Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЖАЛПЫ ЖӘНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫ БОЙЫНША ПӘНДІК



Pdf көрінісі
бет326/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫ БОЙЫНША ПӘНДІК 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПРАКТИКУМДЫ 
ДИАГНОСТИКАЛАУ МОДЕЛІ 
 
Мұрат М. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к аға оқытушы Далабаева Н.С 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
mika_00.6@mail.ru

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғары білім берудің құзыреттілікке 
негізделген білім беру тұжырымдамасына бағытталуы оның сапасын қамтамасыз ететін 
факторлардың бірі ретінде оқыту процесін диагностикалау мәселесін өзектіболып отыр. 
Атап айтқанда, оперативтік диагностиканың әдістемелік негіздері мен құралдарын әзірлеу 
қажеттілігі туындап отыр, оны жеке оқу пәндері шеңберінде құзіреттілікті қалыптастыру 
үдерісін тікелей ұйымдастыратын оқытушылар жүзеге асыруы тиіс. Диагностикалық жүйе 
мұғалімге нақты жағдайларда құзыреттіліктерді дамыту үдерісін тиімді басқару, туындаған 
мәселелерді дер кезінде анықтау және шешу, педагогикалық іс-әрекетті жақсарту үшін 
қажет. Диагностика нәтижелері білім алушының кәсіптік оқытудың әрбір кезеңінде оқу іс-
әрекеті барысында өзін-өзі бағалауы және өзін-өзі ұйымдастыруы үшін де қажет. 
Бірқатар зерттеулерде сондай-ақ құзыретті қалыптастыру деңгейлерін бағалау үшін 
арнайы әзірленген оқу нәтижелерін бақылаудың дәстүрлі әдістері мен құралдары болып 
табылатын сәйкес диагностикалық құралдар да анықталған. Осыған қарамастан, оларды 
пайдалануды негіздеу және зертханалық практикумдарда құзыреттіліктерді қалыптастыру 
диагностикасының жүйесін құру мәселесі әлі түпкілікті шешілген жоқ. Жоғары оқу 
орындарында зертханалық практикумды бағалауда әлі күнге дейін студенттің жұмысты 
жасай алу қабілетін емес тек теориялық білімін бағалайды. Осыған байланысты зерттеудің 
мақсаты 
– жалпы химия пәні бойынша 
зертханалық 
практикумдарда 
студенттердің 
құзыреттіліктерін қалыптастыруды жедел басқаруды қамтамасыз ету үшін педагогикалық 
диагностиканың әдістері мен құралдарының жүйесін жасау. 
Диагностикалық модель жасалыну үшін, жалпы химия пәнінен құзыреттілікті 
қалыптастыру мақсатында зертханалық практикум жасалыну барысы қорытындысын 
бақылау үшін арнайы дискрипторлар жасалды. Осы дискриптор арқылы жүйелі түрде 
диагностикалық модель жасалынады. 
Қорытындылай келе, жалпы химиядан құзыркттілікті қалыптастыруда студенттің әрбір 
зартханалық практикумы жасалған диагностикалық модель арқылы бақыланса, онда әрбір 
білім алушы эксперименттік зерттеудің жекелеген кезеңдерін өз бетінше орындай алады: 
дайын әдістеме бойынша экспериментті жоспарлау және жүргізу, нәтижелерді өңдеу, 
көрнекі түрде ұсыну және талдау, қорытындылар тұжырымдау, есеп беру, эксперимент 
нәтижелері бойынша хабарлама жасауды игеретін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет