Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет327/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
336 
«ХИМИЯ» ПӘНІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ ОЙЫН 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ 
 
Мұсабекова Ә.Р. 
Ғылыми жетекші: Тугелбаева Л.М. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
Ақпарат көлемінің көптігі, оқу пәнінің қиындығы, қоғамдағы химияға деген үрейдің 
артуы химиялық емес мамандық студенттерінің химияға деген қызығушылығының 
төмендеуіне әкелді. Соның салдарынан химиялық мазмұндағы оқу-ғылыми мәтіндеріне 
құлықсыздық және оларды тұтастай қабылдау дағдысының жоқтығы байқалады. 
Нәтижесінде химиялық емес мамандықтарға ақыл-ой әрекетін бейімдейтін, олардың 
танымдық белсенділігін қалыптастыратын, химиялық білімдерін практикада қолдана білуге 
үйрететін химияны оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіру өзекті болып отыр.
ЖОО-да «Химия» курсын оқытуда ойын технолгиясын қолдану тиімділігін арттыру 
мақсатында келесі қарама-қайшылықтарды шешу қажет: біріншіден, тақырыпқа сай қажетті 
«ойын технологиясы» материалдарын даярлау, екіншіден, даярланған «ойын технологиясы» 
материалдарын, әдістемелік ұсыныстарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Oсы қapaмa-қaйшылықтapдың шeшiмiн iздeстipу зepттeу мәсeлeсiнiң өзектілігін 
aйқындaп, тaқыpыпты «Жылу энергетикасы» мамандығына «Химия» пәнін қашықтықтан 
оқыту кезінде ойын технологиясын қолдану мүмкіндіктері» дeп тaңдaуғa нeгiз бoлды.
Зерттеудің практикалық бөлімінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 
физика-техникалық факультетінің 1 курс «Жылу энерргетикасы» мамандығының «Химия» 
курсында жалпы оқу-әдістемелік кешенінің жоспарына сәйкес 8 эксперимент жүргізілді. 
Зерттеу бақылау және эксперименттік арасында жүргізілді. 103-ші топта 13 студент бар, ал 
110-шы топта 12 студент бар. Эксперименттік топта «Химия» пәнін оқытуда ойын 
технолгиясы қолданылды. Ал бақылау тобында пайдаланылған жоқ. Қашықтықтан «Химия» 
пәнін оқытуда «LearningApps.org», «Химиялық формула», «Blooket», «Gamilab», «Wordwall», 
«StudyStack», «PutposeGames», «Baamboozle» платформалары мен сайыттарында ойындар 
құрастырылып, зерттеу кезінде қолданылды. Ұсынылған ойындардың айрықша белгілері: 
ойын әрекетіне барлық студенттерді тарту мүмкіндігі, ойындардың мазмұны шағын көлемді. 
Зерттеу нәтижесін қорытындылай оқытудың ойын түрлері тиімді екендігі расталды, өйткені 
олар: білім алушылардың танымдық қызығушылығы мен дербестігін;студенттердің оқу іс-
әрекетіне оң көзқарасын дамытады. «Химия» сабақтарындағы ойын әрекетін ұйымдастыру 
кезінде кездескен артықшылықтарға байланысты: бекітудің жақсы тәсілі, қызығушылықты 
арттыру, материалды берік игеру және т.б. артықшылықтарына көз жеткізіле отырып, 
мақсатымызға сәйкес ойын технологиясының тиімді екені расталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет