Көз – көру мүшесі (латынша – oculus, грекше - ophthalmos). Көз ауруларын, көздің және оның қосымша мүшелерінің қызметтерінің бұзылуын зерттеу, анықтау, емдеу үшін бірінші кезекте олардың анатомиясы мен физиологиясын жақсы білу қажет. Көз жұп мүше және ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың пішінін, көлемін, түсін, және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратадыАдам және тағы басқа сүт қоректі жануарларда, құстарда ол дамудың ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Көз - көз алмасынан, қорғаныш және қосымша мүшелерден, көз бұлшық еттерінен тұрады.