«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
147
ИЗОПРОПИЛАКРИЛАМИД ЖӘНЕ ГИДРОКСИЭТИЛАКРИЛАТ СОПОЛИМЕРЛЕРІ
НЕГІЗІНДЕ КОМПОЗИТТЕР АЛУ
Калиева Б.Г., Қаржаубаева Н.М.
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., профессор қ.а. Рахметуллаева Р.К.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
Университеті
kalievabota08@gmail.com
Эффекті дәрілі препарат - бұл тек химиялық зат қана емес, организмнің керекті жеріне
белгілі-бір уақытта жеткізілген зат. Дәрілерді бағыттап тасымалдау және оларды
бақыланбалы шығару жүйесін дайындау - қазіргі заманның
фармакохимиясының маңызды
саласының бірі болады. Полимерлерді қолданбай бұл мәселені ойдағыдай шешу мүмкін
емес. Гидрогельдерді бақыланбалы дәрі-дәрмектер шығаруға қолданудың негізі болып
олардың ісіну дәрежесін күрт өзгерте алатын осыған сай және де ортаның өзгеруіне жауап
ретінде өтімділік қабілеттерінің болатындығы жатады. Әдетте,
организмде өтетін
патологиялық
үдерістер
рН-тың,
температураның,
белгілі-бір
заттардың
концентрацияларының өзгеруіне байланысты болады. Сонымен, қазір кері байланысы бар,
яғни патологиялық үдеріс дәрі заттардың бөлінуін иницирлейтін жүйелерді дайындау мүмкін
болып отыр.
Қазіргі таңда сыртқы орта параметрлерінің өзгерістеріне (тeмпepaтуpa, рН, иoндық
күш, элeктp өpiсi, жapық, т.б.) бaйлaнысты қaсиeттeрiн өзгepтeтiн
пoлимepлepге деген
қызығушылықтың артуына байланысты стимулсезімтал терполимерлерді синтездеп,
қасиеттерін зерттеу алға тартылып отыр.
Жұмыста N-изопропилакриламид (НИПААМ) және 2-гидроксиэтилакрилат (ГЭА)
негізіндегі сызықты және торланған сополимерлер радикалды полимерлену арқылы алынды.
Алынған сополимерлердің температураға әсері қарастырылды.
Температураның өсуімен
гидрофобты әсерлесу күшейе түседі және термосезімтал полимер-су жүйесінде критикалық
құбылыстардың әртүрлі әсерлесу мүмкіндігі туады, ал гидрогель-су жүйесінде тордың
салыстырмалы
көлемі
біршамаға
кішірейетіні.
Бұл
сополимердің
сызықты
макромолекулалары үшін екі фазаға бөліну – полимермен байытылған және кемітілген деген
ұғымға ие болады.
Сонымен қатар, алынған сызықты сополимердің дәрілік затпен әрекеттесу заңдылығы
зерттелді. Суда
ісінетін сополимерлердің суда, натрий хлоридінің әр түрлі
концентрациясында және дәрілік зат - календуладағы ісіну дәрежесі анықталды. Зерттеу
барысында дәрілік заттың концентрациясы артқан сайын
оның торға енуінің артатыны
байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: