- Сабақта кӛптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Әдетте
баланың назары бір нәрсенің тӛңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын
естен шығармау керек.
- Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып,
сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Бұл
оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп кӛше отырып, тапсырманы түсінуге
кӛмектеседі, ӛткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде
бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.
- Сыныппен ӛзара әрекеттестік стилін ӛзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ
барысында ӛзінің қанша сӛйлейтіні туралы ойлануы керек. Оқушыларға сұрақ
қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін
бағдарлаған дұрыс. Сабақта бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін
араластырып қолдану тиімді болады. Сонымен, мұғалім сабақтың
құрылымдаған жоспарын жасағанда:
- оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бӛліктерін қамтуы;
- логикалық жағынан реттелген, оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен
тапсырмалар бойынша толық ақпарат ұсынуы;
- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-
тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала кӛре білуге және анықталған
дағдыларға қатысты шешім ұсынуы.
Қорыта айтқанда критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы
үрейленуді басады және мұғалімді «тӛрешілік» қызметінен босатып, оқушы
бойында ӛзін-ӛзі бағалау, ӛз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің
дамуына ықпал етеді.Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға
қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді.
Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске
асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса,
жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың
алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. Мұндай
бағалау кезінде ӛзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан
критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын
қарастыру. Сӛз соңында айтарым, дана халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы
жақсы» деп текке айтпаған. Сондықтан да шәкірт тәрбиелеу ісін қолға алған
ұстаздар әрқашан сол шәкірт үшін ізденуден талмай еңбек етуіміз керек. Сонда
ғана біздің шәкірттер болашақ тізгінін басқарар кӛшбасшылар қатарында
болады.
Достарыңызбен бөлісу: