«стоматология» мамандығЫ Үшін силабус


Жүйке жүйесінің қорғаныстық тетіктері



бет5/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,57 Mb.
#34117
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жүйке жүйесінің қорғаныстық тетіктері


  • Мый қабықтары, нейронды қоршаған глиальды және шванн жасушалары

  • микроглия (мононуклеарлы фагоциттер жүйесі)

  • гематоэнцефалдық тосқауыл

  • қарсы жүйелер (антиноцицепті, антиэпилепсиялық)

  • жүйкелік түзілістердің қызмет етуінің жоғарғы дәрежесі.

Этиологиялық жайттар әсерінің ерекшеліктері


  • күшті және ұзақ болған сайын әсері маңызды болады

  • жалпы мөлшерде аз, әлсіз, бірақ ұзақ және ұдайы әсер ететін жайттар бір реттік әсер еткенге қарағанда зақымдаушы әсер көрсетуі мүмкін ( Беринг эффектісі).

  • қызметі бұзылуының дәрежесі зақымданған нейрондар санына ғана байланысты емес, қызметтік ақауды жоғарылататын тежелу аймағының түзілуіне де байланысты

Жүйке жүйесіне дертті агенттердің түсу жолдары


  • гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы

  • жүйке бағанасы бойымен.

Жүйке жүйесі қызметі және жүйке қызметі реттелуі бұзылуы шартты-рефлекторлы түрде шақырылуы мүмкін.


Экзогенді және эндогенді этиологиялық жайттар


эндогенді тетіктер зақымдануының қалыптасуы

(салдарлық ішкі этиологиялық жайттар )


    • нейрондар зақымдануы

    • нейрон аралық байланыстардың зақымдануы

    • ДКҚО- дерттік күшейген қозу ошағының қалыптасуы

    • дерттік детерминанта және жүйе қалыптасуы

Нейрондар зақымдануы

  • нейрондар денесінің зақымдануы

  • аксондардың зақымдануы.

  • дендриттердің зақымдануы

  • синапстық аппарат қызметінің бұзылысы

Нейрондар зақымдануының патогенезінде маңызы бар :

  • мембрана және ферменттік жүйе зақымдануы

  • қажыммен қамтамасыз етілуінің бұзылысы

  • иондық теңсіздік

  • жасуша реттелуінің бұзылысы

НЕЙРОНДАР МЕМБРАНАСЫ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ патогенезІ

  • ЛАТ әсерленуі

  • мембраналық фосфолипаза және басқа гидролазалар белсенділенуі

  • осмостық зақымдануы

  • иммундық зақымдануы
Аксондар зақымдануы

1. Қозу өткізілуінің бұзылысы



    • қабынуда, жүйкенің тыртықты өзгерістерінде,

    • жүйке аяқшаларының қысылуында,

    • жүйке аяқшаларының демиелинизациялануында ,

    • аксон дегенерациясында,

    • Na++ - АҮФ-аза тежелуінде

2. Аксондық тасымалданудың бұзылысы

    • микротүтіктер және нейрофиламенттің бұзылысында (колхицин, винбластин),

    • АҮФ жеткіліксіздігінде,

    • аксон дегенерациясында (вит. В1 және В6 жеткіліксіздігі, өндірістік улар - гексахлороформ, әлкогөл)

нейрондар және олармен жүйкеленетін тіндердің дистрофиясы.


Дендриттер зақымдануы

  • ишемия, мый шайқалуы, стресс

  • қартайған шақта қайталанып, қарттық ақыл-ес кемістігінде болмайды


жүйке жүйесінің интегративті қызметінің бұзылуы,

синапстық жанасу аумағының азаюы,

эпилепсиялық белсенділіктің пайда болуы.


синапстЫқ аппарат

дәнекерлердің түзілуі ® синапстық саңылауға дәнекерлердің тасымалдануы ® пресинапстық аймаққа жиналуы ® синапстық саңылауға шығарылуы ® қабылдағыштармен өзара әрекеттесуі ® нейромедиаторлардың ыдырауы, кері қамтылу .


Синапстық аппараттың зақымдануы

1. дәнекер түзілуінің бұзылысы

2. дәнекер тасымалдануының бұзылысы

3. жүйке аяқшаларында дәнекерлер жиналуының бұзылысы

4. синапстық саңылауға дәнекер бөлінуінің бұзылысы

5. қабылдағыш пен дәнекерлердің өзара әрекеттесуінің бұзылысы

6. синапстық саңылаудан дәнекердің кері қамтылуының бұзылысы


Дерттік күшейген қозу генераторы (ДКҚГ) бұл бақыланбайтын, күшейген серпіндер өндіретін күшті әсерленген нейрондар тобы.

Түзілу тетіктері:



  • нейрондардың тұрақты айқын деполяризациясы (қоздырғыш нейромедиатор, гипоксия ж.б.)

  • нейрондардың тежелуінің тапшылығы (ГАМК өндірілуі төмендеуі немесе қабылдағыштардың бөгелуі)

  • нейрондардың деафферентациясы (шеткері ағзалардан тежейтін әсердің болмауы)

  • нейрондардың зақымдануы және оның қоршауының өзгеруі.

ДКҚГ ® дерттік детерминанта ® дерттік жүйе ® нейропатологиялық синдромдар

Жүйке жүйесі бұзылыстарының негізгі көріністері


  • тежелудің тапшылығы, тежелуден шығу синдромы

  • денервациялық синдром

  • деафферентациялық синдром

  • нәрленістің бұзылуы.

Тежелудің тапшылығы. Тежелуден шығу синдромы ® ОЖЖ төменгі бөліктерінің жоғарғы бөліктердің бақылаушы әсерінен шығуы.

  • біріншілік - тежеуші тетіктердің тікелей зақымдануы әсерінен (сіреспе уы, стрихнин, конвульсанттар, тежелудің ГАМК-ергиялық тетіктерінің бұзылуы)

  • екіншілік - нейрондардың шектен тыс әсерленуін тудыратын деполяризациялайтын агенттердің (қоздырғыш аминқышқылдарының) әсерінен.

¯

Нейронның қатты қозуы және ДКҚГ қалыптасуы

Денервациялық синдром– постсинапстық нейрондарда, ағзалар мен тіндерде бұл құрылымдарға жүйкелік әсерлердің түспеуінен дамитын өзгерістер жиынтығы.


¯

Бұлшықет талшықтарында табақшалардың жойылуы,

Бұлшықет талшығының өне бойында ацетилхолиндік рецепторлардың пайда болуы

¯

Ацетилхолин мен басқа БАЗ-ға сезімталдықтың жоғарылауы



¯

Бұлшықеттердің ұдайы тартылуы (жыбырлауы)


Деафферентация синдромыбұл нейронға түсетін – афференттік серпіннің мүлде болмауы


¯

Нейрон өозғыштығының жоғарылауы және тежелу тетіктерінің бұзылуы

¯

ДКҚГ қалыптасуы


Ағзалар мен тіндерде нәрленістің бұзылуы – нәрленіс дегеніміз басқа нейрондар мен тіндердің – жүйкелейтін құрылымдардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін нейронның нәрленістік әсері.


Трофогендер (трофикалық жайттар), нейропептидтер - эндорфин, энкефалин, жүйкенің өсу жайттының дәнекерлері, басқа өсу жайттары.

Патотрофогендер – зақымданған нейрондарда түзілетін заттар.
Трофогендер түзілуі бұзылуы

¯

Трофогендердің аксондармен тасымалдануы бұзылуы,



патотрофогендер түзілуі

¯

Дистрофиялық өзгерістер:



Зат алмасуы бұзылуы, тектік аппараттың тежелуден шығуы ® аутоантиген болып табылатын дерттік нәруыздардың түзілуі ® аутоиммундық үрдістердің әсерленуі, екіншілік жұқпалардың қосылуы, атрофия

Көрсетілетін материал:

  1. дәрістердің мультимедиялық қойылымы

  2. дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. –ҚазҰМУ кітапханасында және электронды нұсқасы кафедрада

Әдебиеттер:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 662-704

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 596-625.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010; т.2.-С.-528-566

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-386

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.-С.503-513

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.

  1. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

Кері байланыс

  1. Жүйке жүйесіне патогенді агенттердің түсу жолдары

  2. Жүйке жүйесінің қорғаныс тетіктері

  3. Жүйке жүйесі бұзылыстарының негізгі көріністері

11 тақырып СЫРТҚЫ ТЫНЫС ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ



Мақсаты: тыныс жеткіліксіздігі дамуында ұяшықтардағы вентиляция, өкпе қылтамырларындағы газдардың диффузиясы және перфузиясының бұзылыстарының маңызын түсіндіру

Дәріс жоспары:

  1. Тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Тыныс жеткіліксіздігінің түрлері.

  2. Тыныс жеткіліксіздігінің вентиляциялық түрі. Этиологиясы, патогенезі.

  3. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық және перфузиялық түрлері, себептері, салдарлары.

  4. Тыныстың патологиялық түрлері, даму тетіктері.

  5. Үзілісті тыныс, түсініктеме, түрлері, даму жолдары.

  6. Терминалды тыныс алу түрлері

  7. Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігудің түрлері.

  8. Тұншығу туралы түсінік, себептері, олардың патогенезі. Тұншығудың сатылары және олардың сипаттамасы.

Дәріс тезистері

«Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады» . Н.Н.Зайко.

ТЖ себептері:

Тыныс алу реттелуінің Тыныс алу Кеуде қуы- Тыныс алу Өкпе тінінің дерттік

бұзылыстары: бұлшықеттеріне сы қозғалыс- жолдарының өзгерістері:


  • Мидағы тыныстық жүйкелік серпін- тарының бұ- бұзылыстары: -өкпе тіні кішіреюінен

орталықтың(тыныштан дер тарауының зылыстары: -бөгде зат (пневмонэктомия)

дыратын дәрілік заттар, бұзылыстары неме- -кифосколиоз түскенде -қызмет атқаратын өк-

есірткілердің әсерлерінен) се тыныстық бұлшық- -торакопластика -өспе өскенде пе ұяшықтарының


  • Тыныстық орталықтың еттердің өздерінің -пневмоторакс -бронхоспазм азайып кетуінен(ате-

құрылымдық (ми жарақаты, бүліністері: -гидроторакс -кеңірдекшелер лектаз, пневмония)

бас миының өспесі) бүліністері -жұлынның қимыл- -гемоторакс сыртынан қы- -өкпе тінінің көлемдік



  • Тыныстық орталыққа дық нейрондарының -іш шемені сылып қалғанда -созылғыштығы азаюы-

бағытталатын жүйкелік сер- бүліністері (полиомиелит) -іш кебуі нан,мәселен пневмо-

піндердін бұзылыстарынан. –шеткері түйіспелердің -гепатомегалия склероз,эмфизема ке-

бүліністерінен (миастения) зінде

-тыныстық бұлшықеттердің - тыныстық қауырт

қабынуы (миозит) немесе дистресс синдромы

дистрофиясы. кезінде


Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері:

Орналасуы бойынша

  • Тыныс жолдарының дерттері кезіндегі ТЖ

  • Өкпе зақымдануы кезіндегі – ұлпалық

  • Кеуделік (кеуде қуысының зақымдануы кезінде)

  • Жүйке-бұлшықеттік

  • Орталықтық

Патогенезі бойынша

  • Өкпе ұяшықтары желдетілуінің бұзылыстарынан

  • Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарынан

  • Өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан

Ағымы бойынша

  • Жіті (бірнеше минут, сағат ішінде)

  • Тыныс алу жолдарына бөгде зат түскенде

  • ларингоспазм

  • өкпе артериясының тромбэмболиясы

  • асфиксия

  • Жітілеу (бір тәулік ішінде)

  • жіті пневмония

  • гемоторакс, пневмоторакс

  • өкпе ісінуі

  • сүлде (бірнеше айлар және жылдар ішінде)

  • пневмосклероз

  • өкпе эмфиземасы

  • өкпе туберкулезі

Сыртқы тыныстың созылмалы жеткіліксіздігінің сатылары:


  • Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің теңгерілген сатысында өкпе желдетілуі бұзылуының белгілер болғанымен қанда оттегінің қалыпты деңгейі ұсталып тұрады.

  • Шала теңгерілген субкомпенсациялық жеткіліксіздік сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе төмендеген,өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы бұзылған болады. Қанда тотыққан,оксигемоглобиннің деңгейі 93%-дан аз (НВО2 < 93%).

  • Теңгерілмеген сатысында ауыр гипоксемия (НВО2<75 %) және гиперкапния дамиды.

ТЖ түрлері


Гипоксемиялық түрі Гиперкапниялық-

(1-түрі) немесе гипоксемиялық түрі

Ұлпалық ТЖ (II түрі) немесе

(артериялық гипоксемия вентиляциялық ТЖ

рО2<60 мм с.б.)

себептері: себептері:

өкпе ұлпасының және ұсақ ұяшықтық гиповентиляция

тыныс жолдарының → СО2 шығарылуының

ауыр аурулары бұзылуы және гиперкапния (рСО2>45 мм с.б.),

даму тетіктері: газдық ацидоз, гипоксемия және


  • Дем алатын ауада рО2↓; газдық емес ацидоз.

  • Ұяшық-қылтамыр мембранасы арқылы

  • газдар диффузиясының бұзылуы ;

арақатынастың бұзылуы;

  • веналық қанның жүректің сол

бөлігіне тікелей түсуі немесе

шунтталуы


Өкпе гиповентиляциясы

  1. Өкпе гиповентиляциясының обструктивті түрі жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда дамиды

Жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылуы

Себептері:

  • Кеңірдекке тағамның немесе басқа да бөгде заттың түсуі

  • Тыныс жолдарының қақырықпен, құсықпен бітелуі

  • Бронх өспесі

  • Кома жағдайында, наркоз кезінде тілінің көмейіне түсіп кетуі

  • Қабыну кезінде бронх шырышты қабатының ісінуі

  • Көмейдің ісінуі

  • жоғары тыныс жолдарының өспемен, ұлғайған қалқанша безімен, көмекей арты іріңдікпен басылуы

тыныс - стеноздық, сирек, демді ішке алу уақыты ұзарған


Төменгі тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылуы

Себептері

  • Бронх және бронхиолоспазм

  • Қабынуда кеңірдекшелер қабырғасының ісінуі

  • Кеңірдекшелердің дерттік сұйықтықтармен (экссудат) бітелуі

  • Ұсақ кеңірдекшелердің транспульмоналдық қысымның жоғарылауынан қысылуы эмфиземада өкпе серпімділігінің жоғалуы)

Демді шығару фазасының қиындауы




  1. Өкпе гиповентиляциясының рестриктивті түрі өкпенің жайылуы бұзылуынан өкпенің тыныстық беті азайғанда дамиды.

Себептері

  • Өкпеішілік

  • пневмониялар

  • өкпе ателектазы

  • өкпе өспелері

  • пневмосклероз

  • сурфактант тапшылығы

  • Өкпеден тыс

  • Қабырғааралық бұлшық еттердің миозиттері, миастения- бұлшықеттік әлсіздік, бұлшықеттік қажу (кеңірдекшелердің бітелуі, эмфизема)

  • Көкеттің зақымдануы (дем алудың негізгі бұлшықеттері (вентиляцияның 2/3 бөлігін береді) ® күтпеген, әдеттен тыс тыныс (дем ішке алғанда эпигастр төмен түседі)

  • гидро-, пневмо-, гемоторакс, плевриттер

  • қабырғаның, омыртқаның тұқымқуатын немесе жүре пайда болған ақауы, қабырға шеміршектерінің сүйектенуі® кеуде сарайының иілгіштігінің төмендеуі

  • асцит, метеоризм, гепатомегалия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет