Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы



Дата07.02.2022
өлшемі18,56 Kb.
#83987
түріБағдарламасы
Байланысты:
30.09.2020 ЛЕКЦИЯ


Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы.
Балабақшалардың бағдарламасында шаңғы, коньки, шана, велосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, корусел тебу, әткеншек тебу, жүзу т.б. спорттық жаттығулар көзделген. Бұрлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек, қантамыр, тыныс алу, нерв системаларын шынықтыруға көмектеседі. Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды.
1.Шаңғы
Балабақша бағдарламасында шаңғымен жүруге естиярлар тобынан бастап үйрету көзделеді. Егер балабақшадағы жағдай жақсы болса және балалар ата-аналарының байыптылығымен бірқатар тәжірибе алса, онда жаттығуды балалардың кішкентай кезінен бастап жүргізуге болады. Ата-аналарды өз балаларын үйретуге белсенді түрде қатыстыру үшін тәрбиешілер жиналыстарында балалар үшін шаңғыны, таяқты таңдап алу, шаңғының аяќ киімге бекіткіші киі мен аяқ киімге қойылатын талап жөнінде шаңғыны сақтау және оны күтіп ұстау жөнінде әңгімелейді. Бұған қоса, ата-аналарға шаңғымен жүрудің әр түрлі әдістерінің техникасы бұрылыстар, төбеге көтерілу, және одан төмен қарай сырғанау методикасы туралы айту тиімді болады. Ересектер балалар үшін үлгі болуы үшін ата-аналарға балаларды шаңғымен жүруге үйрету жөніндегі және өздерінің дағдыларын жетілдіру жөніндегі әдебиеттер ұсынылады. Тәрбиешілер ата-аналарға балаларды шыңғымен жүруге, қашан және қай жерлерде үйрету дұрыс екендігі жайлы кеңес беру керек. Балаларды шаңғымен жүруге үйрету алдында әңгіме өткізілу керек, әңгімелесу кезінде жаттығулардың маңызы, олар үшін арнаулы киім мен аяқ киі туралы түсінікті етіп айту қажет. Бұған қоса, балаларға шаңғымен жүрудің бұрылу, өрлеу, төмен қарай жылжу әдістерінің қайсысына үйретілетіні шаңғымен қай жаққа серуендеу ұйымдастырылатынын айтуы керек. Одан кейін балаларда шаңғыны әртүрлі әдістермен: иыққа салып, қолтыққа қысып немесе қолға ұстап алып жүруге , шаңғыны кию мен шешуге үйретеді. Әуелі тәрбиеші бұлардың қалай жасалатынын көрсетеді және түсіндіреді. Сонан кейін балалар өз беттерімен қайталап жасайды.

2.Коньки
Конькимен сырғанау бұлшық еттерінің негізгі топтарын әсіресе, аяқ бұлшық еттерін дамытады, жүрек, қан тамыр, тыныс алу жүйесін күшейтеді, ағзаны шынықтырады, зат алмасуды жақсартады, дене қасиетін (шапшаңдық, ептілік т.б.) ерік-жігер қасиетін (батылдық, табандылық) қалыптастыруға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балалар мұздың үстінде сырғанауды және мәнерлеп тебудың қарапайым элементерін орындауды өте ерте (шамамен 3 жасынан бастап) үйрене алады. Бірақ балабақша жағдайында сәбилер тобындағы баларға коньки тебуді ұғындыру қиын болады, өйткені олардыњ тізе, тобыќ буындары µте єлсіз жєне жараќаттану ќаупін болдырмау үшін білікті басшылық талап етіледі. Кішкентай балалар ересектердің көмегінсіз ботинканы кие алмайды немесе оның бауын өткізіп байлай алмайды. Сондықтан балабақшада коньки тебуді үйрету 5-6 жастағы балалармен жүргізіледі. Бөлмеде конькимен жєне конькисіз өткізілетін дайындық жатығуларына үлкен көңіл бөлінеді. Бұл тепе-теңдікті дамытады. Аяқ, жамбас, сан, табан, тізе буындарын нығайтады. Сондай-ақ қозғалыс техникасын игеруді жеңілдетеді.
3.Шаналар
Балаларды сырғанау әр түрлі қимылдарды (жүру, жүгіру) өзіне қамти отырып, бұлшық етттердің негізгі топтарын нығайтуға, жүрек қантамыр, тыныс алу жүйелерін дамытуға, зат алмасуларды күшейтуге, шынығуға көмектеседі. Оның үстіне балалрдың дене және ерік-жігер қасиеті, сондай-ақ жағымды эмоциялары дамиды.
Балаларды бірін-бірі шанаға мінгізіп, сырғанауға, шананың жанында әр түрлі жаттығуларды орындауға, шананы жотаға алып шығуға және әр түрлі қалыпта (отырып, етпеттеп жатып, түрегеп түрып) және қосымша тапсырмаларды орындап шанамен төмен қарай сырғанауға үйретіледі.
Сәби жастағы балаларды шанамен ересектерге сырғанатады. Балалар үш жасында шаналарына қуыршақтарын отырғызып, қар салып, жіппен сүйреп жүреді. Неғұрлым ересек жасында балалар тура жолмен, шеңбермен айналдырып, бұралаң жолмен бірін-бірі сырғанатады және әр түрлі тапсырмаларды орындайды. Жотадан төмен қарай сырғанау кезінде балалар (жарақаттанып қалмау үшін) белгіленген ережені орындауы керек (алда кеткен бала сырғанақты шетіне жеткенше асықпай күтуі, сырғанаққа шалқасынан жатпайы керек).
4.Велосипед
Балаларды үш дөңгелекті велосипедті тебуге бес жасынан бастап үйретеді: оларды машинаға қалай отыруға жєне одан түсуге, тура, биік, бұралаң жолдармен айдаған кезде велосипедті жүргізе білуге, оңға, солға, артқа, бұрылуға, тежеуге, тоқтауға ұйретеді. Үйрету кезінде төмендегіше жүйелілікті сақтау тиімді болады: велосипедті тура бағытпен, оңға, солға, артқа бұрып жүргізу, шеңбермен айналып, бұралаң жолмен жүргізу, ересектердің көмектесуімен тура жолмен оңға, солға, бұрылып айдау, велосипедке отырғызу және одан түсу, велосипедті әдетінше тура жолмен оңға, солға, артқа бұрылып тебу өз бетінше, шеңбермен айналып, бұралаң жолмен айдау, қосымша тапсырмаларды орындап айдау.
5.Тербелмелер, әткеншектер, коруселдер
Жаттығулардың бұл түрлері сезім мөшелері аппаратын дамытады, қызбалықты бәсеңдетеді, шапшаңдық тұрақтылығын дамытады, бұлшық еттерді нығайтады, дене қасиетін жетілдіреді, батылдықты дамытады.
Балаларда тербелмелер, әткеншектер, коруселдер болуы қажет және барлық балаларға оларды пайдалануды үйрету керек. Әуелі тербелу, теңселу ережелері балаларға істеп көрсету және түсіндіру, қажет болған жағдайда тікелей көмектесу, ал одан кейін көбірек дербестік беру керек, бірақ белгіленген ережелердің сақталуын бақылау қажет.
6.Жүзу
Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге мынадай әдістермен үйретуге болады: қолды судан шығармай ептеп кроль әдісімен жүзу, қолды судан шығара етпеттеп кроль әдісімен жүзу, шалқалап кроль әдісімен жүзу. Балалар жүзуді біршама тез игереді. Оларда ересектерге қарағанда тері асты қабаты көбірек дамыған, осының арқасында олар суда жақсы қалқиды. Бірақ мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде жүзуге үйретуді ұғындыру қиын, сондықтан тәрбиешілер жүзуге дайындауды ғана жүзеге асырады. Сонымен бірге өз балаларын көрсетілген әдістерге үйрете алатын ата-аналармен жұмыс жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет