Сотня новая счетная единица. Тысяча. Нумерация трехзначных чисел


Тақырыбы: Қош бол, бастауыш! Мақсаты



бет5/7
Дата08.11.2016
өлшемі1,04 Mb.
#1257
1   2   3   4   5   6   7
Тақырыбы: Қош бол, бастауыш!
Мақсаты: білімнің сара жолы мектептен басталатнын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Оқуға, білімді болуға шақыру. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, сәт сапар тілеу. Білім ордасы мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге, ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, слайдтар, бейнебаян
Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Сіздер «Қош бол, бастауыш» тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Балалар осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кішкене балдырған еді. Енді ойлары да, бойлары да өсті, бастауышты білім алып аяқтап, орта буынға өткелі тұр. Талаптарыңа нұр жаусын деп мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған, сірә, қаншыңызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық

Төртінші « а» сыныбын ортамызға

4 «А» сыныбын тізім бойынша ортаға шақырамын.

Бастауыштың түлектері, қобалжулы жүректері.

Әрқайсың ерекшесің, ұстаздың үрпектері

Инабатты, сымбатты, бір-біріне қымбатты.

Құпиялы, жүмбақты, барлығы да шын мықты.


Наурызбек:

Армысыздар мұғалімдер әз жандар

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Ән шырқалып, би де бүгін шырқалар

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Жандос:

Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім

Дәптердің жазылмаған ақ парағы

Ақ көйлек он бір жасар балалығым
Гүлнара:

Өзгеріп жатыр бүгін қала қырым,

Құп алып ағалардың даналығын.

Бет алып бара жатыр болашаққа

Аяулы он бір жасар балалығым.
Ақмарал:

Шаттанамын, мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын,

Осы сырды үйретіп төрт сыныбым

Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың

Екі оқушы арасында диалог;



  • Иә, бізде бүгін үлкен қуаныш. Себебі , біз есейдік, білім бастауы бастауышпен қоштасқалы тұрмыз.

  • Сенің мектеп табалдырығын аттаған алғашқы кездерің есіңде ме?

  • Иә, біз алғаш мектепке келгенде әріптерді танымадық, оларды бірге қосып жаза алмадық. Осының бәрін сосын үйренді


4 сынып оқушыларының алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бейнебаян тамашалаңыздар.
Эльнура:

Алтын ұя, алтын бесік мектебім,

Мәңгі есімде анам болып өткенің

Парызыңды өтедің сен білемін

Ал, қарызым саған берер көп менің.
Абылайхан:

Үйреніп алғашқыда әліппені

Әліппе ғылымға жол салып берді

Адамның ой-арманы , мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Мұғалім: әліппе арқылы әріптердің бәрін таңып, оқи алатын болдық. Ал,балалар, тағы басқа нені үйрендік?

Окушылар кезек-кезекпен;



Ақын-жазушылардың көптеген шығармаларын оқыдық. Ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар оқыдық.

Ата-бабаларымыздың өткен тарихын білдік, олардың батырлық, адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық

Дыбыс, әріп, сөйлем, сөз таптары, сөйлем мүшелері туралы оқыдық

Көп таңбалы сандарды оқып, жазуды үйрендік. Көбейту кестесін мен кез келген өлшем бірліктерін жатқа біліеміз

Айналамыздағы қоршаған ортамен, жан-жануармен, өсімдіктермен таныстық

Дәптердің сыртына аты-жөнімізді, сыныбымызды өзіміз жазып, «күнделікті» де өзіміз толтыра алатын болдық

Денсаулық -ол жүруің, ешбір жерің ауырмай.

Басты байлық - денсаулық, деп Жеңіскүл апай үйреткен

Денсаулық ол шыныққан барлық дене мүшесі

Шынықтырып денені, жаттығуларды жасап, мектебіне келеді, міне, үлкен азамат дейді Жанболат ағай үйретеді

Әр іске жауапкершілікпен қарауды үйрендік

Өзімді, өзгелерді, айналамды сыйлауды үйрендік

Табиғаттың көркеюі мен таза болуына өсімдіктер отырғызу , оны күтіп баптау, өсіру қажет екенін білдік
Ән «Бастауышта нені үйретеді»

Әні: Шаинский М.

Сөзі: 4 а сынып оқушылары
Толғанбай:

Бастауышым- балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алдым

Рахметімді жаудырамын
Асыл:

Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған

Білім алған мектебінде,

Билерімен шаттандырған.
Видео «Адамның көркі жақсы іс» (семинар сабақтан үзінді)
ҰСТАЗДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА БЕРІЛГЕН МІНЕЗДЕМЕСІ
Оқушыдардың орындауында «қоштасу» вальсі
Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,

Құшақ жая шәкірттерді қарсы алды,

Бүгінгідей салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды,- деп сөз кезегін мектеп бпсшысы Жақыпов Ж.Х-на береміз.
Мектеп басшысы 4 сынып оқушыларын бастауыш сынып бітіру дипломымен мараппаттайды.



Каталог: uploads -> doc -> 0781
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0781 -> Жаңа сабақ (30 минут)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет