Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


МЕКТЕПТЕГІ “ХИМИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ” ЭЛЕКТИВТІК



Pdf көрінісі
бет319/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

МЕКТЕПТЕГІ “ХИМИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ” ЭЛЕКТИВТІК 
КУРСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Кеңесбай А.Ғ 
Жетекшісі: пофессор Қамысбаев Д. Х. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

botakengesbay@gmail.com

 
Қазақстан республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында 
мемлекеттің прогрессін анықтайтын жаратылыстану бағытындағы пәндер екенін атап өткен 
болатын. Химияны жақсы меңгеру үшін теориямен қатар есеп шығара білу қажет. Химия 
пәнінен есептер шығару бойынша көп есептертер жиынтығы шығарылды, дегенмен онлайн 
оқуға келгенде химиялық есептер шығаруға арналған курстар аз, бар болғанымен теориялық 
бөлімге көбірек көңіл бөлінген. Білікті ұстаздарымыз жасаған есептер жиынтығын біріктіріп, 
негізгі мектепке арналған видеосабақтармен толықтырылған элективті курс жасап, оны 
қашықтықтан оқуға мүмкіндік жасау өзекті болып табылады.
Бұл баяндамада мектептің (7 – 9 сыныптың) оқушыларына «химия есептерін шығару» 
әдістемесі элективтік курсының толық оқу – әдістемелік кешенін жасауға арналған. Кешен 
«Бағдарлама», күнтізбелік оқу графигі, дидактикалық материалдарды (әр тақырып бойынша 
есеп шығару мысалдары, оқушылардың өз бетімен шығаруға арналған есептері, оқыту 
нәтижесін бақылау үшін есептер) қамтиды. Бағдарлама заманауи мектептің химия 
курсындағы барлық дәстүрлі есептердің түрлерін қамтиды (химиялық формула табу және 
химиялық формулалар бойынша есептеулер, ерітінділер құрамын сипаттау әдістері, 
химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер, физикалық және химиялық қасиеттері 
бойынша қосылыстардың формулаларын табу және химиялық реакция тізбектері). 
Элективтік курста қарастырылған видеодәрісерді оқушылар тек сабақ кезінде ғана 
емес, өз бетімен жұмыс жасау барысында да қолдана алады. Химия есептерін шығару 
математикалық дағдыларды бірге алып жүретіндіктен, оқушы бойында шешім қабылдай алу 
қабілетін арттырады. Әрине ол оқушының талпынысына байланысты. Қорытындылай келе, 
қашықтықтан оқытуда «Химия есептерін шығару әдістемесі» элективтік курсын қолданса 
болады. Таңдап алынған мәселе бойынша сараптама жасалды. «Химия есептерін шығару 
әдістемесі» элективтік курстың мазмұнын құрастырылды және оқыту технологиясын 
таңдалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет