Стереометрия есептерін шығару (қолданбалы курс бағдарламасы, 11 сынып)



бет10/31
Дата18.10.2023
өлшемі3,72 Mb.
#186454
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Стереометрия есептерін шығару. Казжанова ГЗ

Сабақ №15-№18
Тақырыбы: Цилиндр,оның бетініңжәне көлемін табу есептері
Мақсаты: Жаңа талапқа сай, жаңа технологияны қолдана отырып,еліміздің ертеңі болар жас ұрпаққа сапслы білім беру.
1.Білімділік: Цилиндрдің анықтамасы элементтері, қасиеттері,қималары туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық:Білімдерін есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру,өз бетінше ізденуге тәрбиелеу
3.Тәрбиелілік: Оқушыларды өз ойларын тұжырымдап,шапшаң,жинақы айта білуге үйрету,ұқыптылыққа баулу,ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: есептер жинағы,тест кітапшалары,кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу,топтастыру,оқушылардың назарын сабаққа аудару
"Миға шабул" сұрақтар беріп өткен тақырыпты еске түсіру
"Қайталау оқу айнасы"
Призма дегеніміз не ?
Призманың элементтерін ата
Пирамида дегеніміз не ?
Пирамиданың элементтерін ата
Шеңбердің ұзындығының формуласы қалай?
Дөңгелектің ауданының формуласы қалай?
Лекция
Практикада бізге фигураларды жазықтықта бұруға қарағанда ,фигураларды кеңістікте осьтен айналдыра бұру жиі кездеседі.Біз күнделікті өмірде өз осінен айналуына куә болып жүрміз. Жер күнді айналады,өз осіненде айналады. Есікті ашқанда – бұлесіктің топса орналасқан түзу оның айналу осі. Цилиндрде айналу денесіне жатады. Цилиндр деп тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны айтады. Тіктөртбұрыштың ОА және ОВ қабырғалары параллель жазықтықтарда жататын тең дөңгелектер жасайды. Бұл дөңгелектер цилиндрдің табандары, ал олардың радиустары цилиндрдің радиустары деп аталады. АВ қабырғасы цилиндрдің осіне параллель болады,ол цилиндрдің жасаушысы оның табан жазықтығына перпендикуляр. Жасаушының ұзындығы цилиндрге биіктік болады,ол табандарының арақашықтығына тең.Егер жасаушылары табандарына перпендикуляр болса,онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады.
Ц илиндрдің әртүрлі жазықтықтармен қимасын қарастырайық. Цилиндрдің жазықтықпен қимасы деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасушысынан немесе табанынан өзгеше фигураны ,яғни цилиндр мен жазықтықтың ортақ бөлігін айтады. Қиманы цилиндрдің осі арқылы жүргізуге болады. Мұндай қималар осьтік қималар деп аталады.

Оқушыларға үлестірмелі тапсырмалар беріледі,орындарынан есепті шығарып тақтаға шығып түсіндіреді.
1- топ "Пирамида".
1.Цилиндр табанының радиусы 3см,биіктігі 8см. Осьтік қиманың диагоналін табыңдар.
2. Цилиндрдің табандарындағы шеңберлерді қиятын түзу табандарымен 60° бұрыш жасап ,остен 5см қашықтықта.Егер табанының радиусы 13см болса,цилиндрдің биіктігін табыңыз.

2 – топ "Призма".


1.Табанының радиусы 3см,осьтік қимасының диагоналы 10см цилиндр берілген. Цилиндрдің биіктігін табыңыз.


2.Цилиндрдің биіктігі 16 см.Цилиндр осінен 6см қашықтықта квадрат пішіндес және цилиндр осіне параллель қима жүргізілген. Цилиндрдің радиусын табыңдар.

Тест жұмысы. I нұсқа.
1.Үшбұрышты тік призманың барлық қырлары өзара тең.Оның бүйір бетінің 48 см – ге тең.Биіктігін табыңыз.
А 4см, В 8см, С 6см, Д 12см Е 24см
2.Цилиндрдің табанының радиусы 5см,биіктігі12см. Осьтік қиманың диагоналін табыңыз.
А 10см, В 12см, С 13см, Д 15см, Е 7см
3.Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 12дм және 3дм. Бүйір қыры 6дм. Пирамиданың биіктігін табыңыз
А 3дм, В 6дм, С 9дм, Д 8дм, Е 12дм


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет