Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (IV деңгей) балалармен логопедиялық жұмыс ұйымдастыру (оқу әдістемелік құралы) Алматы 2014



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата14.10.2019
өлшемі0,87 Mb.
#49835
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Omirbekova


Ескерту:  барлық  тапсырмаларды  орындау  барысында  не  істедің  деген 

сұрақ қойып дұрыс жауабын талап ету керек. 

 

Кеңістікті бағдарлауға тапсырмалар: 

-  Оң қолды алға ұста; 

-  Алдыңда тұрған заттарды ата; 

-  Оң жағыңда тұрған заттарды атап шық; 

-  Сол жағыңда қандай заттар тұр; 

-  Артыңда қандай заттар тұр; 

-  Басыңды жоғары көтер, нені көрдің; 

-  Үстелдің үстінде не тұр? 

-  Сенің алдыңда кім тұр? 

-  Сенің артыңда кім тұр? 

-  Үстелге отырып оның оң, сол жағын табу; 

-  Үстелдің оң жағында, сол жағында отырған балалардың атын ата; 

-  Тақтаның  ортасында  ағаш  суреттерді  оның  оң  –  сол  жағына  нұсқау 

бойынша орналастыру; 

-  Өзіңнің оң, сол жағында отырған көршілеріңді ата; 

-  Қарсы  тұрған  адамның  схемасымен  танысу.  Оқушы  тақтаға  қарап 

тұрады да оң қолын көтереді, қалған балалар да оң қолын көтеру керек; 

-  Көтерген  қолын  түсірмей  отырған  балаларға  бұрылып  қарсы  тұрады. 

Отырған  оқушылар  көтерген  қолдарын  салыстырады,  қарсы  тұрғанда 

оң солдың айырмашылығын анықтайды; 

-  Екі  бала  қарама  –  қарсы  тұрып  бір  –  бірінің  оң  –  сол  қолдарын 

(көздерін) көрсетеді; 

-  Суретте бала қай қолын көтеріп тұрғанын, бұлғап тұрғанын анықтау; 

-  Көйлектің, шалбардың оң, сол қалталарын көрсету; 

-  Кеңістіктегі алдымен екі, сосын үш заттың орналасуын анықтау. Кітап 

дәптердің кай жағында жатыр (оң, сол жағында ма?) 



52 

 

Жұмыс  барысында  әртүрлі  фигуралар  мен  әріптердің  орналасуын 



анықтау өте маңызды. 

Тапсырмалар: 

-  Шеңберден кейін үшбұрышты қой; 

-  Төрт бұрыштан кейін нүкте қой; 

-  Нұсқауларды  орындау;  алдымен  нүкте  қой,  нүктенің  төменгі  жағына 

шеңбер сыз, т.б.; 

-  Заттың оң жоқ, сол жағын көрсету. 

Кеңістікті  бағдарлауды  жұмысын  жүргізуде  міндетті  түрде  кеңістікте 

білдіретін  сөздерді  түсінуге  және  белсенді  сөз  қорына  енгізуге  дұрыс 

пайдалануға  көңіл  бөлу  қажет.  Ондай  ұғымдарға  астында,  үстінде,  қасында, 

артында,  ішіде,  жанында,  т.б.  жатады.  Алдымен  оңға  –  солға  ұғымдары 

қалыптасады, ондай жағдайда балалар өздері оңға – солға бағытталған қимыл – 

қозғалыстар жасайды. Жалпы кеңістікті білдіретін ұғымдарды қалыптастыруда 

жеңіл  схемаларды  пайдалану  тиімді.  Ол  үшін  мынадай  тапсырмаларды 

қолдануға болады:  

-  Оқушы қимыл жасаған соң соған сәйкес схеманы табу. Мысалы, оқушы 

сол жаққа, оң жаққа қарай жүреді. 

 

 

 

 

Схемада  көрсетілгендей  қимыл  жасау.  Логопед  схема  көрсетеді,  бала 



жасайды.  

 

Схемаға сәйкес суреттерді табу. 



 

Біреудің істеген қимылының бағытын салып көрсету. 

 

Қимыл  бағытын  нұсқау  бойынша  қағазға  салып  көрсету.  Мысалы, 



машина  оңға  бұрылды,  солға,  т.б.  Қарама  –  қарсы  жүрді,  таудан  төмен  түсті, 

жоғары көтерілді, т.б. 

 

Мынандай графикалық схемаларды қолдануға болады: 



 

 

 

 

 

         төмен  

 

 

  қарама – қарсы                           жоғары 



 

 

 

 

53 

 

 



 

 

 

үстінде   

 

 

       астында 



 

 

         қасында 



 

 

Логопед кеңістікті білдіретін сөздерді айтады. Мысалы, астында, үстінде, 



төмен, т.б. бала соған сәйкес суретті схемамен табады.  

 

Уақытты бағдарлау 

 

Негізгі жұмыс бағыттары: уақыт, өлшемі туралы негізгі түсінігін анықтау, 



адамның  жас  мөлшері,  әр  түрлі  іс  –  әрекеттің,  болған  оқиғаның  кезектілігін 

бақылау және анықтау, сөз қорын молайту, белсендіру. 



 

Тәулік  

 

Тәуліктің  әр  кезеңіндегі  тамақтану  қалай  аталады  (таңғы  ас,  түскі  ас, 



кешкі ас) 

 

Тәуліктің схемасын құрастыру. Мысалы,  



таңертең 

түс 


түн 

түс 


 

Мына  сөздерді  пайдаланып:  кешке,  түсте,  күндіз,  кешке,  түнде,  сосын 

ерте, кеш, т.б. сөздерді пайдаланып оқушының күн тәртібін әңгімелеп беру.  

 

Уақыт  түсінігін  білдіретін  сөздерді  меңгеруін  тексеру.  Мысалы,  сен 



таңертең алдымен тамақ ішіп сосын бетіңді жуасың ба? т.б. 

 

Апта 

 

Апта аттарын атау.  



 

Таблица бойынша апта күндерін атау. 



 

 



 

  ? 


 

     бүгін  

 

 



 

 



 

 

 



Апта аттарын атау. 

 

Апта аттарын жазылған карточкалар (немесе белгілерді) реттеу. 



 

Текстті тыңдап, нүктенің орнына керекті сөздерді толықтырып айту. 



 

Түн мен күн 

 

-  Сенің атың түн бе? – деп сұрады Күн 

-  Менің атым түн. 


54 

 

-  Ертең сені қалай атайды? 



-  Қалай атаушы еді. Ертең де Түн деп атайды. 

-  Кеше сені қалай атады? 

-  Кеше де түн деп атады. 

-  Ал менің атым бүгін Сәрсенбі. 

.... Кеше сейсенбі деп атады .... 

.... Бейсенбі деп атайды .... 

 



 



Керекті сөздермен толықтырып сөйлемді толық айту. 

 

Мен ... кітап оқыдым. 



 

Мен ... кітап оқимын. 

 

Мен ... кітап оқып отырмын. 



 

Цифрлардың орнына апта атын атау 







 







 

Жыл мезгілі 

 



Жұмбақ шешу.  

 

 



 

Күн ысиды. 

Қар жауды. 

 

 



 

 

Жаңбыр жауады. 



Күн суытады.   

 

 



 

Шөп шабады. 

Мұз қатты. 

 

 



 

 

Бұл қай кезде болады? 



Бұл қай кезде болады? 

 

 



Жаңбыр жауады. 

Қар ериді. 

 

 

 



 

Жеміс піседі. 

Күн жылынады. 

 

 



 

Жапырақтар түседі, сарғаяды. 

Құстар ұшып келеді.  

 

 



Бұл қай кезде болады? 

Бұл қай кезде болады? 

 

Таблицаны дұрыс толтыр. 



 

 

жаз 



 

жаз 


 

 

 



 

жаз 


 

 

 



 

 

жаз 



 

 



Сурет бойынша жыл мезгілін атап, әңгімелеп беру. 

 



Суреттерді жыл мезгілінің кезектілігімен реттеу. 

 



“Дұрыс па, бұрыс па?” ойыны 

 

Логопед сөйлемді айтады, дұрыс болмаса бала алақанын ұрады. 



55 

 

 



Логопед:  Жазда шаңғы тептім. 

 

 



 

Жазда суға шомылдым. 

 

 

 



Қыста гүл тердім. 

 

 



Көктемде егін ордық. 

 

 



Күзде алма жинадық, т.б. 

 

Айлар 

 



Жыл мезгіліне байланысты ай аттарын атау. 

 



Сюжетті суретіне қарап жыл мезгілдерін анықтап, әңгімелеу. 

 



Кесте толтыру. 

 

Логопед ай аттарын ретсіз атайды. 



 

Балалар керек бағанға жазады. 

 

 

 



қыс 

көктем 


жаз 

күз 


 

 

 



 

 



 

Ай аттарын жазылған карточкаларды реттеп, айту. 



 

Отбасының жас ерекшелігі. 

 



Туыстық ұғымдарды, қарым – қатынасты түсіну. 

Ата – әкемнің әкесі 

Әке – атамның баласы 

Нұрлан – әкемнің баласы 

–  атамның немересі 

   


– Ерланның ағасы 

   


– Айдостың інісі 

Әже – әкемнің шешесі 

 

“Кім үлкен, кім кіші” ойыны. 



Мұрат Ерболдан үлкен, ал Болат кіші 

Кім үлкен? 

Кім кіші? 

 



Схемадағы суреттер бойынша туыстық қатынастарды атау. 

 

 



 

 

ата 


әже 

ата 


әже 

56 

 

 



 

 

 

 

 

 

 



Өз отбасы туралы әңгімелеу. Әңгімеде мына сөздерді қолдану керек: 

апа, ата, әже, әке, аға, іні, қарындас, үлкен, кіші. 

 

“Ойлан тап” – ойыны. 



 

Сымбат  5  жаста.  Ол  Самғаттан  4  жас  кіші,  Талғаттан  2  жас  үлкен,  кім 

кіші? 

 

Көріп қабылдауын және тануын қалыптастыру 

 

 

Жазбаша  сөйлеу  тілі  бұзылған  балаларда  көріп  қабылдау,  көргенін  есте 



сақтау  оптикалық  ұқсас  формаларды  ажырату  қиындықтары  кездеседі.  Бұл 

қиыншылықтарды түзету жұмысы мынандай бағыттарды жүргізіледі: 

көріп қабылдауын және танымын қалыптастыру; 



көріп есте сақтауын дамыту; 

көріп талдау және жинақтауын дамыту; 



 

Заттарды  көріп  тану  және  қабылдауын  дамыту  үшін  төмендегідей 

тапсырмаларды пайдалану қажет: 

 



контурмен бейнеленген заттарды атау; 

 



контурмен  бейнеленген  бірінің  үстіне  салынған  немесе  сызылған 

заттарды танып атау. 

 

Алдымен ондай тапсырмалар заттарды танып қабылдауға беріледі, содан 



соң сондай тапсырмаларды әріптерді танып, қабылдауға беріледі. 

 



Бір әріпті басқа әріптердің арасынан табу; 

 



Әр түрлі шрифтты (баспа, жазба) әр түрлі көлемде берілген әріптерді 

салыстыру, тану. 

 

Мысалы,   А 



А   

а а 


 

 

 



Бб   

б б   


 

 

   



Г г   

г Г 


 

Балаға таныс үсті сызылған әріптерді оқу. 



 

Қисық орналасқан әріптерді оқу. 



 

Бірінің үстіне бірі түскен әріптерді оқу. 



   

А   Б   З   П   А   О 

әке 

апа(мама) 



ұл 

бала 


қыз 

ұл 


57 

 

   



Ұ  О  Ә  Қ  Ң 

 



Контур бойынша әріптерді жазу (үстінен жүргізу). 

 

Көріп есте сақтау 

Тапсырмалар: 

 

“не жоғалды” ойыны. 



 

Үстел  үстіне  бірнеше  зат  (ойыншық)  қояды.  Балалар  қарап  естеріне 



сақтау керек. Сосын байқатпай біреуін алады. Балалар қандай заттың 

жоқ екенін табу керек. 

 

Логопед  бірнеше  суреттер  (заттар,  әріптер,  цифрлар)  көрсетеді.  Бала 



соның 3 – 4 есте сақтап көп заттың ішінен соларды таңдап алу керек. 

 



“не  өзгерді”  ойыны.  Адам  заттардың  орнын  ауыстырып  қояды, 

балалар не өзгергенін табу керек. 

 

Тақтаға бірнеше сурет қояды. Содан соң суреттер алынып тасталады. 



Балалар сол реттен қайта қою керек. 

 



Нұсқау бойынша әріпті (фигураны, цифрды, суретті) ретімен қою. 

 

Логопед:  3, 5, 9, 2 



 

 

 





 

 



 

 

 



 

Ө   Ң   Қ   Т   Ш   т.б. 

 

Тапсырмаларды  орындау  барысында  орындаған  тапсырмаларды  сөзбен 



айтып, ойын толық жеткізуге көңіл бөлу керек. 

 

Көріп талдау және жинақтауын дамыту 

 

 

Бұл бағыттағы жұмыс кеңістікті бағдарлауын әсіресе әріптің графикалық 



элементтерінің  кеңістікте  орналасу,  әріптердің  ұқсас  және  айырмашылығын 

анықтаумен тығыз байланысты жүргізіледі. 

 

 

Тапсырма түрлері: 

 



Сурет,  контур  бойынша  заттың  бөлшектерін  анықтау.  Мысалы, 

орындықтың арқасын, машинаның кабинасын, ұшақтың қанатын, т.б. 

 

Әр  түрлі  формаларға  ұқсас  заттарды  іріктеу.  Мысалы,  төртбұрышқа, 



шеңберге, үшбұрышқа ұқсайтын заттарды берілген суреттерден табу. 

Суреттер: телевизор, алмұрт, доп, үстел, дәптер, т.б. 

 

Қиылған  суреттерді  жинақтап  құрастыру  (үлгі  бойынша  немесе  өз 



бетімен жинақтау) 

 



Ұқсас әріптерді табу 

58 

 

  Г 



 

К 

 



У 

 

Р 



 

С 



 

Кестеден табу. 

  Ла 

 

ЛМ   



в з 

 

ұ ү 



  Ы 

 

г т 



 

н п   


у а 

  Цц 


 

х у   


и п   

ә т 


  Жх   

ш щ   


о р    

н ң 


 

Фигураны немесе әріпті берілген үлгі бойынша салу. 



 

Таяқшалардан,  сіреңкенің  шиінен  әр  түрлі  фигураларды,  әріптерді 



құрастыру.  Бұл  жұмыс  түрлерін  төмендегідей  кезектілікпен  жүргізу 

қажет. 


-  Үлгі бойынша; 

-  Алдымен көрсетіп, содан соң еске сақтап құрастыру; 

-  Нұсқау бойынша құрастыру. 

 



Керісінше бейнеленген әріптердің арасынан дұрысын табу. 

 



Үлгі бойынша фигураның жетіспеген элементін толықтыру. 

 



Өз бетінше заттың жетіспеген элементін толықтыру. 

 



Әріптің жетіспеген элементін толықтыру: 

-  үлгі бойынша есте сақтап; 

-  өздігінше (түсінігі бойынша); 

-  нұсқау бойынша. 

 

Мысалы, (Б) әріпін толықтыру 



 

 

С(е)   



(з) 

 

(р) 



 

(ю), т.б. 

 

Элементтерді өзгертіп бір әріптен екінші әріпті жасау: 



  р дан – в;  - в; т.б. 

 



Элементтері  бірдей,  кеңістікте  орналасу  айырмашылығы  бар 

әріптерді, фигураларды ажырату. 

  Р – 6,  

г – т,   

и – п 

 

Баланың сукцессивтік қабілетін дамыту. 

 

 

Сукцессивтік  қабілетті  дамытуға  арналған  жаттығулар  қимыл,  кеңістік, 



уақыт,  сөйлеу  кезектілігін  есте  сақтап,  жоспарлап  іс  жүзінде  іске  асыруға 

бағытталады. 

 

 

Қимыл кезектілігін есте сақтап жоспарлауға жаттығулар: 



 

Әртүрлі қадамдық (2-3-4-5) нұсқауларды орындау. 



 

Есте  сақтау  (сөзбен  берілген  нұсқауды),  сүйеніш  белгілері  бойынша. 

Мұндай  жаттығуларды  бөлмеде,  аулада,  қағазға  сызып  ойын  түрінде  өткізуге 


59 

 

болады.  Мысалы,  “Адасқан  балаға  жол  табуға  көмектесейік”  ойыны.  Оған 



нұсқау  беріледі.  Алдымен  солға  жүрсең,  онда  үй  тұр,  үйден  тура  жүрсең 

көпірден өтесің, көпірден төмен жүріп жолға шығасың, т.б. 

 

“Телефон”  ойыны.  Егер  бала  цифрларды  танымаса  геометриялық 



фигуралармен  белгілеуге  болады.  Белгілі  бір  кезектілікті  еске  сақтап  бала 

телефон  соғуы  керек.  Логопед,  24765,  немесе 

О



О∆.  Кеңістік  кезектілігін 

қайталау  талдау  дағдыларын  дамыту  үшін  әртүрлі  ойын  тәсілдерін  қолдануға 

болады.  Тапсырмалар  алдымен  үлгі  бойынша,  содан  соң  есте  сақтап 

орындалады. 

 

Түрі, формасы әр түрлі моншақтары жинау; 



 

“Не өзгерді” 3-6 заттың ретіндегі өзгерістерді анықтау; 



 

Карточкалардың ішінен бірдей карточкаларды табу; 



 

Қай  зат  қалай  тұрғанын  есте  сақтап,  дәл  солай  орналастыру.  Жас 



ерекшелігіне, жеке басына т.б. байланысты заттар саны алынады. (3-6) 

 

Уақыт кезектілігін анықтап еске, еске сақтауға жаттығулар: 



 

Үлгі бойынша немесе схема бойынша әртүрлі ритмдерді қайталау. 



 

“Таңғы зарядка” 3-6 дейін жаттығуларды қайталау. 



 

Тәулік,  апта,  жыл  мезгілінің  кезектілігін  анықтап  еске  сақтауға 



бағытталған әртүрлі тәсілдер мен ойын түрлері. 

 



Сериялы  сурет  кезектілігін  анықтап  әңгімелеу.  Сөйлеуде  кезектілікті 

анықтап сақтауға жаттығулар: 

 

“Білмеске көмектесейік” ойыны. Кезектілігін анықта. 



 

“Қатесін түзейік” ойыны. Сөйлемдегі сөздің ретін анықтау. 



 

Сөздерді есте сақтау. 



 

“Шалқан”, “Бауырсақ” ертегілерендегі кезектілік. 



 

“Қосып  қайтала”  ойыны.  Бала  бір  сөз  айтады  2-ші  бала  ол  сөзді 



қайталап өзінің сөзін қосады, 3-ші бала екі сөзді қайталап өзінің сөзін 

қосады. Ойын солай жалғаса береді қателескен бала ойыннан шығады. 

 

“Шатаспаймын” ойыны. Бала (10 – 20 ға) шейін санау керек. Бірақ әр 



екі саннан кейін “шатаспаймын” деген сөзді қосып отырады. Мысалы, 

1,2, шатаспаймын, 3, 4, шатаспаймын, т.б. 

 

Зейін дамыту, шоғырландыруға жаттығулар: 



Көз  айырмай  құрлысқан  сызықты  басынан  аяғына  шейін  бақылау.  Ол 

үшін  “Қоян  сәбізге  қалай  жетеді”,  “Кім  кіммен  телефонмен  сөйлеседі”,  т.б. 

ойындар. 

Бірдей суретті (фигураны, санды) табу. 

 



 



О 

 



О 

 



60 

 



 

О 



 

 



О 

 



 

О 



 



 

 



“Кім тез, дұрыс санайды” цифрларды тауып ретімен санап шығу. 

 



11 






10 

12 



 

 



Алфавит ретімен әріптерді тауып атау. 

 

а 



г 

д 

в 



з 

ж 

и 



б 

к 

о 



л 

п 

м 



п 

р 

 



 

Бір түсті әріптерді ғана тауып, атау. Әріптер әр түспен беріледі. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тек бас әріппен жазылған әріптерді тауып атау. 



 

 

 



 

 

Қолдың  ұсақ  моторикасын  дамытуға  арналған  жаттығулар  мен 



тапсырмалар: 

 



 

Ұсақ заттарды (түйме, бұршақ, күріш, т.б) жинау; 

 

Аяқ киімнің бауын байлау; 



 

Картон  қағазға  геометриялық  фигураларды  жапсырып  (әріпті, 



цифрды) қыстырғыштағы фигураны тауып қыстыру; 

 



Бұршақтан  сурет  салу,  қағазға  әртүрлі  фигуралар  салып,  үстіне 

бұршақты жапсыру. 

 

Мозаика. Түрлі түсті қағазды бала ұсақтап жыртып, соларды қағазға 



желімдеп мозаика құрастырады. 

 



“Қоршау”.  Бала  қағазға  горизоталды  сызықтар  сызған  сайын  буын 

немесе сөз айтады. 

 

Квадрат сызып, оның оң жағына бір нүкте қою, сол жағына екі нүкте 



қою. 

 



Текшені  қағаз  бетінің  ортасына  қою,  оның  жоғарғы  жағына 

шеңберді, төменгі жағына квадратты қою. 



61 

 



 

Логопедтің қимылдарын (саусақты ашу, жабу, т.б.) қайталау. 

 

Траффарет бойынша бойынша сурет салу, бояу. 



 

Сіреңкенің шиінен үй салу. 



 

Көңілді қарындаштар. Әр түсті қарындаштарды алдымен оң қолымен 



сол қолының уысына, содан соң, сол қолымен оң қолға жинау. 

 



Лабиринт.  Сызылған  лабиринттің  үстімен  саусағымен  жүріп  шығу. 

Қимылды сөз, сөйлемді айтумен қоса жүргізуге болады. 

 

Екі қолмен бірдей сурет салу (әріп, цифр жазу). 



 

Мотор. Жұдырықты түйіп қойып айналдырамыз. Алдымен оң қолды, 



сосын сол қолды, сосын екеуін бірдей. 

 

Сонымен  қатар  ұсақ  моторикасын  дамыту  барысында  (апликация) 



жабыстыру,  құрастыру,  штрихтау,  оригами,  сурет  салу,  қайшымен  жұмыс 

түрлері кеңінен қолданылады. 

 

 

 



Қорытынды 

 

1.Сөйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  балалармен  (IV  деңгей)түзету-педагогикалық 

жұмысты  ұйымдастырудың  ғылыми  –әдістемелік  негіздер"тақырыбы  аясында 

көзделген мақсат миндеттері толық орындалды. 

2.Зерттеу  нәтежесінде  алынған  деректер  мен  мағлұматтардың  жалпы  бағыты 

арнайы әдебиеттердегі деректерге сәйкес келеді. 

3.Зерттеу жұмысының негізгі бағыттары бойынша: 

-Заманауи арнайы әдебиеттердеги деректерді ескере отырып сөйлеу тілінің 

дамуының IV  деңгейдегі балалардың  психологиялық-педагогикалық 

сипаттамасы суреттелді; 

- IV деңгейдегі балаларды жалпы тексеру әдістемелері 

жүйеленіп,толықтырылды. 

-Қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып СТЖД  

балалармен жүргізілетін дыбыс айту  сабактарында дыбыстарды  оқыту 

кезектілігі анықталды; 

-Алғашқы рет сөйлеу тілінің лексикалық –грамматикалық жағын дамыту 

жұмысының мазмұны анықталды,атап айтсақ СТЖД балаларға қолжетімді 

сөзжасам жұрнақтарының түрлері жүйеленіп,ұсынылды; 

-Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру,дамытудың кейбір тиімді тәсілдері 

іріктеліп негізделді; 



62 

 

-5 – 6 жастағы СТЖД  балалардың сауатын ашуға қажет алғышарттарының 



жағдайын анықтауға бағытталған жеке зерттеулер жүргізіліп, алынған 

деректерге сандық,сапалық талдау жасалып,қорытындыланды; Зерттеу 

нәтижесінде алынған мағлұматтар логопедиалық жұмыс мазмұнын анықтап 

жүйелеуге ескерілді  

-СТЖД балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс бағыттары бойынша 

тапсырмалар,жаттығулар,ойын түрлері,сабак  үлгілері құрастырылды; 

-СТЖД балалармен жүргізілетін түзету жұмыс бағдарламасы дайындалды; 

-СТЖД балалармен  логопедиялық жұмыс ұйымдастыру"тақырыбына 

әдістемелік құрал дайындалды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет