Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫ



Pdf көрінісі
бет29/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
 
Жамбосынова Индира Абдрахманқызы
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Мектеп-Лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мҧғалімі
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп бірінші ұстаз 
Аристотель айтқандай, білім мен ӛнер біздің болашағымыздың жарқын 
болуына бірден-бір кепілі деп білемін. Себебі, білім адам ӛмірінің жарқын 
болашағы.
Саралап оқыту тәсілі- әр түрлі оқушылар тобының оқу әрекетін 
ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерін саралау 
тәсілдерін қамтиды.
Сабақта мақсатқа жету үшін, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жұмыстар 
ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының 
ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге кӛп кӛмегін тигізеді. 
Оқушылардың ӛздігінен істейтін жұмыстарын қазақ тілі сабағында 
түрлендіре іске асыруға болады. 
6 сыныптарда «Үстеу » сӛз табын ӛткен кезде мынадай ӛз бетімен жұмыс 
түрлерін ұсынуға болады. 
Әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып отыру керек. 
1-топ. Мезгіл үстеу бойынша қашан? -бүгін, ертең... 
2-топ. Дара үстеу бойынша -қыста, ерте... 
3-топ. Күрделі үстеу бойынша -бүгін, күндіз-түні... 
Менің ойымша, әрбір мұғалім сабақтан кейін, сабақ барысында қолданған 
әдіс – тәсілдерді оқушылардың белсенді жұмыс жасауына,сабақты меңгеруіне 
қаншалықты кӛмектескендігіне бүгінгі ӛткен сабақтары туралы бір-біріне 
сұрақтар қоюы арқылы білуге болады. Егер, сабақта кеткен қандай да бір 
кемшіліктер 
болса, 
сол 
кемшілікті 
келесі 
сабақтарда 
жібермеуге 
тырысады.Сабақтан кейін немесе сабақ соңында оқушылармен кері байланыс 
жасап отыруымыз тиіс. Міне осы секілді жұмыстар оқушыларды ойлануға, 
дәлел келтіре білуге жетелейді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. 
Сондықтан сыни ойлау тұрғысынан ӛз кӛзқарасын білдіруге, ӛз ойын жеткізіп, 
шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез- келген 
ақпараттарды тиімді қолдана отырып, ӛзіне қажетті мәліметті ала- алады. 
Зерттеу сабағында «Жеті ата-елтанудың бастауы» тақырыбы алынды. Оқу 
мақсаты ретінде «6.4.4.3 Үстеудің түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын 
түрлендіріп қолдану» таңдалды.
Сабақты жоспарлаған кезде сабақта бағалауды тиімді жүзеге асыруда 
қиындықтар кездесті. Бағалауды жоспарлау кезінде әр тапсырмадан кейін кері 
байланыс беру қажеттілігі туындады. Алайда тереңдетілген принцип бойынша 


оқушылар орындап болған тапсырмадан кейін келесіге кӛшті, ал оқушылардың 
тапсырмаларды орындау жылдамдығы әр түрлі. Тапсырманы орындап болған 
бірінші оқушының жұмысына кері байланыс беріп жатқан кезде екінші оқушы 
орындап болды, екіншіден кейін үшіншісі, үшіншісінен кейін тӛртінші, т.с.с. 
Сыныпта 25 оқушы болғандықтан, әр оқушыға кері байланыс беру сапасы 
тӛмен болады, тіпті кей оқушылардың жұмысы бағаланбай қалады деген қауіп 
болды. Сондықтан сабақта топтық жұмысты ұйымдастыруды ұйғардым. 
Сабақтың басында оқушыларға үстеудің 7 белгісін кезек-кезек кӛрсетіп 
оны жасырдым. Деңгейі жоғары оқушылар 2-тұжырымнан кейін-ақ үстеу 
екенін тапты. Орта және тӛмен деңгейлі оқушылар 5-тұжырымнан кейін 
сабақтың тақырыбы үстеумен байланысты екенін түсінді. Сабақтың 
тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін түсіндіріп болған соң, 
мағынаны тану мақсатында әр оқушыға үстеу түрлерінің ережесін бердім. Бұл 
мәтінді тез әрі сапалы меңгеруге мүмкіндік болды. 
3 және 4-тапсырмаларда топтар меңгерген үстеу сӛздерді берілген 
мәтіндегі бос орындарға мағынасы бойынша дұрыс орналастыруы және мәтінде 
үстеуі кездеспейтін 3 сӛйлемді үстеу сӛзді қосу арқылы ӛз сӛзімен қайтадан 
жазу (перфираз жасау) керек болды. Осы орайда бағалауда қиындықтар туды. 
Топтардың жұмысына ӛзінің тарапынан кері байланыс беруді жоспарладым, 
алайда 3-тапсырманы аяқтап болған топтармен қатар 2-тапсырманы тәмамдаған 
топтар да бағалауды қажет етті. Бұл жағдай мобильді жұмыс жасап, тез кері 
байланыс беруді талап еттім. Шығармашылық топтың ойынша, барлық 
жұмыстарға тиімді кері байланыс беріліп, сындарлы ұсыныстар айтылды. 
Әдетте дәстүрлі қазақ тілі сабағында топтарға тапсырма берген кезде 
барлығына бірдей уақыт берілді. Уақыт аяқталған соң топтар ӛз жұмыстарын 
ортаға шығып қорғап, мұғалімнен не сыныптастарынан кері байланыс алды. 
Осы орайда кей топтар тапсырманы тез, ал кейбіреулері баяу орындады. 1-
зерттеу сабағында саралап оқытудың тереңдетілген принципін қолдану 
нәтижесінде жоғары және орта деңгейлі оқушылардың қажеттіліктері ескерілді. 
Әр деңгейдегі оқушылар тапсырманы сапалы орындады. Шығармашылық топ 
тарапынан білу, түсіну, қолдану деңгейінде бағалау кезінде тапсырманы 
орындап болған топтарға шығарылған дайын жауаптарды беру ұсынылды. 
Себебі сабақтың бұл кезеңінде жеке бағалау толығымен ӛз қызметінде 
орындалып, мақсатына жетті. 
Оқушыларға әдебиет сабағы кезінде ӛз бетімен жұмыс жасаудың 
мынадай түрлерін беремін. Мысалы: «Пікірлер базары» белсенді әдісі арқылы 
«Кейіпкердің» іс-әрекетіне баға бергізіп, болжап, ойтолғау немесехат 
жазғызамын. Оқушыларды ӛздігінен жұмыс істей алуына негіз болды. Оқушы 
білімді ӛз бетімен жұмыс жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал білім алу 
барысында ешқандай ӛз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі 
тез ұмытылып, қажет жерінде оны қолдана алмайды деп ойлаймын. Содықтан 
оқушылар үшін ӛзіндік жұмыстың маңыздылығы осында. 
Мұғалімдік тәжірибемдегі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға 
қалыптастыру, ӛз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет