Стереометрия есептерін шығару (қолданбалы курс бағдарламасы, 11 сынып)



бет11/31
Дата18.10.2023
өлшемі3,72 Mb.
#186454
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
Стереометрия есептерін шығару. Казжанова ГЗ

Тест тапсырмасы. II – нұсқа.
1. Квадраттың периметрі 24см болса, оның қабырғасын табыңыз.
А 12см, В 8см, С 6см, Д 3см, Е 9см
2. Цилиндрдің табанының ауданы 25π см, жасаушысы 24 см. Осьтік қимасының диагоналін табыңдар.
А 26см, В 13см, С 12см, Д 8см, Е 9см
3.Табанының радиусы 4 см және биіктігі 6 см цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін табыңдар.
А 10см, В 12см, С 15см, Д 7см, Е 14см
Бекіту: Әр оқушының жұмысын жеке – жеке тексеру.
Сабақты қорытындылау:



Сабақ №19-№20
Сабақ тақырыбы: Конус, оның бетінің ауданын табу есептері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға конус және олардың элементтері туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын және конустың көлемін табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу;
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, есептер шығару, СТО, АКТ.
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, проектор, таратпа материалдар, бағалау парақшасы т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Топтардың атын оларға сұрақ қою арқылы белгілеп аламыз.
1. Барлық нүктесі берілген нүктеден (шеңбер центрінен) бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық. (Шеңбер)
2.Шеңберді ішіндегі жазықтықпен алғандағы фигура. (Дөңгелек)
3. Шеңбердің доғасымен және оның екі радиусымен шектелген бөлігі. (Сектор)
Сабақ жоспары:
Конустың түрлері
Табаны дөңгелек болып келетін және оның биіктігінің табаны дөңгелектің центріне дәл түсетін конусты тік дөңгелек конус деп атаймыз.
Тік емес конустар мектеп курсында қарастырылмайды. Бұл конус айналу денесі болмайды.
Конустың қималары
1 - сурет – Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима – тең бүйірлі үшбұрыш
2 - сурет – Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш
3 - сурет – Конусты оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы – дөңгелек
4 - сурет – Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.
3- топ: Негізгі формулалары? Конус айналу денесіне ұқсайтын обьектілерді ата?
Негізгі формулалар
Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет