Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет31/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

фидбек (feedback) 
деген термин бар. 
Мұның аудармасы «кері байланыс» дегенді білдіреді. Бұл екі терминнің 
айырмашылықтары бар. 
Рефлексия – оқушыдан алған кері байланыстан сабағыңның қалай 
ӛткендігін ӛн бойыңнан ӛзі ӛткізіп, жіберілген кемшіліктеріңді саралап, келесі 
жоспарыңа түзету енгізу және рефлексияны әркім ӛз ісіне жасайды. Кері 
байланыс – сабақтың білім алушыға қаншалықты түсінікті болғандығын, 
сабағыңның қай деңгейде ӛткендігін және жеткізе алғандығыңның нәтижесін 
қысқа түрде білім алушыдан алу, бұл жерде кері байланыс басқаның іс-
әрекетіне беріледі. 
Тиімді кері байланыс белгілері: 

Кері байланысты уақтылы және жүйелі түрде беру; 

Ұсынымдардың анықтығы және нақтылығы. 
Оқытушы
Білім алушы
Білім алушы оқытудың қай 
сатысында?
 
Мен оқытудың қай сатысында 
тұрмын?
 
Олар білім алуда неге талпынады? 
Нәтижеге қалай қол жеткіземін? 
Бұған жетуге кӛмектесу үшін не 
істеу керек? 
Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім 
қажет? 
Кері байланыс беру жӛнінде ҧсыныстар


Үнемі тиімді кері байланыс жасаңыз және оқушыларды ӛз жұмысын және 
басқалардың жұмысын бағалауға үйретіңіз.

Түсіндірмесіз айтылатын «дұрыс емес», «ӛтірік», «кім жауап береді?» 
деген сӛздерден аулақ болыңыз. Ненің дұрыс емес екенін, оны түзету үшін не 
істеуге болатынын ұсыныңыз.

Қателігін емес, дұрыс орындалғанын айтыңыз.

Кемшіліктерді болдырмаудың жолдары немесе жауаптарын қалай 
жақсартуға болатыны жӛнінде ұсыныстар беріңіз.

Қателіктері туралы тӛмендегідей ақпарат бере аласыз: 

орналасуы; 

қателерінің түрі; 

қателерді жӛндеу үшін жасалатын әрекеттер. 



Оқушының жауабына берілетін кері байланысыңызда мысқылдайтын, 
сынайтын тұрғыдағы «орынсыз жауап», «бұлай ойлауға қандай қақың бар» 
және т.б. жағымсыз сӛздерді, сӛз тіркестерін қолданудан сақтаныңыз. 

Тиімді кері байланыс белгілері: уақытылы ұсыну; жүйелі ұсыну; анық 
және нақты болуы 
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімді дайын күйінде беруден 
гӛрі білім алушының ӛзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс 
есебінде түрлі әдістермен рефлексия жасату тиімділігін кӛрсетті. Кері байланыс 
жүргізу бір күннің іс-әрекеті емес, оған кӛп уақыт, ізденіс қажет. Ең алдымен, 
оқытушы кері байланыс жасауға білім алушыларын дағдыландырып алу қажет. 
Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. [1,36 б] 
Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: 
тақырыптың соңында, сабақ бӛлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге 
асыруға болады. Кері байланысты түрліше ӛткізуге болады: топтық рефлекси 
түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да 
жүргізуге болады. 
Сабақта оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруды, яғни кері 
байланысты тӛрт түрге бӛліп қарастырсақ. 

Дәстүрлі рефлексия 

Сауалнама рефлексиясы 

Ауызша рефлексия 

Жазбаша рефлексия 
Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: ӛз бетімен білім алуын, 
шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Ӛйткені 
бұл -ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар 
ӛз-ӛзіне есеп беріп, ӛз-ӛзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сӛйлеуге, 
ӛзін-ӛзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың 
белгілі бір уақытын бӛліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып 
тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар 
отыратын оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол 
іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін – ӛз жетістіктері мен қателіктері 
туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін ӛз қызметіне 
қажетті ӛзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат. [2,22-б]
Қорытындылай келгенде, рефлексия – кӛп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл 
әрекет оқушының психикалық қызметінің ӛзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің 
кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне кӛмегін тигізеді. 
Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары кӛрсеткіші екенін 
бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта 
аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға 
айналған. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды 
жинақылыққа тәрбиелеуге болады. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, кӛңіл-
күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға 
болады. Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар 


үшін: біріншіден, рефлексия-оқушыны ӛз-ӛзіне есеп беруге баулиды; 
екіншіден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз; үшіншіден, 
рефлексия арқылы оқушының ӛзіндік кӛзқарасы қалыптасады; тӛртіншіден, 
рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және 
рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни кӛзқарасы қалыптасады, ӛз-ӛзіне 
баға бере алады. 
Оқытушылар үшін тиімді жағы: біріншіден, оқытудағы кемшін тұстарын 
анықтайды; екіншіден, келесі сабақтың жоспарына ӛзгерістер енгізуге, түзетуге 
яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді; үшіншіден, 
уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді. [3.15-б] 
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер: 
-
тиімді кері байланыс оқушыларға ӛз күші мен осал жерлерін, осылардың 
ӛз оқуын жақсартуға қаншалықты кӛмек беретінін түсінеді; 
-
оқушылармен жұмыс істегенде олардың оқуын жақсартатындай тиімді 
кері байланыс құра алатын жағдайда болады; 
-
кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлай алатын 
болады. 
Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын 
жақсартуға болады деп толық айтуға болады. Кері байланыс оқытушының 
тәжірибесін және білім алушының білім деңгейін жоғары дәрежеге кӛтереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет