Сотня новая счетная единица. Тысяча. Нумерация трехзначных чисел


Қорытынды. Әдебиеттік оқу 4 сынып



бет7/7
Дата08.11.2016
өлшемі1,04 Mb.
#1257
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды.

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы
(«Қош келдің, Наурыз! Міржақып Дулатов, «Наурыз». Өтепберген
Ақыпбекұлы)


Сабақтың мақсаты:

Өлең мен мәтін мазмұнын байланыстыра түсінуге, ұлттық мерекеміз - Наурыз туралы түсініктерінің кеңеюіне мүмкіндік беру.

Әдеби-теориялық талдаулар, тіл дамыту, сөздік қорларын байыту, өздік жэне шығармашылық жұмыстар еркіндігіне мүмкіндік жасау.

Халқымыздың бойындағы ұлттық түр мен мазмұн байлығына арқылы жақсылық пен әдемілікті түсінуге ұмтылдыру.

Типі: аралас

Әдісі: сұрақ –жауап, ой бөлісу, топтастыру, әңгімелеу,

Сабактың көрнекілігі: слайдтар, қосымша материалдар, плакат, маркер, тақта.

Сабактың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Төмендегі өлеңді кезекпен санау арқылы сыныпты топқа бөліп алу:

Ей, балалар, балалар!

Бірің - шекер, бірің бал,

Бірің қайың, бірің тал,

Жас кезіңде ойнап қал.

«Шекер», «бал», «қайың» топтарына бөлу.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Наурыз тойы» . Бұл мейрамның тарихын айтатын болсақ. Наурыз - көне мейрам. 3000 1920-1925 жылдары кеңес Одағының үкіметі бұл мейрамды «ескі» деп тоқтатты. 1988 жылдан бастап бұл мейрам кайта тойланып келеді. 2010 жылы 10 мамырдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21-наурыз «Халықаралық Наурыз күні» деп аталып келеді.

Дәстүрлі қазақ қоғамына Ұлыс күні жыл басы деп саналған. Ызғарлы қыстың кетіп, жаздың келетіндігіне барлық адамдар қуанатын. Мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні Қыдыр ата аралаған. Ер адамдар қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір біріне жақсы тілектер айтады. Қане, сендер де орындарыңнан тұрып, осы дәстүрді орындап көріңдерші.

1-сұрақ Сендер наурыз тойын тойлауына байланысты қандай салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ырымдар білесіңдер?

«Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер болса қыздардың қол ақысының қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын «селт еткізер», «дір еткізер» деп аталатын сыйлықтарын ұсынады. Бұл дәстүрлі сйлықтағы айна- пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі»

Мағынаны тану.

Наурыз парсы тілінен аударғанда «жаңа жыл» мағынаны білдіреді

«Бал» тобына осы күні қандай ойындар ойнайтын?

«Шекер» тобына осы күні қандай тағамдар әзірлейтін?

«Қайың» тобына адамдар көктемге неге қуанады, себебі неде? (көктем белгілерін айтып беріңдер?)

Оларға уақыт беріледі, мұғалім жауаптарын толықтырады.

Ер адам өмірінде үш нәрсе жасау керек деген : қыз өсіру, ағаш отырғызу

Үй жұмысын тексеру: «Ағаш ек»

«Бал» тобына ағаштың барлық пайдасын айтып беріңдер

«Шекер» тобына ағашқа байланысты ғұлама, ғалымдардың сөзін айтып, мағынасын ашып беріңдер.

«Қайың» тобына адамдар осы тақырыпқа қатысты мақал- мәтел, немесе оқыған әңгімелерді еске түсіріп, айтып беріңдер.

Оқулықпен жұмыс: «Қош келдің, Наурыз!» мәтінінің авторымен таныстыру.

Мәтінмен танысу (1,2-абзацын оку);



Іштей оқу.

Мәтіндегі мерекеге байланысты өздері үшін болған деректерді «түртіп алу».

  • Осы 2 абзац бойынша жоспар кұру.

  • Оқушылардың тапсырманы орындауын тексеру. Жұмысты қорытындылау.

  • Мәтінді ары қарай осы ізбен оқу.

Сергіту сәті

  • Наурыз туралы акындар да неше түрлі өлең жазғанын білесіңдер.
    Өлеңде де біз білмеген жайттар бар болар. Наурыздың әдемілігін ақын көзі
    қалай көргенін байқайық.

Ө.Акыпбекүлының «Наурыз» өлеңін іштей оқып, мазмұнын түсіну. Оқушылардан әсерлі, мәнерлі оқуын сүрау.

- Өлеңді қандай дауыс ырғағымен, қандай интонациялық кідірістермен оқу керек деп ойлайсыңдар? Егер акырын, бәсең дауыспен оқысаңдар, өлеңнің мазмұнындағы негізгі ой қалай сезілер еді?

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша өлеңдегі көктемгі табиғат өзгерісін, Наурыз мерекесінің ерекшелігін қандай сөз тіркестері арқылы бергеніне белгі қойып, дәптерге жазып алу. Балалар, адам өмірі неліктен табиғатқа бағынышты?

  • Қазақ халқы бұрынғы заманда малсыз өмір сүре алмаған. Ал қазіргі заманда малсыз өмір сүруге болар ма еді?

  • Наурызда неліктен «шаруаның бір малы екеу болады»?

  • Балалар, бір мереке туралы өлең және мәтін оқыдық. Өлеңде оқиға бар ма? Дәлелдеу.

  • Сонымен, Наурыз қандай мейрамға жатады:

а) дін мейрамы
ә) ұлт мейрамы

б) мемлекет мейрамы

в) дүниежүзілік мейрам. Дәлелдеу.

- Балалар, «Наурыз мерекесі - еңбек мерекесі» деп аталуы неліктен? Сабақ басында оқылған Наурызтал туралы өлеңмен байланыстыру.

Сабақты корытындылау.

Ойтолғау.

  • Балалар, бүгін сабақта не үйрендіндер?

  • Оқыған мэтін мен өлеңнің қайсысында мерекелік көңіл күй басым?

М. Дулатовтың жазғанын мәтіннің қай түріне жатқызуға болады? (Қазақ тілімен байланыстыру).

Мұғалім таңдауына тапсырмалар:

«Бал» тобына сендер де сабақты мерекелік нотада аяқтау үшін, Наурыз мерекесіне арнап, 4 жолды өлең құрастырып жазыңдар.

«Шекер» тобына Наурыз мерекесінің белгісі болатын табиғаттың кішкене ғана бір бөлшегін бейнелеп, сурет арқылы білдіру (мерекелік әмблеманы ойлап табу).

«Қайың» тобына адамдарға наурыз мерекесіне байланысты құттықтау сөзін жазу.

Наурыз туралы тамаша ән тыңдау.

Бағалау
Үйге тапсырма: тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар жауап табу.
Каталог: uploads -> doc -> 0781
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0781 -> Жаңа сабақ (30 минут)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет