Азот
Азот — иіссіз, түссіз газ. Суда ерігіштігі, балқу және қайнау температуралы төмен. Азотты көп мөлшерде аммиак алу үшін қолданады. Өсімдіктер мен жануарлар үшін маңызы зор, өйткені ол белоктық заттардың құрамына кіреді.
1) Қысым мен температура жоғары болғанда сутекпен әрекеттеседі:
N2+3H2 ↔ 2NH3
2) Бейметалдармен әрекеттесуі:
N2+O2←→2NO
3) Қыздырғанда көптеген металдармен нитридтер түзеді:
3Mg+N2←→Mg3N2
Фосфор
Фосфор — бейметалл, 4 аллотропиялық түрі бар. Ақ фосфорды 280-340 градус аралығында қыздырса, қызыл фосфор пайда болады. Қызыл фосфорды балқытуға болмайды, қыздырса буға айналады. Фосфор сутекпен РН3-фосфин қосылысын түзеді. Ал металдармен әрекеттесіп, фосфидтер түзеді (Са3Р2-кальций фосфиді).
Достарыңызбен бөлісу: |