Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Түркі халықтарының ортақ жазу проблемасы



Pdf көрінісі
бет110/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Түркі халықтарының ортақ жазу проблемасы
қайта оралу мәселесі бүгінгі күннің өзекті проблема- 
сына айналатын сағат соқты деп сенімді түрде айта 
аламыз. Мың жылда бір оралар, сан ұрпақ арманы- 
на айналған тарихи мүмкіндік енді ғана туып отыр. 
Осы тарихи мүмкіндікті тарихи шындыққа айналдыру 
ұлтжанды саналы азаматтардың айтулы борышы 
болмақ. Бұл ұғына білген саналы жанға ауыр міндет
сезінбейтін «малға достың мұңы жоқ» тоғышар жанға 
жазылмайтын рухани дерт. Осындай басы қосылмас 
екі оттың ортасында тұрғандай жайымыз бар.
Ата жазуға оралу мәселесі тарихта ұлы Мұста- 
фа Ата Түрік тарапынан қойылған да болатын. 
Ата Түрік шумер жазуын зерттеп, соның негізінде 
түріктің жаңа жазу таңбасын жасауға бір кездері 
ұсыныс та жасаған екен. Осы пікірдің тарихи негізі 
болуымен қатар, көрегендік ғылыми болжамы да 
бар дана пікір болып отыр. Өйткені түрік жазуының 
грек, мысыр, римдіктерден де арыда жатқан өте 
көне тарихы барлығы қазір ғылымда там-тұмдап 
болса да айтыла бастады. Мысырдағы пирами- 
да жазулары түркі жазуы негізінде оқыла бастады. 
Дәл сондай пирамида қытай жерінен табылып отыр. 
Ондағы жазу таңбасы Мысырдағы пирамиданың 
жазу таңбасымен егіздің сыңарындай біркелкі 
болып келуі де ойланарлық құбылыс. Міне, осы 
Мысыр пирамидасындағы жазуды, шумер жазуын 
және бұдан екі жарым мың жыл бұрын жазылған 
«Алтын адам» тостағанындағы жазу таңбалары 
мен түрік қағандығы заманында жазылған Күлтегін 
жазба ескерткіштері қайта оқылып, терең ғылыми- 
зерттеу сүзгісінен өтіп, ғылыми талдаулар арқылы 
бір байламға келсе болады.


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
211
Бүкіл түрік халқына ортақ ата жазуымыздың 
жаңаша жобасын жасап, бүкіл түркі халқына ортақ 
жазу таңбасын қалыптастыратын уақыт мерзімі жетті 
әрі осы мүмкіндіктерді жүзеге асырудың барлық 
тарихи жағдайы туып отыр.
Осы мақсатта талантты тілшілер тобы Ясауи 
атындағы ХҚТУ жанынан өткен жылы жаңадан 
ашылған Түркология ғылыми-зерттеу институтының 
және Еуразия университетінің ұлтжанды ғалымдары 
әзірше ата жазу таңбасының қазақ тіліне арналған 
түңғыш жобасын даярлап, ғалымдар талқысына 
салуды қолға алып отыр. Әрине, бұл - өте күрделі, 
жан-жақты әрі терең ғылыми жұмыстарды жабыла 
жүргізу арқылы қармаққа оралар бірегей құбылыс. 
Қиын да болса өмірге енгізуге, күнделікті тұрмыста 
қолдануға келетін ізгілікті жұмыс. Бұл жөнінде біз 
еврей халқынан үлгі алсақ болады. Өйткені олар 
тарихта «өлі тілге» айналып, жазу таңбасы қол- 
данудан екі мың жыл бұрын шығып қалған иврит 
тілін, яғни көне еврей тілі мен жазуын қайта тірілтіп 
отыр емес пе?! Еврейлерді діндегі, ділдегі, ұлттық 
санадағы рухани тұтастығы осындай адам айтса 
нанғысыз ғажап жеңіске жеткізіп отыр.
Бұл мақсат, яғни ата жазу негізінде бүкіл түркі 
халықтарына ортақ жазу таңбасы қалыптасып, 
жүзеге асар болса, аса күрделі емле мәселесі де өз 
шешімін табар еді.
Айтып өткеніміздей, бүгінде бүкіл түрік халық- 
тарының алдында мың жылда бір оралар ғажап 
тарихи мүмкіндік туып отыр. Осы тарихи мүмкіндікті 
шындыққа айналдыра алу, яғни ата жазуымызға 
қайта оралып, бүкіл түрік халықтарына ортақ жазу


212


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет