Стехиометрия заттардыңарасындағымассалықжәнекөлемдікқатынастардықарастыратынхимияныңбөлімі. «Стехиометриялықмөлшер»



бет90/93
Дата26.01.2022
өлшемі302,24 Kb.
#129907
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Байланысты:
химия жауаптар емтихан

Ауаның құрамы


Ауаның құрамында оттегі бар екендігін 1774 жылы француз ғалымы А. Лавузье анықтаған.

Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды (13- сурет).

Ауада оттегіден басқа жануды қолдамайтын азот ~78%, ~1 % бекзат газдар (неон, гелий, аргон, т. б.) және ~ 1% басқа айнымалы ластаушы газдар бар. Мr(O2) = 32 г/моль, Mr(N2) = 28 г/моль болса, Мауа= 32 • 22% + 28 • 78% ≈ 29.

Ауадағы оттегінің мөлшері техногендік факторлардың әсерінен азайып отырады, ол механикалық және химиялық жолмен жүреді.

Механикалық әсерлер: газ, шаң күйіндегі химиялық заттар. Химиялық өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда (Өскемен, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Хромтау, Текелі, Павлодар, т.б.) экологиялық мәселелер ушығып отыр, ал үлкен қалаларда бұл мәселе автокөліктер әсерінен шиеленісуде.

Жергілікті жерлерде өндірістік әсерлердің, әр түрлі болғандығынан ластаушы газдардың құрамы әр түрлі болады (жылу электр стансалары (ЖЭС), зауыттардың, автокөліктердің газдары). Олардың шамасы біразға дейін қоршаған ортаға зиян тигізе қоймайды, заттардың осы мөлшері зиянсыз шамасының шегі (ЗШШ) деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет