Студентінің анықтамалық-жолсілтемесі



Дата20.06.2018
өлшемі2,78 Mb.
#43607
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СТУДЕНТІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕМЕСІ

КӨКШЕТАУ 2017
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ

Ғылыми кеңесінің отырысында

бекітілген

28.08.2017ж. № 11 хаттама

Бұл басылым Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде білім алушылардың студенттік өмірінен мәлімет беретін анықтамалық және жолсілтеме болып табылады. Анықтамалық-жолсілтеме Сізге университеттің құрылымы, орналасқан орны, кредиттік оқыту технологияларын ұйымдастыру бойынша ережелер, студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы мәліметтер береді. «Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студентінің анықтамалық-жолсілтемесінің» сізге біздің университетімізге бейімделу барысында сенімді көмекші болатынына сеніміміз мол.

МАЗМҰНЫ




Кіріспе
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Университет тарихы

Университет әнұраны

Университет кітапханасы


КМУ-дегі ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кредиттік оқыту технологиясы туралы

Офис Регистратор

Таңдау пәндеріне тіркелу

Тәлімгер мен эдвайзер – Сіздің жетекшіңіз

Студенттік өзіндік жұмысы

Білімді бақылау және бағалау қалай жүзеге асырылады?

GPA дегеніміз не және оны қалай есептеу керек?

Жазғы семестр не үшін қажет және одан қалай құтылуға болады?

Бір курста қайта оқытуға қалай қалмауға болады?

Мемлекеттік емтихандар және үздік диплом туралы

Университеттен не үшін оқудан шығаруы мүмкін?

Қандай жағдайларда мемлекеттік гранттан айырылып қалуы мүмкін?

Қандай жағдайларда академиялық демалыс ресімдеуге болады?

Қандай жағдайларда стипендия тағайындалады?

КМУ-гі ауысу және қайта оқуға қабылдану тәртібі


Тілек


4
5

5

9



10
11

11

12



13

13

14



15

18

18



19

19

19



20

20

20



21
22

КІРІСПЕ


Құрметті Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенті!

Анықтамалық-жолсілтеме – білім алушыларға арналған және университеттің ішкі тәртібінің ережелері, білім беру үдерісінің ұйымдастыру және рәсімдік нормалары туралы жүйеленген қысқаша ақпараттардан тұратын ақпараттық көздің бір түрі. Сіз бұл анықтамалықтан өз құқықтарыңыз мен міндеттемелеріңіз, КМУ студентінің тек университеттегі оқу барысы кезіндегі ғана емес, сонымен қатар күнделіктегі өмір және одан тыс жерлердегі тәртіп ережелері туралы ақпараттарды таба аласыз. Анықтамалық-жолсілтемеден Сіз университеттің жастар және спорттық ұйымдары туралы ақпараттарды таба аласыз; сондай-ақ ЖОО оқыту барысында, оның ішінде әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша туындайтын сұрақтарға да жауап ала аласыз.

Анықтамалықта Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-гі кредиттік оқыту технологиясы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына, Кредиттік оқыту технологиялары ережелері мен халықаралық білім стандарттарына сәйкес білімді бағалау туралы ақпараттар берілген. Сіз қандай жағдайлар барысында халықаралық білім беру гранттарына қатысуға, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-мен ынтымақтастықтағы шетелдік ЖОО-да тағылымдамадан өту және оқуға болатыны жайында мәлімет алуға болады.

Бірінші курс студенттері 1 қыркүйекте «Білім күні» университет және өзінің факультеті жайындағы ең алғашқы ақпаратпен танысады. Одан ары қарай Сізге Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студентінің анықтамалық-жолсілтемесі қол ұшын береді. Өтініш (жатақханадан орын алу, аралық аттестаттау мен мерзімінен бұрын тапсыруға рұқсат, оқу үшін төленетін ақынының мерзімін ұзарту және т.б.) үлгілері Сіз оқитын факультеттегі деканаттарда бар. Өзіңіздің академиялық тобыңыз бойынша туындайтын барлық мәселелерді Сіз топ басшы, топ тәлімгері, факультет эдвайзері арқылы шешуге тиістісіз.

Олар көмек көрсете алмаған жағдайда, Сіз факультетіңізге жетекшілік ететін деканға өз өтінішіңізбен жүгіне аласыз. Декан өз құзыреттілігі шеңберінде Сізге мәселені шешуге қол ұшын береді. Сіз жүгіне алатын университеттің ең соңғы сатысы – Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры. Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы – сәрсенбі, жұма; сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін оның топтамасына жүгіне аласыз.

УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР


Университет тарихы
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен біздің өңірдегі ең көне жоғары оқу орындарының: педагогикалық институт, Қарағанды политехникалық институтының филиалы және ауылшаруашылығы институты негізінде 1996 жылы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 31 қаңтардағы № 163 Қаулысына сәйкес Ш.Уәлиханов атындағы Көшетау мемлекеттік университеті «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Университетте 5 мың шақты студент білім алуда. Бакалаврлар даярлығы 53 мамандық бойынша 6 факультетте жүзеге асырылуда:

- Филология

- С. Сәдуақасов атындағы Аграрлық-техникалық институты

- Физика-математикалық

- Экономика және ақпараттық технологиялар

- Тарих және заңтану

- Жаратылыстану- педагогика

- Туризм, спорт және дизайн

- Сырттай оқыту түріндегі факультет.

Университетте ірі ғалымдар мен ғылыми-педагогикалық қызметте көп жыл еңбек еткен тәжірибелі педагогтар, олардың ішінде ғылым кандидаттары мен докторлары, профессорлар мен доценттер, аға оқытушылар мен магистранттар қызмет етеді.

Университеттің көпдеңгейлі құрылымы магистратура (28 мамандық) мен докторантурадан (3 мамандық) тұрады. 2015 жылы университет 6D011900-Шет тілі, 6D010900-Математика, 6D011900-Филология мамандықтары бойынша PhD докторларын даярлауға лицензия алды.

Орта-арнаулы білімі бар мамандар оқуды жоғары кәсіби білім (күндізгі, кешкі және сырттай оқыту түріндегі) беретін жеделдетілген (үшжылдық) бағдарлама бойынша жалғастыра алады. Оқыту қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша жүзеге асырылады.

Білімді қоғам дамуының басымды бағыттарының бірі санаған университеттің профессор-оқытушы құрамы мен студенттер ұжымы, экономика, филология, ауылшаруашылығы, педагогика, химия, физика және т.б. салалардағы өз жетістіктерімен республиканың зияткерлік саласындағы көшбасшыларға айналуда, құрмет атақтарының, республикалық ғылыми гранттар мен халықаралық, республикалық және жоғары оқу орны ішіндегі стипендия иегерлері болуда.

Университетте жоғары білім сапасын бақылау жүйесі енгізілген және ол сәтті әрекет етуде. ҚР БҒМ ҰАО-мен өткізілген 2010 жылғы мамандықтардың Ұлттық рейтингісі нәтижелері бойынша, университет «050118 – Орыс тілі мен әдебиеті» және «050807 - Орман шаруашылығы ісі» бағыттары бойынша республикадағы үздік жоғары оқу орындарының үштігіне енді. Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстан агенттігімен өткізілген бас рейтингте университет республикадағы көпбейінді ЖОО арасында жетінші орынға ие болды.

Қазақстан Республикасы ЖОО-н саралау қорытындылары бойынша 2011 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бакалавриатының 10 мамандығы озық орындарды иеленді.

1-орын

5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті



5В070700-Тау-кен ісі

5В080600-Аграрлық техника және технология

5В080700-Орман ресурстары және орман шаруашылығы

2-орын


5В011800- Орыс тілі мен әдебиеті

3-орын


5В011200-Химия

5В011300-Биология

5В070100-Биотехнология

5В080100-Агрономия

5В080800-Топырақтану және агрохимия

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстан агенттігімен өткізілген 2011-бас рейтингісінде университет республикадағы көпбейінді ЖОО арасында тоғызыншы орынға ие болды.

Қазақстан Республикасындағы ЖОО саралау қорытындылары бойынша Ш.Уәлиханов атындағы КМУ бакалавриатының 6 мамандығы озық орындарды иеленді.
1-орын

5В011200 – Химия

2-орын

5В011500 – Құқық және экономика негіздері



5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

5В080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы

5В011100 – Информатика

3-орын


5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстан агенттігімен өткізілген 2012-бас рейтингісінде университет республикадағы көпбейінді ЖОО арасында сегізінші орынға ие болды.

Университет Quacquarelli Symonds Limited (QS) (Ұлыбритания) Халықаралық агенттігімен университеттердің халықаралық саралауы бойынша өткізілген академиялық рейтингіге, сондай-ақ Cybermetrics Lab (Webometrics Ranking of World Universities) (Испания) зертханасымен өткізілген вебометрикалық рейтингіге қатысты.

Келесі Халықаралық марапаттар Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің халықаралық тұрғыдан танылуына себепкер болды: European Quality» («Еуропалық сапа») (Ұлыбритания) бизнес және өнер жоғары ассамблеясының Халықаралық марапат белгісі, «XXI жүзжылдық көшбасшылары» бағдарламасы шеңберіндегі «Мыңжылдық» халықаралық марапат белгісі.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті, ИСО 9001-2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін сертификаттаудан өтті, Қазақстан Республикасы ЖОО-ның алғашқыларының бірі болып Ұлттық Институционалдық аккредиттеуден (тіркеуден) ойдағыдай өтті. Университеттің сапа менеджменті жүйесі 2012 жылы ИСО 9001-2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін қайта сертификаттаудан ойдағыдай өтті.

Академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында университет студенттері бір академиялық кезең барысында Қазақстанның озық ЖОО-да оқып, білім алады.Қазақстанның басқа да ЖОО-ның студенттерінің біздің университетімізде білім алуларына мүмкіндіктері бар. «Эразмус», «Эразмус Мундус», «ДААД», «АЙРЕКС», «ЛОГО», «ТЕМПУС» және т.б. халықаралық алмасу бағдарламалары шеңберінде университет оқытушылары мен студенттері Австрия, Швейцария, Германия, АҚШ, Ресей-дің ЖОО-да оқып, тағылымдамадан өтеді.

ЖОО 60-тан астам озық ғылым орталықтарымен және Польша, Түркия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Дания, Италия, Болгария, АҚШ, АРЕ, Словакия, Латвия, Ресей, Украина, Беларусия, Молдова, орта Азия өңірі елдерінің ЖОО-мен тығыз қарым-қатынас жасауда. Студенттер мен магистранттарға дәрістер оқу мақсатында «Қазақстан Республикасының ЖОО-на шетел мамандарын жұмысқа тарту» бағдарламасы бойынша университетке шетелдік ғалымдар шақырылады.

Университетте білім порталы болып табылатын PLATONUS автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. PLATONUS білім алушының жеке траекториясын нақты және жедел бақылауға мүмкіндік береді. «PLATONUS» он-лайн режимінде студенттерге оқу материалдарының электронды базасын, атап айтсақ, дәрістердің қысқа жазбалары, электрондық оқулықтар, бейне материалдар, СӨЖ арналған тапсырмалар, емтихан сұрақтары, міндетті және ұсынылатын әдебиеттер тізімін және т.б. кеңінен қолдану мүмкіндігі береді.

Әрбір студент үшін Таңдау пәндерінің тізбесі шығарылады, студент бұл басылым арқылы ұсынылатын барлық пәндер аясын көреді және бірінші курстан-ақ өзінің білім саласындағы мансабын жоспарлай алады.



Университеттің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып, нығайтылып отырады. Бүгінде университетте 4 оқу ғимараты, 7 оқу залы, 2 мұражай, 20 компьютер сыныбы, 2 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 3 Студенттер үйі, 2 жатақхана, «Арасан» профилакторийі, оқу-тәжірибе шаруашылығы, Зерендінің курортты демалыс аймағында орналасқан «Тұлпар» спорттық-сауықтыру лагері бар.

Жаңаланған оқу үдерісінде білім беру саласы болсын, сондай-ақ техникалық сала болсын, озық технологиялар қолданылады.



Университетте жабдықталған интерактивті кабинет, лингафон кабинеті, интерактивті пристакаса бар 42 мультимедиялық кабинет бар,жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған тестілеу кабинеті ашылған. Қашықтықтағы байланысты қамтамасыз ету үшін университетте WI-FI сымсыз байланысы орнатылған.

Кітапхана қорында 800 мынанан астам кітап даналары бар, ол жыл сайын толықтырылып отырады. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де жергілікті компьютерлік желілер бойынша ғимараттар ішінде және Ғаламтор арқылы ғимараттар арасындағы байланысты қашықтықтан қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жергілікті компьютерлік желілер жасалған. Универитеттің сайты бар, университеттің білім беру порталы құрылған.

Университеттегі тәрбие жұмысы тұтас және жан-жақты жабдықталған қызмет ретінде ұсынылған. Университетте Жастар ісі жөніндегі комитет (ЖІК), Студенттер Кеңесі, «Зияткер» дебаттар клубы, «Көңілділер және тапқырлар клубы», «Жауқазын» студенттер театры, «Impulse» би студиясы, «Nazqonyr» эстрада-вокалды студиясы, ЖК «Жас Отан», «Серпін» штабы жұмыс істейді және белсенді даму үстінде.

Университет студенттері облыстық, республикалық және халықаралық турнирлердің, атап айтсақ Ақмола облысы әкімінің жүлдесіне арналған студенттер спартакиадасының; спорттың әр түрі бойынша универсиадалар, әлемдік, Еуропа, Азия чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпаздары және жүлдегерлері болып табылады.

«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК электрондық мекенжайы мен деректемелері

«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК электрондық мекенжайы мен деректемелері

Web-site: http:// www.kgu.kz/ тел./факс: (+77162)25-55-83, (+77162)25-55-97

e-mail: universi@kokshetau.online.kz, mail@kgu.kz

Біздің деректемелер: РНН 361800022370; р/с KZ 689262201140165000

Біздің мекенжайымыз: 020000 Көкшетау қ, Абая көшесі, 76.



№ 1, 4, 5, 8, 14, 21, 23, 24 автобустарымен «Университет» аялдамасына дейін.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің
ӘНҰРАНЫ

Айналған аңызға әр көлі, әр тасы

Көкшетау – Арқаның ғажайып ортасы.

Сол сұлу өлкеде көтерген еңсесін

Оқжетпес шыңындай Шоқанның ордасы.

Қайырмасы:


Білімнің нұрынан жаралған,

Ғылымның нұрынан нәр алған

Осынау Ордасы Көкшенің

Ертеңге жеткізер ақ арман.

Мамандар өмірдің есігін ашады,

Болашақ ұлы іске үлесін қосады.

Ұлылар жаралған қастерлі өңірге

Киелі шаңырақ шуағын шашады.

Қайырмасы:

Егемен елімнің ертеңі – жастары,

Ертегі жерімнің өркені – жастары,

Жастықтың, шаттықтың, достықтың ортасы

Шоқанның ордасы – білімнің асқары.

Қайырмасы:




КІТАПХАНА
КМУ кітапханасы – қор құрамы жағынан ЖОО кітапханаларының ішіндегі ең үздіктерінің бірі болып табылады. Ол ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттерден, нормативтік құжаттардан, ақпараттық материалдардан, мерзімді баспалардан, бейнефильмдерден, білімнің барлық салалары бойынша CD-ROM-ғы оқулықтардан тұрады. Кітапхананың жалпы қоры 732 936 мыңнан астам, оның ішінде 255400 данасы қазақ тілінде. Таңдау пәндерінің қоры 4500-ден астам аталымдардан тұрады. Жыл сайын 178-ден астам мерзімді басылымдар келіп түседі.

Толық мәтінді электрондық кітапхана жасау жұмыстары жалғастырылуда. Электрондық кітапхананы құру негізінен ЖОО ғалымдары мен оқытушыларының электронды түрде берілген еңбектері мен жарияланымдары есебінен, үлкен сұранысқа ие, бірақ қолға түсе бермейтін оқу әдебиеттерін сканерлеу есебінен жүргізіледі.



КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Кітапханалар мен оқу залдары университеттің әр ғимаратында орналасқан. Кітапханаларда оқырмандарға кітапхана қорында бар кітаптар, газеттер, журналдар мен басқа да материалдарды уақытша пайдалану беру ұйымдастырылған. Әдебиеттерді қолға беруді қызмет көрсету және кітап сақтау бөлімі жүзеге асырады.

Оқу залдарындағы әдебиеттерді шығаруға рұқсат етілмейді. Оқырмандардың кітапханаға жазылуы оның Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-не тиістілігін куәландыратын құжаттың көрсетілуі бойынша жүзеге асырылады.

Оқырмандарға бірыңғай оқу билеті беріледі және оқырмандар формуляры толтырылады. Кітапханаға жазылу барысында оқырмандар оның ережелерімен танысулары тиіс және оларды орындау жөніндегі міндетемеге қол қоюлары керек. Оқырман билеті кітапхананы, оның барлық абоненттерімен және оқу залдарын пайдалану құқығын беретін бірден-бір құжат болып табылады. Кітапхана жыл сайын кітапханамен белгіленген уақыт ішінде өздеріне тіркелген барлық әдебиеттерді көрсете отырып, өз оқырмандарын қайта тіркеуден өткізеді. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.

Оқырман университеттен шыққан кезде өзінің атына жазылған басылымдар мен оқырман билетін кітапханаға қайтарады. Кітаптарды, басқа да баспа туындылары мен өзге де материалдарды алған кезде оқырмандар басылымдарды мұқият қарап шығады, қандай да болмасын бір кемшіліктер анықталған жағдайда бқл жөнінде кезекші кітапханашыға хабарлайды. Басылымды соңғы пайдаланған оқырман кітаптың бүлінуі үшін жауап береді. Кітапханаға зиян келтірген немесе пайдалану ережесін бұзған оқырмандар қолданыстағы заңнамада, жарғыда және кітапхананы прайдалану ережесінде қарастырылған түрдегі әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапқа тартылады.

ОҚУ ЗАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Оқу залында әдебиетке тапсырыс бере отырып, оқырмандар оқырман билеттерін көрсетеді, оқырмандар талабы парағын толтырады, қажетті басылымдарды алу барысында әр басылымның кітап формулярына қол қояды.

2. Оқу залдарында берілетін кітап, өзге де баспа туындылары мен басқа да материалдар саны шектелмеген. Бір жолғы жоғары сұраныс болған бір сала бойынша бір қолға берілетін кітаптар (басылымдар) саны шектелмеуі мүмкін.

3. Негізгі кітап сақтау қоймасынан оқу залына тапсырылған әдебиетті оқырман белгілі бір уақытқа сақтай алады.

4. Жеке және абонемент бойынша алынған бұдан бұрын алынған кітаптар, газеттер, баспа басылымдарының кесінділері және басқа да баспа материалдарымен (осындай болған жағдайда кіре берісте өзіңіздегі бар әдебиетті оқу залының қызметкеріне уақытша сақтауға тапсыру қажет) кіруге рұқсат етілмейді.


5. Оқу залынан кітаптарды алып шығуға рұқсат етілмейді. Осы ережені бұзушыларға айыппұл санкциялары қолданылады, сондай-ақ олар кітапхана әкімшілігімен белгіленген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.
Кітапхананың жұмыс уақыты:

Күн сайын - 9.00-ден 18.00-ге дейін

Сенбі - 9.00-ден 13.00-ге дейін


КМУ-ДЕГІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кредиттік оқыту технологиялары туралы


КМУ мақсаттарының бірі озық білім беру әдістемесі және технологиялары арқылы оқыту, студенттерді білім және біліктілік дағдыларымен қаруландыру, олардың кәсіби мәртебесі мен халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары білімнің заманауи жүйесі адамдардың болашаққа деген заманауи және барабар даярлығына, яғни тек білімділік деңгейін арттыру ғана емес, сонымен бірге жаңа парасатты тұлғаны, қоршаған ортаның бүгінгі өзгермелі экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық өзгерістерге тез бейімделетін заманауи тұлға мен ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Кредиттік оқыту технологиясын енгізу осы мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, міне сондықтан да КМУ басшылығы оны университетке енгізу ісіне бірден көңіл аударды.

Кредиттік оқыту технологиясы – өздігінен білім алу және дербестік негізінде білімді шығармашылық тұрғыдан игеру, білім траекториясын таңдау және кредит түріндегі білім көлемі есебінің деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Қазақстандық университеттердің кредиттік оқыту технологиясына көшуіне мын жағдайлар себеп болды:

• әлемдік білім беру кеңістігіне ену қажеттігі;

• білім алушыларды білім беру траекториясын қалыптастыруға қатысуға тарту;

• білім алушылардың академиялық ұтқырлығы;

• мамандарды нақты тұтынушыларға даярлау бағыты;

• білім үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізу.

Кредиттік оқыту технологиясымен дәріс беру университетте білімді демократияландыру қағидаттары негізінде құрылған, бұл дегеніміз:

• курстарды таңдау ауқымдылығының үйлесімділігі;

• студенттердің жеке білім беру траекториясын қалыптастыру;

• студенттердің сыни ойлау қабілетін дамыту;

• интерактивті оқыту әдістерін кеңінен пайдалану.

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-де біздің студенттер мен оқытушыларға белгілі бір академиялық кезең ішінде басқа ЖОО-да (ел ішінде немесе шетелде) білім алуға, тағылымдамадан өтуге, тәжірибе алмасуға, жаңа білім алуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге нақты мүмкіндік беретін Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы жұмыс істейді.

Біздің университет студенттердің таяу және алыс шетелдерде білім алуына мүмкіндік береді. Бұл үшін Еуропалық трансферт (ауысу) және (EСTS) кредиттер жинақтау жүйесі жұмыс істейді – бұл дегеніміз білім беру траекториясын, оқу орны мен оқыту елін алмастыру барысында білім алушылармен игерілген оқу пәндерін (кредиттері және бағаларымен бірге) салыстыру және қайта санақтан өткізуді жүзеге асыру арқылы білім беру бағдарламалары (пәндері, курстары, модуль) компоненттеріне сынақ бірліктерін (кредиттерін) беру тәсілі.

Офис Регистратор
Офис Регистратор – студенттердің оқу жетістіктерінің барлық тарихын, таңдау пәндеріне тіркеуден бастап, бақылау түрлері бойынша емтихан-рейтингілік ведомостерін өңдеу және сақтаумен айналысатын, студентке қолдау көрсету қызметі. Ол студент білімінің барлық бақылау түрлерін және оның академиялық рейтингісінің есебін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

ОР негізгі міндеттері:



  • таңдау пәндеріне тіркеу үрдісін басқару:

  • студент білімін бақылауды ұйымдастыру;

  • білім алушының академиялық рейтингісін есептеу;

  • студенттер үлгерімі туралы жазбаларды құрастыру және сақтау;

  • студенттердің үлгерімі туралы есептер дайындау;

  • үлгерімі төмен студенттердің тізімін құру;

  • студенттерді жазғы семестрге тіркеу және оны ұйымдастыру.


Таңдау пәндеріне тіркеу
Сіздер өздеріңіз де көргендей, кредиттік оқыту технологиясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен көзделген міндетті пәндердің, сондай-ақ өзіңізбен таңдалған пәндердің (әдетте, әр семестр ішінде бірнеше) Сіздермен зерделенгенін жорамалдайды.

  1. Сіздің осы не басқа да пәндерді таңдауыңыз ОР-мен үйлестірілетін ресми тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

  2. таңдау пәндерін анықтау эдвайзер (ағылшын тілінен аударғанда «тәлімгер») басшылығымен жүзеге асырылады. Эдвайзер тұсаукесер (алғашқы таныстыру) тәсілі арқылы Сізге әр пән бойынша таңдау пәндері бойынша тізбесінен альтернатива береді, пәндерді оқу жүйелілігін анықтау жөнінде кеңес береді.

3. Тіркеу күні мен уақыты академиялық күнтізбе арқала анықталады.

4. Пәнді таңдап алған соң, Сіз өзіңізге ұнаған таңдау пәндерін көрсете отырып, тіркеу нысанын толтырасыз, солардың негізінде ОР Сіздің жеке оқу жоспарыңызды (ЖОЖ) жасайды. ЖОЖ үш данада жасалады, оның біреуі Сіздің өзіңізде қалдырылады, басқаларын, олардың дұрыстығын тексеріп, қол қойып, Сіз тіркеу бөлімі мен деканатқа қайтарасыз.

5. Жеке оқу жоспары әр оқу жылына жасалады.

6. ЖОЖ негізінде ОР академиялық топтар мен ағындар қалыптастырылады.


Тәлімгер (куратор) мен эдвайзер – Сіздің жетекшіңіз
Тәлімгер оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді, университеттің әкімшілігі, қоғамдық ұйымдар, оқу қызметкерлері мен топ студенттерінің арасында неғұрлым тығыз байланыс жасайды.

Тәлімгер қызметі студенттердің азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге, олардың жан-жақты мәдени дамуына, топ ішінде достық қарым-қатынас пен өзара көмек көрсетуге, оқуға деген жақсы көзқарасты қалыптастыруға, студенттерді ғылыми және қоғамдық жұмыстарға тартуға бағытталған. Оқу-тәрбие жұмысын өткізу барысында тәлімгер жиналыстар, әңгімелесу, университет түлектерімен кездесулер ұйымдастырады, саяхатқа және т.б. өткізеді.

Тәлімгер келесі қызметтерді атқарады:


  • студент топтарының жиналыстарын, негізгі қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және жеке өзі де қатысу;

  • студенттердің үлгерімі мен тәртібін қадағалайды, дер кезінде қажетті көмек көрсету;

  • топқа сабақ беретін оқытушылармен байланыс жасау;

  • топ басшысын іріктеу және тағайындауға қатысу.

Оөытудың жеке білім беру траекториясын таңдау және іске асыру үшін, сондай-ақ кредиттік оқыту жүйесі жағдайындағы ұтқырлық пен оқу жоспарларының икемділігін қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарында кеңес беру қызметі немесе эдвайзерлер – академиялық кеңесшілер қызметі ұйымдастырылады.

Эдвайзер – жеке оқу траекториясын таңдау және барлық оқу кезеңі ішінде білім беру бағдарламасын игеруге көмек көрсететін оқытушы. Бұдан басқа, эдвайзер болашақ мансап мәселелерін шешу, оқу бітіру жұмысының тақырыбын айқындау, кәсіптік тәжірибе базасын анықтау барысында кеңес беру жағынан көмек көрсете алады. Эдвайзерлер білім алушылардың академиялық мүдделерін көрсетулері тиіс, оларға жеке оқу жоспарын құру және түзеру жұмыстарына көмек көрсетулері тиіс.

Эдвайзердің міндеті:

• білім алушыларға жеке оқу траекториясын және білім беру бағдарламаларын айқындауда көмек көрсетеді;

• тиісті мамандық бойынша оқу траекториясын таңдау барысында білім алушының қызығушылығы мен бейімділіктерін, қажеттіліктерін анықтау;

• білім алушыларға пәндерді таңдауда кеңес беру;

• білім алушыға жеке оқу жоспарын құруға, қажет болған жағдайда – оларды түзетуге жәрдемдесу;

• студенттердің үлгерімі мен академиялық мәртебесі мәселелерін қарастыратын сараптау комиссиясы жұмысына қатысу.

Эдвайзер білім алушының Университеттің академиялық өмірінің ерекшеліктерімен, оқу жоспарының мазмұнымен, диплом алуға қойылатын талаптармен, таңдап алынған мамандық мүмкіндіктерімен таныстырады және де білім алушының мақсаттары мен мүддесіне, мүмкіндіктері мен қабілетіне сәйкес жеке білім алу траекториясын таңдауда көмекші болып табылады.



Білім алушының өзіндік жұмысы
Кредиттік оқыту технологиясы барысында білім алушының өзіндік жұмысы ОББӨЖ және БӨЖ болып екіге бөлінеді.

Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) – белгілі бір тақырыптар тізбесін зерделеу және оларға қатысты тапсырмаларды оқытушымен ұсынылатын оқу-әдістемелік әдебиетке, әдістемелік әзірленімдер мен бағдарламаларға сәйкес орындау.


ОББӨЖ білім алушының оқытушымен бірге орындалатын аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады. ОББӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне енбейтін жеке кесте бойынша, және (БӨЖ) – аудиториядан тыс уақытта білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін оқытушының қатысуынсыз орындалады.

БӨЖ және ОББӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар кафедраның профессор-оқытушы құрамымен әзірленеді және келесі құжаттардан тұрады:

Пәнді оқудың барлық кезеңіне есептелген БӨЖ кестелері;

Тапсырмалар жүйесі;

Реферат, баяндамалар мен шығармашылық жұмыстардың тақырыптары;

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;

Консультациялық көмек беру түрлері;

Бақылау түрлері мен нысандары;

Баға өлшемдері, ұсынылатын жұмыс көлемі, оны ұсынудың болжалды мерзімдері және басқалар.

ОББӨЖ әр пән бойынша барлық академиялық кезең бойы кестеге сәйкес күні, уақыты, аудиториясы мен тьюторлары көрсетіле отырып өткізіледі.

ОББӨЖ шеңберіндегі сабақтар консультациялық және интерактивтік нысанда болуы мүмкін, олардың ара қатынасы зерделенетін курстың күрделілігімен, оның аудиториялық сағаттарды оқуға бөлінген сағаттарының көлемімен, студен дайындығының деңгейімен айқындалады.

Сондықтан егер Сіздің ағымдық рейтингіңіз төмен болса, қосымша консультация алғыңыз келсе, пән бойынша алынған тапсырмаларды орындау барысында қиналсаңыз, оқытушы сабақты дәстүрлі түрде өткізеді. Егерде Сізде бұндай қиындықтар туындамаса, академиялық рейтингіңіз жоғары немесе жақсы болса, онда оқытушы өзінің қалауы бойынша Сізді дәстүрлі түрдегі сабақтардан босата алады және консультациялық түрдегі сабақтарды алдын ала қарастыра алады, тапсырма беру және олардың орындалуын бақылау арқылы Сізді жеке немесе топтық жобаға қатыстыра алады.

Бұнымен бірге оқытушысыз жасалған өзіндік жұмыс Сіздің сабақтар мен емтихандарға қатысты дайындығыңыздан тұрады.

БӨЖ кітапхана, компьютерлік сынып, лингафон кабинеті, медиатека, оқу телевидениесі, арнайы зертханалар жағдайында оқу материалын өз бетінше игеруді болжамдайды.

БӨЖ бақылау соңғы нәтижеге жетуге бағытталған жазбаша және ауызша түрде болуы мүмкін. Жазбаша түрдегі бақылау барысында БӨЖ қысқа жазба, реферат, баяндама, шығармашылық, бақылау, курстық, диплом жұмысы, ғылыми мақала, аудио-бейнеесеп және т.б. түрінде ресімделуі мүмкін. Ауызша түрдегі бақылау барысында БӨЖ коллоквиум, конференциялар, іскери ойын, баяндама, шығармалар, хабарламалар, жеке әңгімелесулер және т.б.

Бақылау және білімді бағалау қалай жүзеге асырылады?

Студенттердің білімін бақылау және бағалау кешені ағымдық, аралық, қорытынды бақылау және қорытынды аттестаттау өткізуді болжамдайды.

Білім сапасын бағалау оқытудың бар кезеңінде ағымдық, аралық, үй жұмысы сияқты білімді үздіксіз бақылаудан тұратын балдық-рейтингілік жүйе бойынша жүзеге асырылады. Пәндерді оқу барысында студенттердің білімін ағымдық бақылаудың ір түрі қарастырылуы мүмкін: ауызша пікіртерім, жазбаша пікіртерім, аралас пікіртерім, үй жұмыстарын қорғау және тұсаукесер, пікірталас, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стади, тестер.

Бақылаудың әр түрі студенттің қорытынды бақылауды тапсыруға рұқсат ету рейтингісін анықтайтын ұпай санын береді. Оқу курсын аяқтағаннан соң емтихан түріндегі қорытынды бақылау өткізіледі. Студенттердің түрлі бақылау деңгейінде алынған ұпайлары оқу материалын игеру дәрежесіне қарай «А»-дан «F»-ке дейінгі бағалау шкаласы шегінде бағаланады. Үлгерім нәтижелері бойынша оқу курсы үшін GPA орташа ауыстыру балы есептеледі, ол студенттің әр оқу жылы сайын арта береді, бұның мақсаты арнайы мамандықтар бойынша білім сапасын арттыру.

Үлгерімінің ағымдық бақылауын өткізу барысында студенттердің оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма (ағымдық сабақтар, үй тапсырмасын тапсыру, студенттердің өзіндік жұмысы (бұдан әрі – БӨЖ), аралық бақылау) үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады және үлгерімнің ағымдық бақылауының түпкілікті нәтижесі бүкіл академиялық кезең ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасының есебі шығарылады.

Осы сияқты тәсіл білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттау кезеңіндегі оқу жетістіктерін бағалауда да қолданылады.

Оқу пәні бойынша аралық аттестаттауды өткізу барысында емтиханда алынған баға және бүкіл академиялық кезеңдегі үлгерімнің ағымдық бақылауының орташа балы есептеледі.

Үлгерімнің ағымдық бақылауының бағасы (рұқсат ету рейтингісі) пән бойынша қорытынды білім бағасының 60% құрайды, және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды білім бағасының 40% құрайды.

Пән бойынша қорытынды баға рұқсат ету рейтингісі мен қорытынды бақылаудан тұрады.
ҚБ = РР*0,6+ Е*0,4 ;

ҚБ – қорытынды баға,

РР – рұқсат ету рейтингісі,

Е – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан).



Сіздің біліміңізді бағалау өлшемдері:
«А», «А-» («үздік») – егер Сіз барлық бағдарлама материалын терең және берік, түпкілікті, дәйекті игеріп алсаңыз, сауатты және логикалық тұрғыдан үйлесімді түрде баяндап бере алсаңыз, тапсырманың түрі өзгертілген кезеңде оның жауабымен қиындықтар туындамаса, алған қойылған міндеттерді еркін игере алсаңыз, монографиялық материалды білетініңізді көрсете алсаңыз, қабылданған шешімдерді дұрыс дәйектей алсаңыз, практикалық жұмыстарды орындаудың жан-жақты дағдылары мен тәсілдерін білсеңіз, материалды өз бетінше, қабе жібермей, қорытындылап, айтып бере алу қабілетіне ие болсаңыз ;

«В+», «В», «В-» («жақсы») – егер Сіз бағдарлама материалын берік білсеңіз, сауатты және мән-жайына қарай айтып бере алсаңыз, қойылған сұраққа елеулі дәлелесіздіктерге жол бермей жауап берсеңіз, теориялық ережелерді дұрыс қолдана алсаңыз және практикалық тапсырмаларды орындау барысында қажетті дағдыларыңыз болса;

«С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер Сіз тек негізгі материалды ғана игерсеңіз, бірақ оның кейбір детальдарын білмесеңіз, дәлсіздіктерге жол берсеңіз, өз ойыңызды жеткілікті түрде нақтылап тұжырымдап айта алмасаңыз, бағдарлама материалын баяндау жүйелілігін бұзсаңыз және практикалық тапсырмалар орындау барысында қиналсаңыз;

«F» («қанағаттанарлықсыз») – егер Сіз бағдарлама материалының елеулі бөлігін игермеген болсаңыз, практикалық жұмысты орындау барысында қиналсаңыз.


Білімді бағалаудың көпұпайлы әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша баға

Ұпайлардың сандық баламасы

Пайыздық көрсеткіштері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Үздік

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Егер Сіз себепті бір жағдайларға байланысты емтиханға келе алмасаңыз, тиісті құжаттар болған жағдайда және 3 күн мерзім ішінде деканатқа көрсеткенде, факультет деканының рұқсатымен Сіздің емтиханды жеке тапсыруға құқыңыз бар.

Сіздердің назарларыңызға! Егер Сіз емтиханда «F» бағасын алсаңыз, тіпті Сіздің орташа рейтингіңіз жоғары болса да, «F» (қанағат.) бірден қорытынды баға болып шыға келеді. Бұндай жағдайда, Сіз борышкерлердің қатарына қосылып, жазғы ақылы семестрге қалдырыласыз.

Емтихан бағасын, оның ішінде жақсы баға болсын, қанағаттанарлықсыз баға болсын (бағаны көтеру мақсатында) қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Оқуға ниет білдірген пәнді (оның ішінде бағаны көтеру мақсатында) қайта зерделеу үшін жазғы ақылы (қосымша) семестрге жазылу қажет, дәрістерді тыңдап, рұқсат ету рейтингісін қайта жинап, емтихан тапсыру керек. Бұнымен қоса, пәнді оқыған студент, үздік диплом алу құқығынан айырылады.

Сіздің емтихан нәтижесіне шағым беруіңізге болады.

Шағым беру нәтижесінде баға көтерілуі де, сол қалпы ешқандай өзгеріссіз қалдырылуы да мүмкін.

Студенттер білімінің қорытынды бақылау нәтижелері бойынша шағымдануға қатысты өтінішті деканат емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін бір күн ішінде қабылдайды.


GPA дегеніміз не және оны қалай есептейді?

Кредиттік оқыту технологиясы барысында GPA студенттің үлгерім көрсеткіші ретінде пайдаланылады.



Орташа үлгерім ұпайы (Grade Point Average - GPA) – білім алушының бір оқу жылы ішінде таңдау бағдарламасы бойынша оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасы ( пәндер бойынша аралық аттесттаттау бағасын сандық балама ұпайына) және келесі формула бойынша айқындалады:

GPA = ,

бұнда Иц 1, Иц 2,…И цп – пән бойынша қорытынды бағаның сандық баламасы;



К1, К2, Кnкредиттердегі оқытылған пәндер көлемі;

n- бүкіл оқу мерзімі ішінде оқытылған пәндер саны.


Назарларыңызға! Емтихандарды тек жақсы бағаларға ғана тапсыру қою жеткіліксіз! Сонымен қатар белгіленген GPA ауыстыру ұпайын да жинау қажет.
Жазғы семестр не үшін қажет және оны қалай болдырмауға болады?
Қысқы және жазғы сессия нәтижелері бойынша үлгерімі жақсы студенттер келесі курсқа ауыстырылады. Оларға белгіленген GPA көлемін жинаған және академиялық берешегі жоқ студенттер жатады.

Академиялық берешек дегеніміз - студенттің оқу пәні бойынша қорытынды бақылауына қатысты берешегі, ол емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз баға немесе емтиханға келмеу салдарынан қалыптасады.

Академиялық берешегі бар студенттер үшін жазғы ақылы семестр ұйымдастырылады.

Курсты қайта оқуда КМУ Ғылыми Кеңесімен бекітілген мөлшердегі ақы төлеу көзделген.

Жазғы семестрді ұйымдастыру келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

- студенттер жазғы аралық аттестаттау басталғанша жазғы семестрге қатысуы туралы деканатқа өтініш береді;

- бір кредит құнына сүйене отырып, студенттер алдағы жазғы семестрдегі оқуына ақы төлейді.

- деканаттар, белгіленген мерзім ішінде ұсыныс береді, соның негізінде жазғы семестр кестесі құрылады.


Егер Сіз жазғы семестрге қатысты өтініш ресімдемеген болсаңыз, немесе ресімдедіңіз, бірақ жазғы семестрдегі оқу ақысын төлемесеңіз, онда Сіз қайта оқуға қалдырыласыз.

Жазғы семестрдегі емтихан нәтижелері бойынша студенттің GPA есептеледі. Ауыстыру ұпайын жинаған студент келесі курсқа көшіріледі; бәрін тапсырған, бірақ GPA жинай алмаған студент – қайта оқу (ақылы!) жылына қалдырылады және барлық пәндерді қайтадан игеруі тиіс.

Жазғы семестрге қалмау үшін Сіз аралық аттестаттау қорытындылары бойынша академиялық берешектерге жол бермеуіңіз керек және қажетті GPA жинау үшін, пәндердің басым бөлігі бойынша жоғары ұпай алуға тырысуыңыз қажет.
Қайта оқу жылына қалмау үшін не істеу қажет?
Қайта оқу жылы GPA ауыстыру балын жинай алмаған, үлгерімі төмен студенттерге арналған.

Қайта оқу жылының ақысы жаңа оқу жылына қатысты толық оқу жылына белгіленген соманың толық мөлшері бойынша жүзеге асырылады.

Қайта оқу жылына қалмау үшін, сіз негізгі семестрде барлық пәндер бойынша емтихандарды уақытында тапсыруыңыз керексіз, немесе жазғы семестр ішінде олар бойынша берешекті жоюыңыз қажет, сондай-ақ сіздің курсыңызға қажетті GPA жинауыңыз керек.

Кредиттік технологиялардың қызметі, таңдау пәндеріне тіркелу, білімді бақылау, GPA есептеу, жазғы семестрдегі және қайта оқу жылындағы есеп мәселелері бойынша өз деканаттарыңызға және/ немесе офис Регистраторға жүгіне аласыздар:

ОР жетекшісі –Қайырденов Серік Сырлыбайұлы

Мемлекеттік емтихандар және үздік диплом туралы
Қорытынды аттестаттау мамандықтың оқу жоспарларында көзделген мерзімдерде өткізіледі. Ұзақтығы кем дегенде 4 апта болып белгіленеді. Диплом жұмысын жазу ережелерімен танысуға және қажет болған жағдайда таңдаған зерттеу бағыты бойынша эдвайзерден кеңес алу құқығыңыз бар.

Барлық оқу кезеңінде емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларға тапсырып, оның нәтижесінде үлгерімнің орташа GPA балы кем деген 3,5 болса және диплом жұмысын және/немесе мемлекеттік емтиханды «А» или «А-» бағаға тапсырса, емтиханды қайта тапсырмаса, КМУ бітірушісіне үздік диплом беріледі.



Университеттен қандай себеп бойынша шығару мүмкін?
Оқуды жалғастырғыңыз келмесе, өз еркіңізбен, медициналық көрсеткіштер немесе басқа ЖОО ауысуына байланысты оқудан шығу құқығыңыз бар.

Университет Жарғысында көзделген міндеттерді, ішкі тәртіп Ережелерін, оқу тәртібін, төлем туралы келісімшартты бұзғаны үшін жоғары оқу орнының әкімшілігі сізді университеттен шығару құқығы бар.

Оқудан шығару және оқуға қайта қабылдау мәселелерін деканат және/немесе студенттер қозғалысы мен тіркеу бөлімі шешеді:
Студенттер қозғалысы мен тіркеу бөлімінің жетекшісі –

Хасенова Тахмина Тұрғынқызы

Тел. 25-43-93, каб. - 208

Мемлекеттік гранттан қандай жағдайларда айырылу мүмкін?
Мемлекеттік білім беру грантпен оқитын студенттер қайталау оқу курсына қалдырылса, кейінгі оқу кезеңде гранттан айырылады.
Қандай жағдайларда академиялық демалысты рәсімдеуге болады?
Студент академиялық демалысты рәсімдей алады, яғни денсаулығына, оның ішінде жүктілігі мен тууға байланысты өз оқуын уақытша тоқтата алады.

Ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі академиялық демалыс тек дәрігерлік кеңес комиссиясы қорытындысының (ДКК) негізінде беріледі.

Студент академиялық демалысты рәсімдеуге өтінішті аралық аттестаттау басталар алдында береді.

Мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде оқитын студенттер оларға академиялық демалыс берілген жағдайда кейінгі оқуда мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша оқу құқығы сақталады.

Оның оқуын қаржыландыру берілген демалыс кезеңінде тоқтатылады, ол аяқталғасын қайта жалғасады.

Студент академиялық демалыстан қайта келгесін, оқу сабақтарына кіруге рұқсат ететін дәрігерлік кеңес комиссиясы қорытындысын (ДКК) береді.

Академиялық демалыстан шыққасын, жұмыс оқу жоспарларындағы айырмашылықты (егерде ол қажет болса) белгіленген мерзімде жою керек.
Стипендия қандай жағдайларда тағайындалады?
Мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алатын студенттердің стипендия алу құқығы бар. Бұл студенттерге сессия нәтижесі бойынша барлық емтихандарды және дифференциалды сынақтарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағалармен тапсырған жағдайларда стипендия есептеледі. Егерде студент сессияны «А» и «А-»-ға тапсырса, ол жоғары стипендия алу құқығы бар.

Университетте Ғылыми Кеңестің және атаулы стипендиялар тағайындалады, оған үлгерімі үздік, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан студенттер талаптана алады. Стипедия алу сұрақтары бойынша деканатқа барыңыздар.



КМУ-ға ауысу және қайта қабылдау тәртібі

Білім алушылар курстан курсқа, бір білім беру мекемесінен басқасына, бір оқу түрінен басқасына, бір тіл бөлімінен басқасына, бір мамандықтан басқасына ауыстырылады.

Күндізгі және кешкі оқу түрінде оқитын білім алушылардың ауысу және қайта қабылдау туралы өтініштерін жазғы және қысқы демалыс кезінде кезекті академиялық кезең басталар алдында бес жұмыс күн ішінде ректормен қаралады.

Білім алушылардың ауысу және қайта қабылдау кезінде олардың бұрыңғы академиялық кезеңдердегі оқылған жұмыс оқу жаспарлар пәндеріндегі академиялық айырмашылығы анықталады.

Шетелдегі білім беру мекемесінің білім алушысы ауысу және қайта қабылдау кезінде игерген оқу бағдарламалары туралы құжатты (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ Қазақстан Республикасында нострификация рәсімінен белгіленген тәртіпте өтуге тиіс, бұрыңғы білім деңгейін бітіру туралы құжатты ұсынады.

Сынақ білім алушының оқу жетістіктерінің әріптік бағалу жүйесіне ең төмен D-дан (1,0; 50-54%) ең жоғары А-ға(4,0; 95-100%) дейінгі аралықта теңестіріледі

Білім алушының жазғы семестр нәтижелері және алған көшіру балы ескеріліп, жазғы емтихан сессиясының нәтижесі (аралық аттестаттау) бойынша ол курстан курсқа көшіріледі.

Білім алушының бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысу рәсімі келесі түрде өтеді:

1) білім алушы ол оқитын университет ректорының атына ауысу туралы өтінішті береді және мөр қойылған жазбаша келісімді алып, ауысқысы келген ЖОО ректорына оны береді; өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор және офис-регистратор қол қойған және мөр қойылған транскрипт тіркеледі;ҮБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты; білім алу гранты иегерінің куәлігі (егерде ол бар болса);

2) факультет деканы (институт директоры) оқу курсын және оқу жоспарындағы айырмашылығын анықтайды және білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

3) факультет деканының рұқсатымен студенттерді тіркеу және қозғалысы бөлімі көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін белгілейді;

4) факультет деканы (институт директоры), ОӘБ жетекшісі, оқу және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор қол қойғаннан кейін ректор білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады;

5) үш күн ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке ісіне сұраныс жіберіледі;

6) білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ның жетекшісі сол сұранысты алғаннан кейін «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылсын» жазумен оқудан шығару бұйрығын шығарады және ол шыққаннан күннен бастап үш жұмыс күн ішінде білім алушының жеке ісін қабылдайтын ЖОО-ның мекенжайына жібереді.

Қайта қабылдау рәсімі келесі түрде өткізіледі:

1) білім алушы оқуын жалғастырғысы келген университет ректорының атына қайта қабылдау туралы өтінішті береді. Өтінішке академиялық анықтама тіркеледі.

2) факультет деканы (институт директоры) ұсынған анықтаманың негізінде оқу курсын, оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды және білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

3) факультет деканы рұқсатнамасының негізінде көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімі белгіленеді;

4) факультет деканы (институт директоры), ОӘБ жетекшісі, оқу және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректордың рұқсатнамалары бойынша ректор қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады;

Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқу жоспарындағы айырмашылықты жою тек ақылы негізде жасалады.

Білім алушыны бір жоғары оқу орнының ішінде бір оқу түрінен басқасына және бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру келесі рәсім бойынша өткізіледі:

1) білім алушы университет ректорының атына ауысу туралы өтініш береді, өтінішке тиісті факультеттің деканы (институттың директоры) растаған транскрипт көшірмесі тіркеледі;

2) факультет деканы (институт директоры) ұсынған транскрипт негізінде оқу курсын және оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды;

3) факультет деканының (институт директорының) рұқсатнамы негізінде студенттерді тіркеу және қозғалыс бөлімі көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін белгілейді; күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауысқанда, көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімі бір академиялық кезеңнен артық болып белгіленеді, немесе білім алушыға көрсетілген айырмашылықты күндізгі оқі бөлімінің білім алушыларымен тапсыру құқығы беріледі;

4) факультет деканының (институт директорының), студенттерді тіркеу және қозғалыс бөлімінің, Оқу-әдістемелік басқарма жетекшісінің, оқу және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректордың рұқсатнамы бойынша жоғары оқу орнының ректоры білім алушыны бір оқу түрінен басқасына немесе бір мамандықтан басқасына ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

Қайта қабылдау және ауыстыру кезіндегі оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру мерзімі, әдетінше, бір академиялық кезең, білім алушы бұл кезең бойы айырмашылықтың пәндеріне жазылуға, оқу ақысын төлеуге, олардың бағдарламаларын игеруге және қорытынды бақылаудан өтуге тиіс.

Егерде білім алушы қайта қабылдау немесе ауысу кезінде оқу жоспарындағы айырмашылықты белгілеген мерзімде тапсырмаса, бұл айырмашылық академиялық қарыз ретінде тіркеледі және оның GPA және курстан курсқа көшіруді анықтау кезінде нөл болып есептеледі.

Туыстас мамандықтың бірінші семестрі аяқталғасын бірінші курстың білім алушысын көшіруге рұқсат етіледі.



Ауысу және қайта қабылдау мәселелері студенттер қозғалысы және тіркеу бөлімінде шешіледі.

ТІЛЕК
Құрметті студент! КМУ-де алған білімің болашақ жұмысың мен мансабыңда көмектеседі. Бірақ сен де өзіңнің Alma-mater беделін қолда! Уақытыңды босқа жіберме, білім ал. Жоғары сыныпты маман болып шығу үшін университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне көп және белсенді қатысу қажет. Бұл қиын да қызық та жол!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет