қабынба үрдісінің және иммундық жүйенің (жасушалық және гуморальды) жауабының дамуы, аутоиммуноагрессия механизмінің іске қосылуы
жедел гепатит
бауыр тінінде созылмалы қабынулық үрдістің дамуы
бауыр циррозы, гепатоцеллюларлық карцинома
науқастың иммундық жүйесінің әлсіз болуы
Науқастың жасы (ЖТН- 90%, ересектер – 5-10% созылмалы гепатит дамиды)
Созылмалы вирусты гепатит кезінде бауыр зақымдалуының негізгі механизмі ретінде иммунокомпетентті жасушалар және вирусы бар гепатоциттердің байланысуы саналады. Осы байланыстың ерекше қасиеті – иммундық үрдістің сәйкес (адекватты) болмауында.
Созылмалы вирусты гепатит кезінде бауыр зақымдалуының негізгі механизмі ретінде иммунокомпетентті жасушалар және вирусы бар гепатоциттердің байланысуы саналады. Осы байланыстың ерекше қасиеті – иммундық үрдістің сәйкес (адекватты) болмауында.
Адекватты иммундық жауап кезінде вируспен зақымданған бауырда жедел гепатит дамып, оның толықтай сауығуымен сипатталады.
Әлсіз иммундық жауап кезінде құрамында вирусы бар гепатоциттердің цитолизінің белсенділігі жеткілікті дәрежеде болмайды, нәтижесінде созылмалы үрдіс дамиды.
Патогенездің негізгі тізбектері:
2. Иммунитеттің Т-жүйесінің ақауы: Т-лимфоцит деңгейінің төмендеуі; Т-супрессордың қызметінің төмендеуі есебінен Т-хелпер/ Тсупрессор субпопуляциясының тепе-теңдігінің бұзылысы; Т-хелпер -2 басым болуы; вирус антигеніне әлсіз сенсибилизация.
1. Иммундық жүйенің реттеушісі, яғни гистосәйкестіктің басты кешені (ГБК) және макрофагты-лейкоцитарлық жүйенің арасындағы өзара байланыс жүйесінің бұзылуы. ГБК молекулалары вирус антигеніне қажетті жауап қайтаратын Т-лимфоциттер селекциясына әсер етеді. Гепатотропты вирустарға лимфоциттердің сенсибилизациясының бұзылуы қоздырғыштың элиминациясының нашарлауын туындатып, бауырдың созылмалы қабынуын дамытады .
3. Қабынулық цитокиндер < қабынуға қарсы цитокиндер: вирус құрамды гепатоциттердің лизисі және вирус бөлшектерінің элиминациясы баяулап, созылмалы қабынулық үрдісі дамиды.
4. Макрофагтардың депрессиясы (олардың функциялық белсендігінің төмендеуі).
5. α-интерферон синтезінің әлсізденуі. α-интерферон жетіспеушілігі вирус репликациясының активтендіреді.
6. Қоздырғыш антигеніне қарсы нәтижелі спецификалық антиденелердің тузілмеуі. 7. Вирусты антигені және бауырлық-спецификалық липопротеині бар гепатоцит мембранасына эффекторлық жасушаларының әсер етуі.
9. Бауырдың аутоиммундық үрдіске қосылуы
8. Гепатоцит мембранасының липидтерінің тотығу үрдісінің және лизосомалық протеазалардың белсенуі.