2. Сөйлеу тілінің IV деңгейіндегі балаларды тексеру
Сөйлеу тілі дамымаған балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің
ерекшіліктерін анықтауға және оларды қалыптастыруға бағытталған арнайы
зерттеулерде
бір-бірімен
тығыз
байланысты
сөйлеу
және
сөзсіз
функцияларының толық жетілмегендігі байқалатынын анықталған. Түзету-
педагогикалық жұмыс жүргізу барысында олардың тек жеке бір функциясын
басқа функциялармен байланыссыз дамытудың тиімсіз екені көрсетілген.
Сондықтан да сөйлеу тілі дамымаған балалармен түзету жұмысын тиімді
жүргізу үшін оларды жанжақты тексерудің маңызы зор.
СТЖД(IV-деңгей) балаларды тексерудің негізгі міндеттері:
-баланың сөйлеу тілін әрі қарай дамытып жетілдіруге негіз болатын тілдің
сақталған компонентерінің жағдайын анықтау;
-баланың сөйлеу тілінің дамымауының сақталған белгілерін көрсететін деңгейі
мен сипатын анықтау;
-cөйлеудің толық дамуына қажетті психикалық және сөзсіз функцияларының
даму ерекшеліктерін анықтау жатады;
Логопедиалық тексерудің түрлері, кезеңдері, әдістері, қағидалары,
бағыттары бірдей, олар алдыңғы жұмыстарда толықтай қарастырылған( СТЖД
II-деңгейдегі балалармен түзету жұмысын ұйыдастыру 2014). Әр бағыт
бойынша тапсырмалар жүйеленіп жинақталған.
СТЖД (IV деңгей) балаларды тексеруде ескерелетіні:
-сөздік материалдар мен тапсырмалардың басқа деңгейдегі балаларға
ұсынылатын материалдарға қарағанда күрделірек болуы;
13
-сауат ашудың алғышарты ретінде қарастырылатын сөзсіз функцияларының
даму жағдайының толығырақ тексерілуі;
Сөйлеу тілі дамуының IV деңгейіндегі балаларды тексерідің негізгі
бағыттары:
дыбыс айтуы
фонематикалық қабылдауы
сөздің дыбыстық – буындық құрамын айтуы
сөйлеу жылдамдығы әуезділігі
артикуляциалық аппараттың жағдайы
артикуляциалық моторикасы
саусақтардың ұсақ моторикасы
жалпы моторика
сөз қоры
сөйлеу тілінің грамматикалық жағы
қарым – қатынас деңгейі
байланыстырып сөйлеуі
көру гнозисі
оптикалық кеңістік праксисы
есте сақтауы (мнестикалық іс - әрекет)
зейіні
ойлауы
танымдық іс – әрекеті
баланың жалпы даму деңгейі
Зерттеу нәтижесінде әрбір бағыт бойынша алынған мағлұматтар
талданып бағаланады. Бағалау барысында әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады
(көрсеткіш түрлерін немесе балл бойынша).
IV деңгейдегі балалаларды тексеру барысында бұрынғы жүйеленген
әдістемелерге қосымша күрделеніп берілген тапсырмалар қолданады.
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын тексеру үшін дәстүрлі әдістемелер
пайдаланылады. Тексеру барысында дыбысты сөзде, сөйлемде, ауызша
байланыстырып сөйлеуде қалай айтылатын анықтау маңызды. Сонымен қатар
сақталған дыбыстарды, бұзып айтылатын дыбыстарды ажыратуына, анық
айтылуына, сөйлеу жылдамдығына, сөйлеу кезіндегі тыныс алуына ерекше
көңіл бөлу қажет.
Дыбыс айтуын бағалауда төмендегідей тәсілді қолдануға болады.
Дыбыс айтуы
Балл
Дыбыс айтуының даму
14
деңгейі
Ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс
айтады. Естігенде, айтқанда дыбыстарды
дұрыс
ажырата
алады.
Сөйлеу
жылдамдығы және сөйлеу кезіндегі тыныс
алуы жақсы.
3
жоғары
Дыбыстарды айтуы, ажыратуы тұрақсыз,
кейбір дыбыстарды анық айтпайды.
2
орташа
Дыбыс
айтуы
мен
ажыратуында
кемшіліктер, ақаулықтар бар. Сөйлеу
жылдамдығы мен тыныс алуын қадағалай
алмайды
1
төмен
Фонематикалық қабылдауын тексеру.
1. Ұқсас дыбыстардан тұратын буындарды қайталау:
ба – па – ба
па – ба – па
қа – ға – қа
ға – қа – ға
за – са – за
са – за – са
ша – жа – ша
жа – ша – жа
та – тә – та
тә – та – тә
са –ша – са
ша – са – ша
са – ца – са
ца – са – ца
щә – чә – щә
чә – щә – чә
ла – лә – ла
лә – ла – лә
2. Ұқсас дыбыстарды ажырату (сурет бойынша айтқызу)
доп – топ
құлақ – тарақ
сағыз – сегіз
парта – балта
доға – таға
шал – шар
тырна – тырма
қыс – қыз
шеге – шеке
қасық – қазық
тор – төл
15
Фонематикалық талдау және жинақтауын тексеру
1. Сөздің бастапқы дыбысын анықтау:
асық
арба
орындақ
оқтау
әтеш
өшіргіш
ине
үйшік
2. Сөздегі соңғы дыбысты анықтау:
от
ағаш
қалам
бөрік
доп
плащ
құлын
тарақ
3. Сөздің басындағы дауыссыз дыбысты анықтау:
май
сағат
бал
тырна
доп
щетка
қол
цирк
4. Сөздегі дыбыстардың кезектілігін анықтау:
қол
шана
тал
бота
нан
дала
лақ
мата
5. Сөздегі дыбыстардың санын анықтау:
бас
мысық
тор
кесе
көл
банан
хат
алма
Сөз түсінігін тексеруі:
-тақырыптар бойынша сөздерді, жалпылама сөздерді түсінуін;
-зат есімнің кішірейтіп-еркелетіп айтатын және септік жалғауларды түсіну
қабылетін;(Суреттен көрсету)
қала-қалашық
бота-ботақан
көл-көлшік
бала-балақай
-септік жалғаулардың мағынасын түсінуін;(Суреттен көрсету)
Бала мектепке бара жатыр
Бала мектептен келе жатыр
Құс тордан ұшты
16
Құс торда
Құс тордың үстінде
-сөйлемді түсінуін;
Торғай биік ағаштың бұтағына қонды
Торғай аласа ағаштың бұтағына қонды
Күшік мысықты қуып келеді
Алдында кім келеді?
Белсенді сөз қорын тексеру
- “Құстар”, “үй жануарлары”, “аңдар”, т.б. тақырыптары бойынша
заттардың аттарын атау, жалпылама сөздерді қолдану;
- Дененің, заттың бөлшектерін сурет бойынща атау;
Шынтақ
Алақан
Желке
Маңдай
Мотор
Кабина т.б.;
- Етістік сөздерді қолдануы(сұраққа жауап беру);
Не қалай дауыстайды?
Қарға(қарқылдайды)
Жылқы(кісінейді)
Қой(маңырайды)
Жылан(ысылдайды)
Тігінші не істейді?
Дәрігер не істейді?
Сауыншы не істейді?
- Етістіктің шақтарын меңгеруі (сурет бойынша сөйлем құрау);
Бала сурет салып отыр
Бала сурат салды
Бала қолын жуып жатыр
Бала қолын жуды
- Сын есімдерді қолдануы;
Тустерді атауы:
Қызыл
Сары
Жасыл
17
Көк
Көкшіл
Күлгін
Қызғылт
Ақ
Қара
Сұр
Қоңыр
- Жануарлардың төлдерін атау
Сиырдың төлі -
Жылқының төлі-
Қойдың төлі-
Ешкінің төлі-
Түйенің төлі-
- Түрлерді атау(сұрақ, сурет бойынша)
Терезе(төртбұрышты)
Лимон(сопақ)
Телевизор(тікбұрышты)
Ай(дөңгелек)
- Антоним сөздерді атау
Ыстық-
Жеңіл-
Ұзын-
Алу-
Кіру-
Салақ-
- Зат есімнің көптік жалғауын қолдануы
Ағаш-
Шелек-
Бала-
Гүл-
- Септік жалғауларды қолдануы(сурет бойынша)
Бала кімге гүл берді?
Қыз суретті немен салып отыр?
Балада не бар?
Суретте нені көріп тұрсың?
Бала кіммен келе жатыр?
18
Шашты немен тарайсың?
Ит қайда жатыр?
- Кішірейтіп-еркелетіп айтылатын жалғауларды қолдануы.
Бала – балақай
Көл – көлшік
Жолақ – жолақша
Кітап – кітапша
Қап – қапшық
- Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтарды қолдануы (қыш – кіш,
ғыш - гіш)
Жап – жапқыш
Өшір – өшіргіш
Сыпыр – сыпырғыш
Ескерт – ескерткіш
- Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтарды қолдануы (дай – дей, тай –
тей, сыз - сіз)
Тау – таудай
су – сусыз
Құс – құстай
кітап – кітпсыз
Бала – баладай
тәртіп – тәртіпсіз
- Етістіктерден сын есім тудыратын жұрнақтарды қолдануы (шақ, шек)
Мақтан – мақтаншақ
Ерін – еріншек
Сөйлем құрауы.
Әдістемелік нұсқау. Сөйлем құрау дағдысын анықтау үшін арнайы
әдебиеттерде
қарастырылған
тапсырмалар
қолданады.
Тексеру
барысында бала қандай сөйлем түрлерін белсенді сөйлеуде
қолданатынына, қандай қателер жіберетініне көңіл аудару керек.
Тапсырмалар:
- Берілген сөздерден сөйлем құрау (бала, мектеп, барды)
- Ретсіз берілген сөздерден сөйлем құрау
- Сурет бойынша сөйлем құрау
- Сөйлемді аяқтау (Ағам бүгін сабаққа бармады, өйткені ол,... ауырып
қалды)
- Сөйлемдегі қатені табу.
Қарым – қатынас деңгейін бағалау.
19
Әдістемелік нұсқау. Баланың коммуникативтік дағдысын анықтау үшін
оның еркін қатынас әрекетін бақылау керек. Бағалау барысында оның қатынас
түріне, ынтасына, диалогқа қатысу біліктілігіне, диалогты жалғастыруына,
тыңдауына, түсінуіне, өз ойын жеткізе алуына көңіл бөлу қажет.
Баланың коммуникативтік дағдысын келесі көрсеткіштер бойынша
бағалауға болады.
Бала қарым – қатынасты белсенді,
тыңдай білді және айтқанды түсінеді,
жағдайға байланысты балалармен,
үлкендермен қарым – қатынас жасай
алады, өз ойын нақты, дұрыс жеткізе
алады, сөйлеу этикетін сақтайды.
3
Жоғары
Үлкендердің ынтасымен бала сөзді
тыңдайды, түсінеді, қатынасқа түседі,
сөйлеу этикетін сақтауы тұрақсыз
2
Орташа
Балалармен, мұғаліммен қатынасы
төмен, белсенділік танытпайды, аз
сөйлейді, зейіні тұрақсыз, сөйлеу
этикетін сақтамайды, өз ойын толық,
кезектілікпен жеткізе алмайды.
1
Төмен
Баланың байланыстырып сөйлеуін тексеру.
Әдістемелік нұсқау. Байланыстырып сөйлеу деңгейін анықтау үшін мынандай
әдістерді қолдануға болады:
- Шағын көлемді мәтін, ертегілердің мазмұнын айту
- Ілеспелі, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру
- Еркін тақырыпқа әңгімелеу (демалысты, мейрамды қалай өткіздің, т.б.)
Баланың байланыстырып сөйлеуін келесі көрсеткіштер бойынша
бағалауға болады.
Байланыстырып сөйлеуін бағалау (мәтін бойынша)
1
Мәтінді түсіну Негізгі ойын дұрыс жеткізе алуы
20
2
Мәтінді құруы Мәтіннің мағынасын нақты және кезектілігін сақтап
айту
3
Лексика
Мәтендегі лексиканы толық пайдалануы, автордың
сөздерін өз сөзімен алмастыруы
4
Грамматика
Сөйлемді дұрыс құруы, күрделі сөйлемдерді
қолдануы
5
Сөйлеу
ырғақтылығы
Мазмұнын айту кезіндегі мұғалімнің көмегі, есіне
түсіріп айтуы, мәтінді қайта оқуға мұқтаждығы
Сурет бойынша әңгіме құрастыруда келесі көрсеткіштерге көңіл бөлу қажет:
- Әңгіменің толықтылығына (барлық кейіпкерлерді, олардың іс –
әрекеттерінің аталуы)
- Әңгіменің нақтылығы (суреттің мазмұнына сәйкес келмейтін оқиғаларды
өзтұрғысынан қосып айтуы)
- Суреттегі оқиғалардың себеп – салдарын дұрыс түсініп жеткізуі
- Әңгіменің логикалық кезектілігінің сақталуы
- Лексикалық – грамматикалық сөйлем тілінің жақтарын дұрыс пайдалануы
(сөз қоры, сөйлем құрауы)
СТЖД (IV-деңгей) балаларды түзету дамыту үрдісінде сауат ашуға
дайындау жұмысы ерекше орын алады. Сауат ашуға дайындау оқу мен жазу
дағдыларын қалыптастыру деп саналады. Ал сауат ашуға сапалы дайындау
ауызша сөйлеу тілі, фонематикалық естуі мен қабылдауы толық дамыған
жағдайда ғана мүмкін болады.
Қазіргі кезеңдегі арнайы зерттеулерде СТЖД балалардың (жазу, оқу
дағдыларының) бір-бірімен тығыз байланысты сөйлеу және сөзсіз
функциялардың (18, 19, 20)толық дамымауының байқалатынын атайды. Жұмыс
барысында тек жеке бір функцияны басқа функциямен байланыссыз дамытуды
тиімсіз деп есептейді. Сондықтан тексеру барысында баланың сауатын ашудың
алғышарттарын тексеруге ерекше көңіл бөлу қажет.
Сөзсіз функциалардың жағдайын немесе жазудың функциональды
негізін(базисін) анықтау барысында қарастыратындар:
- Кеңістікті бағдарлауы;
- Көріп қабылдауы, талдауы;
- Қолдың ұсақ маторикасы;
- Уақытты бағдарлауы;
- Когнетивті функциалар(зейіні, есте сақтауы, ойлауы, қабылдауы).
21
Кеңістікті бағдарлауын анықтауға арналған тапсырмалар
1 тапсырма. “Дұрыс орында”
Мақсаты: Кеңістікті білдіретін сөздерді түсінуін анықтау.
Нұсқау: Мен айтқан нұсқауларды мұқият тыңдап дұрыс орындауың керек.
- Қаламды дәптердің үстіне қой;
- Қаламды дәптердің астына қой;
- Қаламды дәптердің арасына қой;
- Қаламды дәптердің жанына қой;
- Қаламды кітаптың алдына қой;
- Қаламды кітаптан алыс қой;
- Қаламды дәптерге жақын қой;
Тапсырманы орындауда бала қандай сөздерде қате жібергеніне көңіл бөлу
керек.
2 тапсырма. “Қайда қойдым”
Мақсаты: Балаланың қимылды білдіретін сөздерді өзбетімен атауын анықтау.
Нұсқау: Мен істеген қимылды айтып отырасың немесе қаламды қайда
қойғанымды айтасың.
Логопед қаламды кітаптың астына қояды да, қалам қайда жатыр?- деп
сұрайды. Сөйтіп қаламды кітаптың үстіне, арасына, жанына, т.б. қояды.
3 тапсырма. “Оң ба, сол ма?”
Мақсаты: Оң, сол жақты білуін, ажыратуын анықтау.
Нұсқау: Мен айтқан нұсқауды орында.
- Алдымен оң, сосын сол қолыңды көрсет;
- Оң, сосын сол қолыңды көтер;
- Оң, сосын сол аяғыңды көрсет;
- Алдымен оң, сосын сол аяғыңды көтер;
- Оң, сосын сол көзіңді көрсет;
- Оң, сол құлағыңды көрсет.
4 тапсырма. “Не бар?”
Мақсаты: Жақын аймақты бағдарлауын анықтау.
Нұсқау: Мен қойған сұраққа жауап бер.
- Сенің сол жағыңда не бар?(үстел)
- Оң жағыңда не бар?(шкаф)
- Машинаның оң жағында не бар?(доп)
- Машинаның сол жағында не бар?(қуыршақ)
- Сол жағыңдағы затты көрсет;(қасық)
- Оң жағыңдағы затты көрсет;(кесе)
22
5 тапсырма. “Дұрыс көрсет”
Мақсаты: Оң,сол жағын бағдарлауын анықтау.
Нұсқау: Логопед шанышқыны тарелканың сол жағына, қасықты оң жағына
қояды да тарелканың оң жағында(сол жағында) тұрған заттарды көрсетуін
сұрайды.
6 тапсырма. “Дұрыс орында”
Мақсаты: Оң, сол жақтарын ажыратуын анықтау.
Нұсқау: Мен айтқан тапсырманы тыңдап ал да, дұрыс орында. Сосын не
істегеніңді айтып бер. Егер екі сатыдан тұратын нұсқауды бірден орындай
алмаса, сұрақ қою керек.
- Допты оң қолыңа ал да, сол қол жағына қой;
- Машинаны сол қолыңмен ал да , оң қол жағыңа қой;
Нұсқауды орындаған соң доп машинаның оң жағында, әлде сол жағында тұр
ма? – деген сұрақ қояды.
7 тапсырма. “Хед сынағы”
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлау қабілетін анықтау.(Тапсырманы екі вариантта
жүргізуге болады)
I-варианттың нұсқауы:
- Сол қолыңды көтер, оң көзіңді көрсет, сол аяғыңды көрсет;(егер
тапсырманы дұрыс орындамаса, келесідей нұсқау беруге болады)
- Сол қолыңмен оң құлағыңды көрсет;
- Оң қолыңмен сол көзіңді көрсет;
- Оң қолыңмен сол құлағыңды көрсет.
II-вариант.
Баланы қарсы отырғызып әртүрлі қимылдарды қайталау:
- Сол қолыңмен оң қолағыңды ұста;
- Оң қолыңмен сол құлағыңды ұста;
- Сол қолыңмен оң көзіңді жап;
- Оң қолыңмен сол көзіңді жап.
Бұл тапсырмалар орындалуын қадағалауда логопед, жіберген қателердің
себебін анықтауға көңіл бөлуі қажет. Ондай қателер кеңістік праксисының
бұзылу немесе психикалық белсенділігінің төмендігінің салдарынан болуы
мүмкін.
8 тапсырма. “Үй”
Мақсаты: Кеңістікті қабылдауын, ерікті зейіннің даму деңгейін, үлгіні қайталау
мүмкіндігін анықтау.
23
Нұсқау: Логопед балаға үйдің суретін көрсетіп қағазға нақ солай салуын
өтінеді. Суретті салып болғансоң “Бәріне дұрыс салдың ба?” – деп сұрайды.
Егер қатесі болса оны түзетуге уақыт береді.
Тапсырманың орындалуын бағалауда төмендегідей қателерге көңіл бөлу керек:
- Барлық элементтердің дұрыс салынғанына;
- Элементтерді тастап кетуіне, алмастыруына;
- Сызықтардың түзулігін, арасындағы үзілістердің болмауына;
9 тапсырма. “Суреттен дұрыс көрсет”
Мақсаты: Заттардың кеңістікте бір-біріне қатысты орналасуын анықтау.
Нұсқау: Суретке қарап, сұраққа дұрыс жауап бер.
- Ағаштағы биікте отырған құсты көрсет;(қай құс биікте отыр?)
- Төмедегі отырған құсты көрсет;
- Жақын отырған құсты көрсет.
10 тапсырма. “Жауап бер”
Мақсаты: Кеңістікті бағалау, ойлау қабылдауын анықтау.
Нұсқау: Мен саған бірнеше сұрақ қоямын:
- Құс биік ұша ма, әлде ұшақ биік ұшады ма?
- Ағаш биік пе, әлде 20 этажды үй биік пе?
- Саған не жақын тұр?(орындық,терезе)
Көру функциаларын тексеру
1. Көріп тануын тексеру.
Тапсырма: “Суреттегі затты ата”
Мақсаты: Көріп қабылдауын, тануын тексеру.
Нұсқау: Суретке мұқиат қарап, заттары ата.
Тақырыптық топтар бойынша(жеміс, көкөніс, киім, ыдыс) суреттегі
заттарды атау.
ІІ вариант.
Пунктармен сызылған заттарды атау.
ІІІ вариант.
Кеңістікте әртүрлі орналасқан, немесе үстінен сызық жүргізілген
заттарды атау.
2. Көріп талдауын тексеру.
Тапсырма: “Суретші нені ұмытты?”
Мақсаты: Көріп талдауын тексеру.
Нұсқау: Балаға бір бөлшегі жетіспейтін суреттерді көрсетіп: “Суретші
нені ұмытты?” немесе суретте не жетіспейді деген сұрақ қояды.
24
(Суреттер: түлкінің құйрығы жоқ, шәйнектің шүмегі жоқ, үстелдің аяғы
жоқ, т.б.)
3. Көріп есте сақтауын тексеру.
Тапсырма: “Есіңе сақта”.
Мақсаты: Көріп есте сақтауын анықтау.
Нұсқау: Мен саған бірнеше сурет көрсетемін, сен мұқиат қарап-ал. Сосын
мен оны жауып қоямын, сен сол кезектілікпен айтып бересің.
Балаға 3-4 сурет немесе геометриалық фигуралар көрсетеді.
Тапсырма: “Не өзгерді?”.
Мақсаты: Көріп есте сақтауын анықтау.
Нұсқау: Мына суреттерді қарап-ал да көзіңді жұм. Мен аш дегенде
ашасың.Сосын не өзгергенін айтасың(Логопед суреттердің
орындарын ауыстырып қояды, немесе біреуін алып тастайды).
Тапсырма: “Бірдей суретті тап”.
Мақсаты: Көру зейінін, есте сақтауын анықтау.
Нұсқау: Мына суреттердің арасынан дәл осындайын тап деп үлгі береді.
Тексеру нәтижесінде алынған мағлұматтарды талдау барысында
келесі ерекшеліктерге көңіл бөлу керек:
Жіберген қателерге;
Тапсырманы нақты орындауына;
Көмекке қажеттілігіне, оның түріне;
Тапсырманы орындау жылдамдығына.
Моторлық сфераны тексеру
1. Жалпы моториканы тексеруге арналған тапсырмалар:
- Екі қолын жоғары көтеру;
- Оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды белге ұстау;
- Екі қолды алға ұстап, сосын төмен түсіру;
- Сол қолды сол жаққа, екі қолды белге, оң қол оң жаққа, екі қолды төмен
түсіру.
Бағалау:
“Қанағаттанарлық” – нұсқауды қайталап, қимылды көрсеткен соң жасайды,
қатесін өзі түзетеді, жаттығуды жасау темпі өзгеріп отырады.
“Нашар” - бірнеше рет көрсетіп, нұсқауды қайталаған жағдайда да толық
жасай алмайды, екі қолмен бірдей қимыл жасай алмайды.
25
2. Қимылдың статикалық үйлесімділігін(координация) тексеруге арналған
тапсырмалар:
- Тік жүру. Көзді жұму. 10-15 сексунд тік, қимылдамай тұру;
- Бір аяғын көтеріп тұру;
- Бір аяқпен тұру. Екінші аяғын бірінші аяғының артында бүгіп ұстайды.
Көзін жұмып, қолын алға ұстап тұрады.
Бағалау:
“Қанағаттанарлық” – зорланып жасайды, жаттығуларды орындау
жылдамдығы өзгеріп отырады.
“Нашар” - нұсқауды бірнеше рет қайталағанда да жасай алмайды.
3. Қолдың динамикалық үйлестігін тексеруге арналған тапсырмалар:
- Оң қолды алға ұстап жұдырықты түю, қолды ашу, жұму, қолды төмен
түсіру;
- Сол қолды солға ұстап жұдырықты ашу,қолды жұму, ашу,төмен түсіру.
Нұсқау: жаттығуды жеке 2-3 рет қайталап, сосын жаттығуларды екі
қолмен бірге істеп көру керек.
Бағалау:
“Қанағаттанарлық” – зорланып жасайды, жаттығуларды орындау
жылдамдығы өзгеріп отырады.
“Нашар” - нұсқауды бірнеше рет қайталағанда да жасай алмайды.
4. Қол мен аяқтың қимылының үйлестігін анықтауүшін төмендегідей
жаттығуларды қолдануға болады:
- Сан түзеп жүру(маркировка): оң аяқты алға басып қол шапалақтау, сол
аяқты алға басып шапалақтау;
- Тізені бүгіп жүресіненотыру. Бірнеше рет қайталау.
Бағалау:
“Қанағаттанарлық” – зорланып жасайды, жаттығуларды орындау
жылдамдығы өзгеріп отырады.
“Нашар” - нұсқауды бірнеше рет қайталағанда да жасай алмайды.
5. Қолдың ұсақ моторикасын тексеруге арналған тапсырмалар:
- “саусақтар сәлемдейді” бас бармақпен түгел саусақты кезекпен
түйістіреді; Алдымен сол,оң қолмен сосын бірге жасау қажет;
- “пионинада ойнау” – алақанды ашып кезекпен 1-2,1-3,1-4,1-5 саусақпен
үстелге соғу. Алдымен оң қолмен, сосын сол қолмен, содан соң екі
қолмен жаттығуды жасайды;
26
- “балапандар” – қолға қарындаш алып үш дегенде мына шеңбердің ішіне
тең үш нүкте қою керек. Логопед 1-2-3 деп санайды.
Бағалау:
“Қанағаттанарлық” – нұсқауды қайталап, қимылды көрсеткен соң жасайды,
қатесін өзі түзетеді, жаттығуды жасау темпі өзгеріп отырады.
“Нашар” - бірнеше рет көрсетіп, нұсқауды қайталаған жағдайда да толық
жасай алмайды, екі қолмен бірдей қимыл жасай алмайды.
Баланың психикалық функциаларының жағдайындағы дәстүрлі, кең
тараған әдістерді пайдалана отырып анықталды. Атап айтсақ:
Баланы жанжақты тексеру барысында алынған мағлұматтарды талдау
және дұрыс интерпретациалау нәтижесінде оның сөйлеу тілінің даму деңгейі,
мектепте оқуға дайындығы анықталып, сөйлеу қортындысы жасалып сөйлеу
картасында көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |