Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (IV деңгей) балалармен логопедиялық жұмыс ұйымдастыру (оқу әдістемелік құралы) Алматы 2014



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата14.10.2019
өлшемі0,87 Mb.
#49835
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Omirbekova


 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

63 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

 

 

1.Левина Р.Е. Основы теории и практики логопедии.М.,1969. 

2.Филичева.Т.Б. Дети с общим недоразвитием речи:Учебно – методическое 

пособие для логопедов и воспитателей.М. «Гном - пресс» 1999-80 б. 

3.Жукова.Н.С. Мастюкова.Е.М. Филичева.Т.Б. Преодоление ОНР у 

дошкольников.М.1990 – 239 б. 

4.Ефименкова.Л.Н. Формирование речи у дошкольников (Дети с ОНР) Пособие 

для логопедов.М.,Просвещение.1981 – 112 б. 

5.Филичева.Т.Б. Чиркина Т.В. Подготовка к школе детей с общим 

недоразвитием речи в условиях специального детского сада.Программа М.,1991 

6.Нищева.Н.В.Система коррекционной работы с детьми в логопедической 

группе с ОНР. 

7.Өмірбекова.Қ.Қ. Балқыбекова.В.С. Состояние фонетической стороны речи 

детей – казахов с ОНР.Вопросы теории и практики психологии и педагогики – 

Алматы АГУ им Абая.1999.с 38 – 42. 

8.Ибатова.Г.Б.ЖСТД мектеп жасына дейінгі балалардың сөзжасамының 

жағдайы.Хабаршы «Арнайы педагогика»  № 1 – 2,2013 .12-15б. 

9.Төлебиева Г.Н. Мектеп жасына дейінгі ЖСТД балалардың фонетикалық – 

фонематикалық түсініктерін дамыту.Хабаршы «Арнайы педагогика» 

 №1 –2,2013. 

10.Балқыбекова.В.С. Формирование  произношении у детей – казахов с общим 

недорозвитием речи.Вестник АГУ им Абая серия «Психолого – педагогические 

науки » №4 – 2001.с 58 – 63 . 

11.Лубовский.В.И. Психологические проблемы диагностики аномального 

развития детей – М., Педагогика 1989. – 104 б. 

12.Петрова.В.Г. Психология умственно отсталого ребенка.М.,2001. 

13.Каше Г.А. Подготовка к школе детей с недостатками речи. – 

М.,Просвещении 1985. 

14.Спирова Л.Ф.Особенности звукового анализа у детей с недостатками речи – 

М.,1954. 

15.Баймуратова Б Овладение родной речью детьми казахами младшего 

дошкольного возраста. Автор реф.дисс.канд.пед.наук Алматы 1970. 

16.Абуов Ж. Сингормонические основы восприятия речи 

дисс.докт.фил.наук.Алматы 1998. 



64 

 

17.Филичева Т.Б.Чиркина Г.В. Коррекционное обучение и воспитание детей 



пятилетнего возраста с ОНР.М.,1991. 

18.Прищенкова И.В.Османова Г.А. К вопросу об изучении предпосылок 

усвоениью орфографии у детей с общим недорозвитием речи.Коррекционная 

педагогика: Проблемы теории и практики  - Санкт – Петербург 2007.197 с. 

19.Денисова И.А.Проектирование коррекционного курса языковой грамотности 

и предупреждения дизорфографии  - Алматы. ПНПЦ КП.2009-96 б. 

20. Мовкебаева З.А. Готовность детей  с общим недоразвитием речи к 

школьному  обучению. Алматы 2009 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

65 

 

Қосымша 



 

 

 

№1. СТЖД (IV деңгей) балалармен жүргізілетін түзету жұмыс 

бағдарламасы. 

 

 



 

 

Кезеңдер 



Жұмыстың негізгі мазмұны 

І жартыжылдық 

(9 – 12 ай) 

 

Сөйлеу тілінің дыбыс айтуын жетілдіру 



 

     Бала  айта  алатын  дыбыстардың(дауысты,  дауыссыз) 

анық айту дағдысын бекіту (а, у, ә, м, п, о, к, қ, н, и, ы). 

Көрнекілік  сызба  белгілерге  сүйене  отырып  сақталған 

дыбыстарды  айтуда,  естуде,  ажырата  білу  біліктілігін 

қалыптастыру. Бұзып айтатын дыбыстарды түзету (л, з, с, 

ц,  ш,  ж,  ч,  щ,  р,  т.б.).  Ұқсастығы  бойынша  (дауысты  – 

дауыссыз, ұяң – қатаң, ысқырық – ызың, жуан - жіңішке) 

дыбыстарды ажырату біліктілігін дамыту. 

     Дыбыстардың  дұрыс  айтуын  буында,  сөзде,  сөйлемде, 

мәтінде бекіту.  

     Ашық,  жабық  буынды  дауыссыздар  қатар  келетін 

көпбуынды сөздерді айтуға жаттықтыру. 

     Буындық 

құрамы 

күрделі 


сөздерді 

ауызша 


байланыстырып 

сөйлегенде 

қолдану 

(құрлысшы, 

қарлығаш, велосипед, өртсөндіруші, т.б.). 

     Сөйлеудің  ырғақтылығын,  жылдамдығын,  әуезділігін 

дұрыс қолдануға тәрбиелеу. 

 

Сөйлеу тілінің лексикалық – грамматикалық жағын 



дамыту 

 

     Жаңа  мәтіндерді  өту  барысында  сөйлеу  қорын 



толықтыру,  молайту  (көрме,  театр,  музей,  құрлысшы, 

ғарыш, мемлекет, т.б). 

     Сөзжасам дағдыларын белсендіру:  

Қос  сөзден  тұратын  сөздерді  қолдану(балмұздақ, 

шаңсорғыш, мұздатқыш, елбасы). 

Сөз  өзгерту  құрылымына  сүйеніп  сөздің  мағынасын 



66 

 

түсіндіру(шаңсорғыш  –  шаңды  соратын  аппарат, 



футболшы – футбол ойнайтын спортшы). 

 

Зат  есімнен  зат  есім  тудыратын  жұрнақтарды 



пайдаланып сөздерді өзгерту: 

 

 



шы – хатшы, суретші; 

 

 



хана – асхана, емхана, кітапхана; 

 

 



кер – гер – дәрігер, заңгер, қызметкер; 

 

 



дас – дос – құрдас, жәрлес; 

 

Сын  есімнің  еркелету  және  кішірейту  мағынасын 



тудыратын жұрнақтады қолданып сөз өзгерту. 

 

 



шік, шың – үйшік, қапшық, көлшік 

 

 



ша, ше – кітапша, қобдиша, кілемше 

 

 



тай, жан – ағатай, ағажан, апатай, Мұратжан 

 

Бір  грамматикалық  категориядағы  сөздерді  басқа 



категорияға өзгерту: 

 

 



би – биші 

 

 



би – билеу 

 

Әртүрлі мағыналы сын есімдерді қолдану (биік үй, 



зәулім үй, үлкен үй) 

 

Сын  есімнің  салыстырмалы  түрлерін  құрастыруға, 



қолдануға  үйрету  (көп  –  көбірек,  кіші  –  кішірек, 

жылдамырақ, биіктеу) 

 

Құрылымы күрделі сын есімдерді қолдану (қара-ала 



бұзау, кішігірім қала, т.б.) 

 

Әртүрлі  сөз  таптары  бойынша  антоним  сөздерді 



табу және қолдану дағдысын жетілдіру, күрделендіру: 

 

 



Бар – барма 

 

 



Қаш – қашпа 

 

 



Аш – жап 

 

 



Кір – шық 

 

 



Таза – кір 

 

 



Жуан – жіңішке 

 

 



Биік – аласа 

 

 



Ақ – қара 

 

 



Кию – шешу 

 

Синоним  сөздерді  тауып,  ауызша  сөйлеу  тілінде 



қолдануға үйрету (батыр, ержүрек, батыл) 

 

Сөз  тіркестерінің  ауыспалы,  көп  мағынасын  түсіну 



және түсінгенін айтып беру (қолы алтын, ақкөңіл) 

 

Байланыстырып сөйлеуін дамыту 



67 

 

 



Заттың 

ұқсамайтын  белгілерін 

тауып 

айту 


дағдыларын  бекіту,  сол  белгілеріне  сүйене  отырып 

жұмбақтар құрастыру.  

 

Заттарды 



салыстырып 

сипаттау 

дағдыларын 

жетілдіру;  сипаттап  әңгіме  құрастыру,  ұқсас  сөздерден 

ұйқастырып сөз тіркесін құрау  

 

 



шақ – шақ – шақ  

 

 



кісінейді құлыншақ 

 

 



 

 

 



қуыршақ құлады 

 

 



 

 

 



құлады да жылады 

 

Берілген  сөздерден  сөйлем  құрау.  Кезекпен 



берілген 

оқиға 


бойынша 

әңгімелеу 

дағдысын 

қалыптастыру. 

 

Сөйлемге  тұрлаулы  мүшелерді  қосу  арқылы 



сөйлемді ұлғайтуға жаттықтыру. 

 

Мазмұнның  арасындағы  себеп  –  салдар  мен  уақыт 



байланысын талдауға үйрету. 

 

Сурет  бойынша  әңгіме  құрастыру  (сұраққа, 



көрнекілік графикалық жоспарға сүйеніп) 

 

Ілеспелі  сурет  бойынша  әңгіме  құрау,  тақпақ, 



жаңылтпаш  жаттау,  суретке,  сұраққа,  жоспарға  сүйене 

отырып  әңгіменің,  ертегінің  мазмұнын  айту  дағдысын 

жетілдіру. 

 

Шығармашылық  элементтерін  қосып,  өзгертіп 



әңгіме құрастыруға үйрету. 

 

Жазу мен оқудың қарапайым дағдысын меңгеруге 



дайындау. 

Ерікті зейінін, естіп есте сақтауын дамыту. 

 

 

 



“Дыбыс”, “буын” ұғымдарын бекіту.  

Дыбыстарды ажырату дағдысын жетілдіру: 

“сөйлеу”  және  сөзсіз  дыбыстарды,  дауысты  –  дауыссыз, 

қатаң  –  ұяң,  жуан  –  жіңішке,  сонымен  қатар  дыбыстың 

жасалу орны мен тәсілі бойынша ажырату  

Сөздің  басындағы  дауысты  дыбысты  бөліп  айту 

дағдысын қалыптастыру (а - алма) 

Екі  –  үш  –  төрт  дауысты  дыбыстан  тұратын  дыбыс 

қатарын талдауға үйрету. 

Сөздегі  соңғы  дауыссыз  дыбысты  бөліп  айту  дағдысын 

қалыптастыру  


68 

 

Сөздегі  бірінші  дауыссыз  дыбысты  бөліп  айтуға  үйрету 



(қас) 

Дауыссыз дыбыстан кейінгі дауысты дыбысты бөліп айту 

дағдысын қалыптастыру (буында, сөзде) 

Ашық буындарды талдау және жинақтау (са, пә) 

Дұрыс  айта  алатын  дыбыстардың  әріп  белгісімен 

таныстыру (а, о, ә, у, ө, ы, п, т, к, л, м). 

Сабақта  өтетін  дыбыстың  саны  мен  кезектілігін  баланың 

жеке 


ерекшеліктеріне 

байланысты 

логопед 

өзі 


анықтайды;  сол  әріптердің  оптикалық  –  кеңістік  және 

графикалық  белгілерін  талдауға  үйрету.  Кеспе  әріптерде 

алдымен жабық, сосын ашық буындарды талдауға үйрету. 

Буынға  дыбыстық  –  әріптік  талдау  және  жинақтау 

жасауға үйрету. 

Баланың оптикалық – кеңістік бағдарлауын дамыту. 

Графикалық – моторлық дағдыларын дамыту. 

 

ІІ жартыжылдық 



(I – V айлары) 

Сөйлеу тілінің дыбыс айту жағын жетілдіру 

 

Қойылған дыбыстарды ауызша сөйлеу тілінде бекітуін 



жалғастыру. 

Ұқсас  дыбыстарды  (р-л),  (с-ш),  (ш-ж),  т.б.  естуде  және 

айтуда  ажырата  білу  дағдысын  дамыту;  дыбыс  айтудың 

нәзік түрлерін қалыптастыру (т-т', ш-щ, т-с-ц, ч-щ, т.б.). 

Өзінің  және  басқалардың  сөйлеуінің  фонетикалық 

жағының дұрыс айтылуын талдауға үйрету.  

Бұзып айтылатын дыбыстарды түзетуін жалғастыру (р, р', 

ч, щ).  


Дыбыстық  құрамы  күрделі  сөздерді  дұрыс  айтуын 

жетілдіру.  

Сөйлеу  тілінің  жылдамдығын,  әуезділігін,  мәнерлігін 

дұрыс пайдалануға тәрбиелеу жұмысын жалғастыру. 

 

Лексикалық – грамматикалық құралдарын дамыту. 



Лексикалық  тақырыпарға  сүйеніп  сөздің  мағынасын 

анықтау, молайту. 

Сөз жасалу процесстерін белсендіру: 

-  Күрделі  сөздердің  мағынасын  түсіну  және  қолдану 

(кемпірқосақ, қосаяқ, өртсөндіруші, т.б). 

-  Кішірейтіп  –  еркелетіп  және  үлкейту  мағынасын 

білдіретін  сөздерді  түсіндіру  және  қолдану,  қай  – 

қан, шақ – шек, дай – дей жұрнақтарын пайдаланып 



69 

 

сөздерді өзгерту (бала  – балақай, балақан; құлын – 



құлыншақ; көл – көлшік; тау - таудай). 

-  Сын  есім  тудыратын  жұрнақтарды  пайдаланып 

сөздерді өзгерту: 

   сыз – сіз (сусыз, жұмыссыз) 

   ті – ды (күшті, жауынды) 

   шақ – шек (мақтаншақ, еріншек) 

   уық – уік (жылауық, тістеуік) 

   аған – еген (қабаған, сүзеген) 

-  Зат  есім  тудыратын  жұрнақтарды  қолданып  сөз 

өзгерту: 

   ма-ме, ба-бе,па-пе (аялдама, баспа, сүзбе) 

   қыш-кіш, ғыш-гіш (жапқыш, сыпырғыш) 

   уыш-уіш (тырнауыш, өлшеуіш) 

Жалпылама  ұғымдарды  білдіретін  сөздерді  қолдану 

(аяқкиім; қысқы , жазғы). 

Ауыспалы  мағыналы  сөздерді  ауызша  сөйлеу  тілінде 

қолдану, түсіндіру (ақсақал, ұялғаннан жерге кіріп кетті, 

т.б.) 


Синоним  сөздерді  табу  (әдемі,  сұлу,  әсем,  сүйкімді, 

көркем), сол сөздерді ауызша сөйлеуде қолдану. 

Сын есімнің салыстырмалы түрлерін түсіну, қолдану: 

             Жылдам – жылдамырақ 

             Биік – биігірек 

             Ыстық – ыстығырақ 

Түбірлес  сөздерді  түсіну,  қолдану  (балапанның  аяғы, 

үстелдің аяғы) 

Септік,  жіктік  жалғаулардың  мағынасын  түсіну  дұрыс 

қолдану  (әжеме,  әжеммен  барамын,сіз  отырыңыз,  сіздер 

отырыңыздар). 

 

 



Байланыстырып сөйлеуді дамыту 

 

Әңгімені  бөлімге  бөлу,  олардың  арасындағы  себеп  – 



салдарын,  уақыт  байланысын  анықтау  дағдыларын 

бекіту. 


Сөйлемге  тұрлаусыз  мүшелерді  қосу  арқылы  сөйлемді 

кеңейту дағдысын жетілдіру. 

Ертегі,  әңгімелердің  мазмұнын  айту  дағдысын  жетілдіру 

жұмысын жалғастыру: 



70 

 

-  Сөйлемдерді кеңейту; 



-  Эпизодтар қосу; 

-  Ой-пікір  элементтерін,  мазмұнына  жаңа  бөлімдер 

қосу; 

Тақпақ, жаңылтпаштар жаттау. 



Сипаттама – әңгімелелер (бір затты, екі затты салыстыру) 

құрастыру дағдысын жетілдіру. 

Сурет,  ілеспелі  сурет  бойынша  әңгіме  құрастыруын 

жетілдіру жұмысын жалғастыру.  

Ұйқас сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрау.  

Кейбір  оқиғаларды,  құбылыстарды  жанжақты  сипаттау, 

кейіпкерлердің  іс  –  әрекеттерін  кезектілікпен  баяндап 

толық әңгіме құрастыру дағдысын жетілдіру. 

 

Оқу мен жазудың қарапайым 



дағдыларын меңгеруге дайындау. 

 

Оптикалық – кеңістік бағдарлауын дамытуды жалғастыру  



Графикалық – моторлық дағдыларын жетілдіру 

Дыбыстарды  сипаттайтын  ұғымдарды  бекіту;  “қатаң”, 

“ұяң”, “жуан”, “жіңішке” 

Бұрын  өтілген  әріптерді  жазу  дағдысын  бекіту.  

Артикуляциясы  немесе  айтылуы  бойынша  ұқсас 

дыбыстардың әріп белгісімен таныстыру.  

Өтілген  әріптердің  оптикалық  –  кеңістік  белгілерін 

бекіту, оларды ажырату дағдысын қалыптастыру. 

Сөздерді 

бұрынғы 


болу 

дағдысымен 

дамытуын 

жалғастыру. 

Көрнекі  графикалық  сызбаларды  қолданып  сөздің 

дыбыстық құрамын талдау және жинақтау операциаларын 

қалыптастыру (мата, қол). 

Аналитикалық  –  синтетикалық  (талдау  -  жинақтау)  әдеті 

бойынша буындар мен сөздерді оқуға үйрету. 

Буындардан  сөздерді  (дала,  мата)жазу  дағдысын 

қалыптастыру. 

Буындық  құрамы  күрделілек  сөздермен  таныстыру 

(қасқыр,  тырна),  оларды  талдауға,  кесте  әліппеден 

құрастыруға, оқуға, жазуға үйрету. 

Сөзден буындағы әріптерді алмастыру, қосу немесе алып 

тастау  арқылы  буынды,  сөзді  өзгерту  дағдысын 

қалыптастыру (су – шу, түлкі – күлкі, ана - шана). 

Сөйлемді сөздің санын, кезектілігін анықтауға үйрету. 



71 

 

Кесте әріптерден сөйлем құрап оны оқуға үйрету. 



Қысқа  мәтіндерді  жылдам,  саналы  түрде  буындап  оқу 

дағдысын қалыптастыру. 

 

 

№2. Сабақ үлгілері 



 

 

 

Тақырыбы:  

Менің елім – Қазақстан 

Мақсаты:    

- байланыстырып сөйлеуін дамыту. Диалогтік сөйлеу тілін 

 

 



 

бектіу; 


- туған елге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу; 

- есте сақтау, ойлау қабілетін жетілдіру; 

- фонематикалық қабілетін дамыту. 

Көрнекіліктер:   Суретшілердің отан тақырыбы бойынша суреттері    

 

 

 



(репродукциялары), дәптер, қарындаш, “Атамекен” өлең  

 

 



 

касетасы. 

Сабақ барысы: 

1. 


Ұйымдастыру кезеңі 

2. 


Отан, Қазақстан туралы тақпақ, өлеңдерді жатқа айту 

3. 


Отан тақырыбына әңгімелесу 

Біз керемет кең – байтақ үлкен елде тұрамыз. Елімізде көптеген 

ұлттар тұрады. Әр адам сияқты, еліміздің де аты бар. Еліміз қалай 

аталады? Кім біледі? Біздің ел – Қазақстан! 

4. 

Отан туралы қазақтың ақындарының өлеңдерін тыңдайық. Жарасқан 



Әбдірашев Отан туралы былай дейді: 

Отан 


Отан – атам,  

Отан – әкем! 

Осы сөзім қате ме екен?! 

Қате болса, 

Неге біздер 

Дейміз оны – Атамекен?! 

5. 

Тағы бір ақын аталарыңның өлеңін тыңдайық. 



Туған өлкем 

Алтын дәнді даласы бар, 

Ақ күмістей қаласы бар. 

Неткен сұлу, неткен көркем! 

Осы менің туған өлкем 


72 

 

Өтебай  Тұрманжанов  аталарыңның  өлеңін  тағы  бір  рет  тыңдап  ақын 



елімізді сипаттайтын сөздерді естеріңе сақтап айтып беріңдер. Қандай 

сөздермен сипаттайды? (сұлу, көркем) 

6. 

Өлеңдегі “С” дыбысы бар сөздерді атаңдар. 



7. 

Репродукцияны көрсетіп “Атамекен” әнін тыңдату. Өлең не туралы? 

8. 

Біздің отанымыз Қазақстан қандай?  



 

      Қазақстанды сипаттайтын сөздерді табайық. 

 

 

сүйікті 



 

 

 



 

көпұлтты 

 

 

кең – байтақ 



 

 

 



сұлу 

 

 



бай   

 

 



 

 

таулы 



(Логопед сұрақ қою арқылы сөз қорын белсендіреді) 

9. 


“Басқаша айт” ойыны (синоним табу). 

  Үлкен – кең, кең-байтақ, шексіз; 

  Жақсы – сұлу, сүйікті; 

  Отан – ел, өлке, атамекен, туған ел. 

 

10.  “Телефон” ойыны. (Түбірлес сөздерді еске түсіру). 



  Отан – отаншыл, отандық (өнімдер); 

  Ас – Астана, асхана, аспаз, астаналық. 

11.  “Туған өлкем” әңгіме құрастыру. 

12.  Өлеңді жаттау (үйге тапсырма). 

 

 

 



№3. Сабақ үлгілері 

 

 

 

Тақырыбы:  

С – Ш дыбысы мен әрпі 

Мақсаты:    

- дыбыстық – буындық кұрамы күрделі сөздерде дыбыстарды 

 

 



 

  дұрыс айту, ажырату; 

- зат есімнің мамандықтарды білдіретін түрлерін өзгертуге 

жаттықтыру; 

- күрделі сөйлем құрастыру дағдыларын дамыту; 

- фонематикалық талдау жинақтау дағдысын жетілдіру; 

- оқу жазу дағдыларын қалыптастыру. 

Көрнекіліктер:   С – Ш дыбыстары кездесетін суреттер, сюжетті суреттер,  

 

 

 



кестелер мен схема құрауға қажет топтама. 

Сабақ барысы: 

1. 

Өлеңді тыңдап ондағы С – Ш дыбысы бар сөздерді атаңдар. 



Пеш қасында мысық отыр 

73 

 

Екі көзін қысып отыр 



Тышқан етін жегісі кеп 

Оның тісі қышып отыр. 

2. 

С – Ш дыбыстарын анық айту, салыстыру. 



 

 

3. 



Буын қатарларын қайталау. 

Са – са – ша 

Ша – са – ша 

Са – ша – са  

4. 

С – Ш дыбысын айтуда және естуде ажырату: 



а) буында: 

 

ас – өс – аш – ша – шта – сту; 



б) сөзде: 

 

сағат, қашық, қасық, қарындаш, қарлығаш; 



с) суреттерді атау:  қасқыр, сыпырғыш, тышқан, кесе. 

5. 


“Керісінше” ойыны. Буындарды, сөздерді керісінше айт. 

  са – сө – су  

 

 

ша – шө – шу  



  сә – сө – си  

 

 



шә – шө – ши 

  сөл   


 

 

 



шөл 

  сал   


 

 

 



шал 

  сана   

 

 

 



шана 

  қасық 


 

 

 



қашық 

6. 


Шана, сағат сөздерінің схемасын құру. 

7. 


Сергіту жаттығуы. 

8. 


Берілген сөздерді зат есімнің мамандықты білдіретін түрлеріне 

өзгерту. 

  ұшу – ұшқыш 

 

 



оқу – оқушы 

  жазу – жазушы   

 

тігу – тігінші 



  домбыра тартады – домбырашы 

  ән айтады – әнші 

  мал бағады – малшы 

  қой бағады – қойшы 

  сурет салады - суретші 

9. 


Күрделі сөйлем құрау дағдыларын дамыту “сөйлемді аяқта” ойыны. 

  Атам далаға қолшатыр алып шықты, үйткені ... 

  Сабақты жақсы оқу үшін, үйде көп ... 

  Шетелдік адамдармен сөйлесу үшін ... 

  Әріптерді білмесең онда ... 

  Жақсы футболша болу үшін ... 

  Мен бүгін мектепке бармадым, себебі ... 

10.  Түбірлес және мағынасы жақын сөздерді табу. 



74 

 

  Оқу – оқушы, оқытушы, оқулық, оқырман; 



  Ұшу – ұшқыш, ұшқыр, ұшақ, тікұшақ; 

  Ойнау – ойыншық, ойынқұмар, ойын, ойын алаңы; 

  Таза – тазалау, тазалық; 

  Көру – көрермен, көрген, көрсеткіш, көрімдік. 

 

 

11.  Суреттерге қарап атауларының бірінші дыбыстарынан сөз құрау: 



  шар, алма, нан, асық (шана). 

12.  Осы сөзбен сөйлем құрау. 

13.  Сабақ қорытындысы. С – Ш дыбысы бар жаңылтпаш жаттау. 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет