Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы


Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері



бет5/6
Дата01.02.2023
өлшемі184,6 Kb.
#167063
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
стиль турлері

Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері
  • Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
  • Тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер(жаңа сөздер);
  • Толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер (сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Мысалы: Жау келіп қалды… – келіп қалды. Элипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады. Мысалы: Қар көшкіні болады дейді. Қар көшкіні? );
  • Тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.

  • Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.

Ғылыми стиль
Ғылыми стиль – адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.
Ғылыми стильдің ерекше функционалдық қызметі:
  • Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізу;
  • Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
  • Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.

Ғылыми стильдің тілдік көріністері
  • Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады;
  • Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады;
  • Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі(штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады;
  • Сөйлемдердің мына құрылымдық түрлдері көп жұмсалып, оған өзіндік ерекшелік береді:
  • Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. Мысалы: Алюмений тез балқиды.
  • Ырықсыз етістіктен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады. Мысалы: Бидай құнарлы жерге егіледі.

  • Ғылыми мәтін қатаң логикалық желімен құрылады.

Ресим іс-қағаздар стилі
Іс қағаздар дегеніміз- жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша(ауызша) қарым-қатынас құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет