды  қосуды;  осылай  баланың 

шығармашылық  дағдылары  дамиды;  олар  тапсырманы  түсінеді;  әңгіме 

құрастыру  әңгіменің  сөйлемдерін  ойластыру  тәрбиешімен  бірге  оны  байнелеп 

айтып береді.  

 

 

Сурет бойынша әңгіме құрастыру тәсілдері: 



 

Суретті негізге ала отырып берілген сөз бойынша сөйлем құрастыру; 



 

Суреттегі адамдар әрекетін ойнату. (ойын – сахналау) 



 

Суреттегі бейнелер әрекетінің жалғасын ойластыру; 



 

Сурет бөлімдеріне әңгіме құрастырғанда әр бөлімге ат қою; 



 

Педагогтың  нұсқауымен,  сұрақтарымен  балалар  қате  айтылған 



мазмұнын қалпына келтіру; 

 



Ілеспелі сурет бойынша жұмыста олардың реттілігін табу; 

 



Суреттегі заттың көрсетілген бөлшектерін атау, затты сипаттау. 

 

Монологтық  сөйлеу  тілін  дамыту  үшін  “Синквейн”  әдісін  қолдануға 



болады. Синквейн – француз тілінен аударғанда “Бес жол” немесе бес қатарлы 

43 

 

өлең деген мағынаны білдіреді, яғни ұйқассыз бес жолдан тұратын өлең құрау 



әдісі. Синквейн әдісін құрастыру ережесі:  

Бірінші қатар – бір сөз, басты мақсатты көрсетуші қарапайым зат есім; 

Екінші қатар – екі сөз, басты ойды сипаттайтын сын есімдер; 

Үшінші қатар – үш сөз, тақырып аясында іс – әрекетті сипаттайтын етістіктер; 

Төртінші қатар – тақырыпқа қатысты бірнеше сөзден фраза құрастыру

Бесінші қатар –тақырыптың мәнін ашатын біріншісімен байланысты сөздер. 

Мысалы,  

1) 


Шырша, 

2) 


Жасыл, сәнді, 

3) 


Өседі, таң қалдырады, қуантады, 

4) 


Мен мерекелік шыршаны жақсы көремін,  

5) 


Қыс, жаңа жыл, балалық шақ. 

 

Әрине  балалар  өз  ойын  толық  және  еркін  жеткізу  үшін  олардың 



лексикалық  қоры  мол  болу  керек.  Грамматикалық  жағынан  әртүрлі  сөйлем 

құрау дағдылары дамыған, қоршаған орта туралы (өлі, тірі табиғат) түсініктері 

біршама  қалыптасқан  болуы  керек.Сондықтан  “Синквейн”әдісін  қолданғанда 

балалардың  сөйлеу  мүмкіншіліктеріне  байланысты  дайындық  жұмыстарын 

жүргізу қажет. 

 

Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту және жетілдіру жұмысында 



олардың  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыруға  бағытталған  әртүрлі 

тапсырмаларды  қолданудың  маңызы  зор.  Шығармашылық  тапсырмалардың 

түрлері: 

1. 


Сюжетті  суреттегі  бейнеленген  оқиғаға  ұқсас,  бір  баланың  (қыздың) 

бастан кешкен оқиғасы туралы әңгімелеу (Балалар тауға барды. Онда 

олар кірпіні ұстап алды. Оны үйге әкелді, т.б.). 

2. 


Суретке сүйеніп басталған әңгімені аяқтау. 

3. 


Әңгіменің  аяғы  бойынша  әңгіме  құрау.  Тапсырманы  жеңілдету  үшін 

алдымен  бір  тақырыпқа  2-3  әңгіме  тыңдау,  топпен  әңгіме  құрау, 

мазмұнға байланысты суреттер көрсету арқылы көмектесуге болады. 

4. 


Берілген сюжет бойынша ертегі құрау. 

5. 


Мәтіннің мазмұны бойынша сурет салып, содан соң әңгіме құрастыру. 

6. 


Сызбалармен  суреттердің  көмегімен  әңгімені  өңдеу,  толықтыру 

(әрекет уақытын, түрін, орнын өзгертіп баяндау). 

7. 

Әңгімені, ертегіні сахналау. 



8. 

Жарнамалық  хабарламаларды  құрастыру.  Алдымен  үлгі  бойынша 

топпен  құрау.  Сұрақ,  нұсқау  бойынша,  берілген  сөздер  бойынша 

құрастырып  айтады  (ойыншықтар  –  әдемі,  таза  ағаштан  жасалған, 

денсаулыққа  зианы  жоқ,  сапалы,  мықты,  берік,  әртүрлі  жеңілдіктер 

қарастырылған, т.б.). 



44 

 

9. 



Мақал  –  мәтелдер,  жаңылтпаш,  жұмбақ,  тақпақ  жаттау.  Сол 

материалдар  бойынша  шығармашылық  тапсырма  беру.  (Мысалы, 

жұмбақ  шешіп  жауабын  сипатта;  тақпақтағы  сөздерге  мазмұны 

бойынша ұқсас сөздерді тап, т.б.). 

 

IV  деңгейдегі  балалармен  байланыстырып  сөйлеуін  дамыту  жұмысы 



бағдарламада  қарастырылған  сабақтар  мен  қатар  сабақтан  тыс  уақытта 

жүргізілсе өте нәтижелі болады. 

 

 

3.5.  СТЖД балаларды сауат ашуға дайындау 

 

Баланы  мектепке  дайындау  мәселесі  оның  өмірінің  барлық  жағына 



қатысты  кешенді,  жанжақты  міндеттерді  іске  асыру  екені  белгілі.  Бұл  өзекті 

мәселелермен  әртүрлі  саладағы  (медицина,  педагогика,  психология)  мамандар 

айналысып келеді. Қазіргі кезеңге дейін сауат ашудың анықтамасы, сауат ашуға 

жүйелі  оқытудың  мерзімі,  сапалы  оқытудың  тиімді  әдіс  –  тәсілдері,  сауат 

ашудағы  қиындықтарын  алдын  –  ала  анықтау  мәселелері  туралы  көзқарастар 

әртүрлі. Бұл аталған мәселенің күрделілігін, өзектілігін көрсетеді. 

 

Психологиялық  –  педагогикалық  әдебиеттерде  баланы  мектепке 



дайындаудың  әртүрлі  анықтамалары  кездеседі.  А.В.Запорожец  мектепке 

дайындықты  “баланың  жалпы  физикалық,  ақыл  –  ойының  өнегелігінің, 

эстетикалық дамуының жоғары жаңа деңгейге жеткен жетістігінің қасиеті мен 

сапасының  көрсететін  біртұтас  жүйесі”  деп  түсіндіреді.  Педагогикалық 

әдебиеттерде  мектепке  дайындықты,  баланың  мектеп  өміріне  ойдағыдай 

бейімделуіне  қажет  маңызды  алғышарты  болып  табылатынын  белгелі  бір 

психикалық  қасиеттерінің  кешені  деп  қарастырады.  Мектепке  дайын  баланың 

қоршаған орта туралы түсінігі, білімі, тәрбиелік ойлау іс – әрекеті қалыптасқан. 

Олардың қажетті деңгейде ойлауы, сөйлеу тілі, танымдық қызығушылығы, оқу 

іс – әрекетінің қарапайым түрлері дамыған болып келеді. 

 

Сауат  ашуға  дайындау  оқу  мен  жазуға  дағдыларын  қалыптастыру  деп 



саналады.  Ал  сауат  ашуға  сапалы  дайындау  фонематикалық  естуі  мен 

қабылдауы толық дамыған жағдайда ғана мүмкін болады. Сөйлеу тілі қалыпты 

дамыған  балалардың  екі  жаста  алғашқы  фонематикалық  қабылдауы 

қалыптасады.А.И.  Гвоздев,Н.Х.  Швачкин,  Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  Д.Б. 

Эльконин,  Л.Е.  Журавлевалардың  зерттеулерінде  сөйлеу  тілінің  дыбыстық 

жағын  дұрыс  қабылдаудың    дамуының  қолайлы  да  тиімді  кезеңі  5  жас  деп 

көрсетеді. Сонымен қатар, сауат ашу дағдыларын меңгеру – баланың көптеген 

психикалық  функцияларының  жетілуін  талап  ететін  күрделі  іс-әрекет  деп  

И.Н.Садовникова санайды. 

 

СТЖД  балалардың  оқу  мен  жазуға  дағдыларын  меңгеруде  әртүрлі 



қиындықтар туындайтыны көптеген зерттеулерде көрсетіледі. 

45 

 

 



С.С.Ляпидевский,  М.М.Кольцова  жазуға  оқыту  барысындағы  кездесетін 

қиыншылықтарды  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  маторлық  аясының 

бұзылуымен  байланыстырады.Авторлардың  пайымдауынша  ондай  балалар 

қаламды  дұрыс  ұстай  алмайды,  баяу  жазады,  соның  салдарынан  әріптер 

біркелкі  болмайды,  қисық  жазылады,  қателер  көп  кездеседі.  Кейбір  авторлар 

ондай  қиыншылықтарды  оптикалық  сипаттағы  функциялардың  жетілмеуімен 

байланыстырады.  СТЖД  балалардың  көпшілігінде  әріпті  қабылдау,  тану 

деңгейі  төмен  болатынының  жазуында  жолдан  шығып  жазу,  керісінше  жазу 

байқалатынын айтады. 

 

 Г.А. Каше, И.К. Колпоковская, К.К.Өмірбекова, В.С.Балқыбекова сөйлеу 



тілі  жалпы дамымаған балалардың  сөйлеу  тілінің фонетиклық-фонематикалық 

жағының толық дамымауы сауат ашу дағдыларын меңгеруге әсерін тигізетінін 

айтады.  

     З.А.  Мовкебаева  СТЖД  балалардың  мектепке  дайындығын  келесі  тұрғыдан 

қарастырады: 

 

- физикалық жағдайының дайындығы; 



 

- оқу іс-әрекетін меңгеруде интеллектуалдық дайындығы; 

 

- тұлғаның дайындығы. 



Зерттеу  нәтижесінде  қалыпты  балалармен  салыстырғанда  СТЖД  балалардың 

барлық бағыттар бойынша жеткіліксіз дамуы байқалатынын көрсетеді. 

 

Кейінгі  кездерде  баланың  мектепке  дайындығын  анықтауда  “жазудың 



функциональды  негізі(базис)”    деген  ұғым  кеңінен  қолданылып  келеді. 

Жазудың  функциональды  негізін  жазу  процесін  меңгеруге  қажет  функциалар 

мен  жоғары  деңгейдегі  күрделі  дағдылардан  тұратын  көпсатылы  жүйе  деп 

қарастырады. 

Мәселеге  қатысты  арнайы  әдебиеттерде    дамуында  ауытқулар  бар 

балалардың  жазу  мен  оқуының  бұзылу  себептеріне  сөйлеу  тілінің 

бұзылыстарымен  қатар  сөзсіз  функциаларының  дамымауы  жататыны 

көрсетіледі  (Г.А.Каше,  Р.Е.Левина,Г.В.  Чиркина,  Р.И.Лалаева,И.В.Прищепова, 

И.А.Денисова,  З.А.Мовкебаева,  т.б.).  Сөзсіз  функциалардың  жағдайын 

уақытылы  анықтаудың  жазбаша  сөйлеу  тілін  меңгеру  қиыншыылықтарын 

алдын алып, арнайы түзете-оқыту үрдісін тиімді жүргізуде маңызы зор.  

Көптеген  зерттеушілер  сөйлеу  тіл  бұзылған  балалардың  көпшілігінде 

кеңістікті  бағдарлауының  дамымауы  жиі  кездесетінін  айтады.  Балалар  “оң  - 

сол”, “астында - үстінде”, “алдында - артында” деген ұғымдарды шатастырады, 

кеңістікті  білдіретін  сөздерді  дұрыс  атай  алмауды,  сурет  салғанда  кеңістік 

қатынастарын көрсетуде қиналуы кездеседі.  

Сөйлеу  тілінің  бұзылыстары  бар  балалардың  кеңістікті  елестетуін   

зерттеуге  арналған  жұмыстарды  елестету  мен  сөйлеудің  арасында  тығыз 

байланыс  барын  айтады.  Осыған  байланысты  Л.С.  Выготский  былай  дейді: 


46 

 

“елестетудің  дамуын  бақылау  ол  функцианың  сөйлеу  тілінің  дамуымен 



байланыстылығын  көрсетті.  Сөйлеу  тілінің  кешеуілдеп  дамуы  елестетуін  де 

кешеуілдетеді”. 

Сөйлеу  тілі  дамымаған  ерте  мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп 

жасындағы балалардың творчествалық кеңістікті елестетуін зерттеу барысында 

В.П.Глухов ондай балалардың қалыпты балаларға қарағанда елестетудің тиімді 

іс-әрекет  деңгейінің  төмендігін  анықтады.  Сөйлеу  тілі  дамымаған  балаларға 

елестету  функцияларының  баяулығы,  тез  шаршап  қалуы  тән.  Сонымен  қатар 

сол  жастағы  балалардың  көпшілігінде  заттың  түрі,  көлемі,  кеңістіктегі  заттың 

орналасуы туралы мағлұматтарының жеткіліксіздігі анықталды. Олар “жоғары 

–  төмен”,  “жақын  –  алыс”  деген  ұғымдарды  түсіне  бермейді.  Заттың  көлемін 

білдіретін сөздерді табуда қиналады. (Л.Г.Парамонова) 

Зерттеу  жұмысының  мақсатына  сәйкес  5  –  6  жастағы  қазақ  тілді  СТЖД 

балалардың  сауат  ашуға  қажет  функциональды  базисінің  жағдайын  анықтауға 

бағытталған  тексеру  жұмыс  нәтижелері  жалпы  арнайы  әдебиеттердегі 

деректерге  сәйкес  келетінін  көрсетті.  Кеңістікті  бағдарлауын  тексеруге 

бағытталған  он  тапсырманың  ішіндегі  қиындық  тудырғаны  оң  –  сол  жағын 

ажырату  болды.  Ондай  қиындықтар  73%  балаларда  кездесті.  Хед  сынағын 

орындауда  балалар  көмектің  әртүрін  қажет  етті,  көптеген  қателер  жіберді. 

Нәтижесінде 25%балалар дұрыс орындады. Ал қарама – қарсы отырып оң – сол 

жағын  көрсету  тапсырмасын  әртүрлі  қолмен  көрсеткен  жағдайда  да  көпшілігі 

орындай  алмады.  Зерттеу  нәтижесі  СТЖД  балалалардың  көпшілігі  кеңістікті 

білдіретін  сөздердің  мағынасын  толық  меңгермегенін  көрсетті.  Балалар 

“арасында” деген сөзді жиі “ішінде” деген сөзбен алмастырды, “алыс”, “қашық” 

сөздердің мағынасын толық түсінбейтіні байқалды. 

Сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  көпшілігінде  кеңістікті  білдіретін 

сөздерді  түсінуі  сақталғанмен,  ауызша  белсенді  сөйлеуде  қолданбайды.  Сын 

есімдерді  шатастырады  немесе  “үлкен  –  кіші”  сөздерімен  алмастырады. 

Мысалы, “қалың – жалпақ”, “жұқа – жіңішке”, деген сөздердің орнына “үлкен – 

кіші” деген сөздерді қолданады. 

Кеңістікті  бағдарлаудағы  аталған  кемшіліктер  уақытты  қабылдау 

кемшіліктерімен  қосылып  қатар  байқалады.  Сондықтан  түзету  жұмыс 

барысында  негізгі  уақыт  мөлшері,  адамның  жасы  туралы  ұғымдарды  анықтау 

қажет.  Үйткені,  заттардың  кеңістікте  орналасуын,  жыл  мезгілін,  тәулік,  апта 

кезектілігін, адамның жасын анықтау дағдыларын жетілдіру біртіндеп баланың 

сөздің  дыбыстық-буындық  және  морфемдік  құрамын  талдау  дағдысының 

қалыптасуына негіз болады. 

Адамның  қоршаған  орта  туралы  әртүрлі  мағлұматтарды  көру 

анализаторы арқылы алатыны белгілі. Шамамен 90% мағлұматтар көру арқылы 

қабылданады. Көріп қабылдау, көру бейнесі баланың танымдық процестерінің, 

эмоционалдық  сферасының  дамуына  және  көптеген  білік,  дағдылардың 



47 

 

қалыптасуына  зор  әсерін  тигізеді.  Көріп  қабылдаудың  нақтылығы,  көрген 



бейненің есте сақталуы баланың жазу, оқу дағдыларын тиімді қалыптасуының 

алғы  шартына  жатады.  Оптикалық  –  кеңістіктік  түсініктерінің  қалыпты 

деңгейде  дамуы  әріп  белгілерін  дұрыс  меңгеруге,  әсіресе  жазылуы  ұқсас 

әріптерді ажыратуға маңызы зор. Бірақ мектепке жаңа келген қалыпты дамыған 

балалардың  көпшілігінде  аталған  функциалардың  толық  қалыптаспағаны  жиі 

байқалады.  Сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  балаларда  көріп  қабылдауында 

әртүрлі деңгейдегі қиындықтар кездеседі. Мысалы, арнайы зерттеу барысында 

СТЖД  үшінші  деңгейдегі  балалардың  84%  заттың  түрін,  түсін  және  көлемін 

анықтауға бағытталған тапсырманы дұрыс орындағанымен де екі затты бірден 

қабылдауда  салыстыруда,  әріпті  құрастыруда  айтарлықтай  қиындықтар 

туындағаны анықталды(З.А. Мовкебаева, И.Г. Денисова).   

Көріп  қабылдауын  анықтауға  бағытталған  тапсырмаладың  ішінде 

балалардың  көпшілігінде  қиындық  тудырғаны  “кеңістіктегі  заттардың 

орналасуын” анықтауымен “не өзгірді”сынағы болды. Біздің пайымдауымызша 

ондай  қиыншылықтар  көру  функциясына  қарағанда,  кеңістікті  бағдарлау 

функциясының  жетілмеуіне    байланысты  деп  санауға  болады.  Көру  гнозисін, 

көріп есте – сақтауын анықтауға бағытталған тапсырмаларды 75 – 88% балалар 

бірден  дұрыс  орындады.  Яғни,  көру  гнозисінде  қалыпты  балалардан  көп 

айырмашылық байқалмады.  

Қимыл  сферасын  тексеру  нәтижесі  СТЖД  балаларда  қимылдық 

динамикалық үйлесімдігі қиындық тудыратынын көрсетті. 

Сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  қимыл  сферасының  кешеуілдеп 

дамуы  тән.  Олардың  қимылдары  баяу,  нақты  болмайды,  қимыл  үйлестігі 

жеткіліксіз.  Ондай  кемшіліктер  әсіресе  дене  шынықтыру  сабақтарында, 

сонымен  қатар  сөзбен  айтылған  тапсырмаларды  орындауда  ,  ілеспелі 

қимылдарды  орындауда  кезектігінің  сақталмауы  байқалады.  Тапсырмаларды 

орындағанда өздерін бақылай алмайды. СТЖД балалардың көпшілігі жүргенде, 

жүгіргінде  қимылдары  епсіз,  тез  шаршағыш  келеді,  қимылды  есте  сақтауы 

төмен. 

 

 



Мимикалық қимыл-қозғалысында келесідей ерекшеліктер кездеседі: 

-  Қимылы нақты, толық емес; 

-  Ерікті  қимыл  жасау  барысында(қосымша  қимылдар  жасайды(ұрттың, 

еріннің, маңдайдың бұлшық еттері қатысады)). 

Қолдың  ұсақ  моторикасының  дамуында  жеткіліксіздігі  орын  алады. 

Ондай  балалар  түймелерін  салуда,  шешуде  қиналады.  Әртүрлі  деңгейде  ұсақ 

моториканың  кинематикалық  және  динамикалық  жағының  бұзылыстары 

байқалады.  СТЖД  балалардың  артикуляциалық  моторикасын  тексеру 

нәтижесінде  артикуляциалық  аппараттың  бұлшық  еттерінің  жұмысының 

жеткіліксіздігі, ілеспеуі, қосымша қимылдардың байқалуы анықталды. 



48 

 

Сондықтан сауат ашудың алғы шартының біріне жататын – моторикалық 



сферасы-  оптикалық  –  кеңістік  функциасын  ерте  анықтап,  жетілдіру,  түзету 

жұмысын жүйелі жүргізу қажет. 

 

Сөйлеу  тілі  бұзылған  балаларды  сауат  ашуға  дайындау  мәселесінің 



әртүрлі  аспектілері  көптеген  зерттеулерде  қарастырылады.  Р.Е.  Левина 

баланың  жазуды  меңгеруге  дайындығын  қалыптастыруды  фонетика,  лексика, 

грамматикасының  өзара  байланысының  біріне  бірінің  әсер  ету  нәтижесі  деп 

қарастырады. 

 

Автор өзінің зерттеулерінде жазу процессін қалыпты меңгерудегі сөйлеу 



жүйесінің  барлық  компоненттерінің  сонымен  қатар  танымдық  процесстерінің 

маңызын ашып көрсетіп, негіздейді.  

 

Л.И. Ефименкова, И.Н. Садовникова жұмыстарында тіл бұзылыстары бар 



мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  сөйлеу  тілі  бұзылыстарын  алдын  ала 

сақтандыру  жұмыстарына  және  баланың  сөзсіз  функциаларын  (ұсақ 

моториканы,  естіп  қабылдауын,  есте  сақтауын,  көріп  қабылдауын,  кеңістікті 

бағалауын, т.б.) қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. 

 

Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық 



жағы  жетілмеген  балаларды  мектепке  дайындау  барысында  сөйлеу 

функциясымен  қатар,  танымдық  процесстерін  дамытудың  қажеттілігін 

негіздейді.  Авторлар  сауат  ашу  әдістемесінің  негізіне  дыбыстың  айтылу 

артикуляциясының  күрделілігін  алып,  дыбыстарды  өту  кезектілігін  ұсынады. 

Оқудың  процессі  бірнеше  кезеңдерге  бөлінген.  Оқудың  барлық  кезеңінде 

артикуляцианы, фонематикалық қабылетін дамыту, дыбыстық – әріптік талдау, 

жинақтау жұмысы қатар жүргізіледі. 

 

Г.А.  Каше  зерттеулерінде  жазу  мен  оқудың  бұзылуы  мен  сөйлеу  тілінің 



дамуындағы  ауытқудың  байланысты  екенін  анықтап,  мектепке  дейінгі  ерте 

жастағы  балалардың  сөздің  дыбыстық  және  морфологиалық  құрылымын 

талдауын  дамыту  арқылы  сауат  ашуда  кездесетін  қиындықтарын  алдын  –  ала 

сақтандыруға  болатынын  дәлелдеді.  Бұл  жүйе  баланың  сөйлеу  тілін 

қалыптастырумен қатар жазуда кездесетін қателерден алдын – ала сақтандыру 

принципіне негізделген Г.А. Кашенің әдістемесі сөйлеу тілінің дыбыстық жағы 

мен фонематикалық қабылдауы жетілмеген мектепке дейінгі 7 жас арасындағы 

балалармен жұмыс барысында кеңінен қолданылады. 

 

Г.А.  Кашенің  әдістемесіндегі  дыбыстар  мен  әріптерді  өту  кезектілігін 



негізге  алып  Т.А.Ткаченко  сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  балаларды  сауат 

ашуға оқыту жүйесін ұсынады. 

 

Сауат  ашуға  оқыту  жүйесі  екі  жылға  есептелген  –  ересектер  және 



дайындық  топтарға  .  Бірінші  жылы  СТЖД  балалардың  әр  дыбыс  туралы 

түсініктері  қалыптастырылып,  дыбыстық  талдау  және  жинақтау  дағдылары 

жетілдіріледі. (әріптер өтілмейді) 


49 

 

 



Екінші жылы: - бірінші сабақтан бастап әріптерді өтеді; 

-  Дыбыстық  талдау  және  жинақтау  негізінде  сөздің  буындық  құрамын 

меңгереді; 

-  Буындап оқу дағдылары қалыптастырылады. 

Л.Ф.Спирова  мен  Р.И.  Шуйфер  сауат  ашуға  оқыту  жүйесінде  сөздің 

дыбыстық  –  буындық  құрамын  меңгеруге  ерекше  көңіл  бөледі,  әдістеме  екі 

кезеңнен тұрады: дайындық және әліппе кезеңі. 

Дайындық  кезеңінде  жалпы  сөйлеу  тілін  (сөздік  қорын,  грамматикалық 

жағын,  сөйлем  құрау  дағдысын)  және  дыбыс  айтуын  түзетуге  бағытталған 

жұмыс жүргізіледі. 

Әліппе кезеңі 4 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз міндеттері анықталған. 

Негізгі жұмыс бағыттары: 

-  Дыбыс және әріптерді меңгеру, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату

-  Сөздің дыбыстық – буындық құрамын талдау; 

-  кеспе әріптерден сөз құру; 

-  Көшіріп жазу, жатқа жазу; 

-  Кейбір жазу емлелерін меңгеру. 

Сауат  ашудың  бұл  жүйесі  сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  кіші  бастауыш 

сынып  оқушылары  мен  мектепке  дейінгі  СТЖД  ІV  деңгей  балалармен  түзету 

жұмыс барысында қолдануға болады. 

Н.В.Нищеваның  мектепке  дейінгі  СТЖД  балаларды  сауат  ашуға  оқыту 

жүйесінің  ерекшелігі  оқыту  процессінің  орта  топтан  бастап  жүргізілуі  болып 

табылады.  Орта  топтан  бастап  балалар  екі  ашық  буыннан  тұратын  сөздерді 

оқиды, дайындық тобында оған баспа әріппен жазу қосылады. Оқыту бірнеше 

кезеңге  бөлінеді.  Дыбыс  әріппен  бірге  өтіледі.  Оқытудың  барлық  кезеңінде 

фонематикалық талдау дағдысын қалыптастыру жұмысы жүргізіледі. Автор оқу 

мен жазудың бұзылуынан сақтандыруға ерекше көңіл бөледі. 

Жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балаларды  сауат  ашуға  дайындаудың 

кейбір аспектілері Қазақстандық авторлардың зерттеулерінде де қарастырылды. 

Қ.Қ.  Өмірбекова  мен  В.С.  Балқыбекова  қазақ  тілді  СТЖД  баланың  мектепке 

дайындығына  сөйлеу  тілінің  фонетикалық  жағының  қалыптаспауы  әсерін 

тигізеді  деп  көрсетеді(2001).  Мектепке  дейінгі  арнайы  тәрбиелеу  және  оқыту 

процессінде  СТЖД  балалардың  коммуникативтік  дағдысын  қалыптастырудың 

өзектілігі М.С.Грушевскаяның жұмыстарында қарастырылады. 

Жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  мектепке  дайындығының 

физикалық, интеллектуальдық және тұлғалық жақтарының әртүрлі деңгейлері, 

байқалатын  қиындықтардың  сипаттамасы  және  мектепке  дейінгі  жастағы 

СТЖД  балаларды  сауат  ашуға  оқытудың  тиімді  жолдары  З.А.Мовкебаева 

зерттеу жұмыстарында қарастырылады. 


50 

 

Сонымен  СТЖД  балаларды  сауат  ашуға  дайындау  мәселесі  бойынша 



қарастырылған  шетелдік,  отандық  авторлардың  ғылыми  –  тәжрибелік 

жұмыстарын талдау:  

-  СТЖД 

балалар 


сауат 

ашу 


дағдыларын 

меңгеруде 

әртүрлі 

қиыншылықтардың кездесетінін; 

-  Сауат  ашуын  меңгеруге  көптеген  факторлардың  (ауызша  сөйлеу  тілінің 

жағдайы,  сөзсіз  функциаларының,  танымдық  процесстердің  қалпі,  т.б.) 

әсерін тигізетінін; 

-  Түзету  –  педагогикалық  жұмыс  барысында  сөздің  дыбыстық  құрамын 

талдауға ерекше көңіл бөлу керектігін көрсетеді. 

 

Сауат  ашудың  алғышарттарын  дамытуға  бағытталған  жұмыс  түрлерін 



қарастырайық. 

 

 



Кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру 

 

 

Кеңістік пен уақыттың кезектілігін анықтауға арналған жаттығулар сөздің 



дыбыстық,  буындық  және  морфемдік  құрылымын  талдауға  негіз  болады. 

Сонымен қатар уақыт туралы ұғымдарын дамыту сөз қорын белсендіруге және 

етістіктің шарттарын түсінуге ықпалын тигізеді. 

 

Кеңістікті  бағдарлау  жұмысы  өзара  тығыз  байланысты  екі  бағытта 



жүргізіледі: 

-  Өз денесін бағдарлау, оң – сол дене мүшелерін ажырату; 

-  Қоршаған кеңістікті бағдарлау; 

Қоршаған бағдарлау жұмысын жүргізу барысында онтогенезде кеңістікті 

қабылдау және түсінігін ескеру қажет. 

Алдымен  бала  оң  –  сол  қолын  білуі  қажет,  соның  негізінде  дене 

мүшелерінің  оң  солын  айыра  бастайды.  Өз  денесін  бағдарлауын,  анықтауын 

дамытуға тапсырмалар: 

-  Оң қолыңды (аяғыңды, көзіңді) көрсет; 

-  Сол қолыңды (аяғыңды, көзіңді) көрсет; 

-  Оң қолыңмен оң аяғыңды көрсет; 

-  Оң қолыңмен сол аяғыңды көрсет, (көзіңді, сол құлағыңды) көрсет; 

-  Оң қолыңды көтер; 

-  Сол қолыңды алға ұста; 

-  Қарындашты оң қолыңмен ұста; 

-  Допты сол қолыңа ал, т.б.; 

-  Басыңды солға, оңға бұр; 


51 

 

-  Сол қолыңмен оң аяғыңды көрсет, (оң көзіңді, т.б.) көрсет; 



-  Алдымен  өзіңнің  оң  қолыңды,  сосын  менің  оң  қолымды  көрсет 

(логопед балаға қарсы тұрады); 

-  Қуыршақтың оң көзін көрсет; 

-  Қуыршақтың сол көзін (аяғын) көрсет; 

-  Суреттегі баланың (аюдың көзін, құлағын) көрсет; 

-  Солдан  оңға  қарай  заттарды  (кубик,  үшбұрыш  ойыншықтарды) 

орналастыру.  Бұл  тапсырманы  әртүрлі  вариантта  орындауға  болады. 

Алдымен ақ түсті, қызыл түсті кубиктерді орналастыру. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет