Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
205
Түркі халықтары бірін-бірі оқып білу үшін жазу
таңбасын ортақ бірізге түсірудің орнына, бір-бірінен
рухани жағынан алыстататын кереғар теріс жолға
түсіп отыр. Олар қабылдаған латын жазу таңбасын
унификациялап, ортақ бір қалыпқа түсіру әрекеті
аяқсыз қалды. Себебі олар қабылдаған латынша жазу
таңбасындағы өзара
ерекшеліктер төрт дыбыстық
таңбадан жиырмаға дейін жетіп отыр. Сөйтіп, біз
рухани тұншығуға басымызды өз еркімізбен өзіміз
сұғып отырмыз. Бұдан құтылудың жолы - бүкіл түркі
халықтары келелі кеңес өткізіп, жазу таңбаларын
унификациялап, бірізді қалыпқа түсірмегі керек-ақ.
Сонда ғана біз бір-бірімізді қиналмай оқып түсіне
беретін рухани туыстықтың даңғыл жолына түспекпіз.
Бірақ бұл проблеманы қиналмай шешудің жолы
біздің ұлттық санамыздың
деңгейіне тікелей байла-
нысты болып тұрған жағдайы бар.
Д ем ограф тарды ң
болжамы
бойынш а,
таяу
уақытта, яғни 2010 жылдан ары қарай, түрік
халықтары саны жағынан қытай мен үнділерден
кейінгі үшінші орынға көтерілуі зор тарихи құбылыс
ретінде күтілуде. Әзірше, үшінші орында сла-
вян халықтары тұр. Бәрібір болашақ ұтыс бізде
жатыр. Саны жағынан үшінші орынға шығатын түркі
халықтары үшін рухани
бірлік қай кездегіден болса
да айрықша қажет. Түркі халықтарының басын руха-
ни жағынан біріктіретін шешуші кілт те біздің ортақ
жазу таңбамыздың болуына байланысты болып тұр.
Бұл үшін бізде барлық жағдай мен негіздер бар.
Өйткені біздің тіліміз, діліміз, дініміз, салт-санамыз,
генетикалық кандастық тамырымыз да біртұтас.
Бұл ерекшелік рухани тұтастықты қалайды. Ал ол