HВеАg – негативті созылмалы гепатит В – клиникалық ағымы салыстырмалы тұрақты, симптомдары аз, аурудың өршулері мен бауыр функциясының бұзылу белгілері айқан байқалмайды, бірақ жиі бауырдан тыс белгілер көрінеді.
НВеAg – позитивті вариантында – жиі өршулер, клиникалық белгілердің үдеуі байқалады.
Созылмалы ВГС
Жедел фазасы басым жағдайда аз симптомды өтеді.
Латентті фазасы – жиі аз симптомды немесе симптомсыз өтеді, тек қанда АЛТ жоғарылауы мүмкін.
5-10% науқастарда астеновегетативті, диспепсиялық белгілер көрінеді, бауырдың ұлғаюы анықталады. 23% науқастарда бауырдан тыс көріністер байқалады.
Инфекцияның реактивация фазасы - латентті ағымнан бірнеше жыл өткеннен кейін туындайды, клиникалық белгілер күшейіп, айқын байқалады:
Астеновегетативті синдром, ауырсынулық синдром, диспепсиялық синдром, шамалы сарғаю, субфебрильді температура, бауырдың шамалы ұлғаюы, ауырсынуы, тығыздалуы, теріде “бауырлық” белгілер байқалады.
Созылмалы ВГD
Клиникалық ағымы әр түрлі: науқастардың 70-75% ВГВ мен ВГD инфекциясынының бірігуінде – ауру тез үдейді, цирроз қалыптасады.
15% жағдайда – бауырдағы қабынулық, некротикалық,фиброздық өзгерістер баяу дамиды, ағымы салыстырмалы түрде қатерсіз өтеді.
Клиникалық көрінісі созылмалы В гепатитына ұқсас.
Диагностика
Лабораториялық зерттеулер:
ОАК: ауру өршігенде, мезенхимальды қабынулық синдромда СОЭ лейкоцитоз, тромбоцитоз, эозинофилия; қан кету болса анемия болады.