Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет74/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
78 
β-ПИПЕРИДИНПРОПИОАМИДОКСИМ НЕГІЗІНДЕ СПИРОГЕТЕРОЦИКЛДІ 
ҚОСЫЛЫСТАРДЫ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Мырзақанова Б.М. 
Ғылыми жетекші:
PhD, доцент м.а. Елибаева Н.С.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
myrzakanovabota01@gmail.com
Туберкулездің микробактериялары тудыратын жұқпалы ауру – туберкулез ауруы. 
Клиникалық 
деректерге 
сүйенетін 
болсақ, 
туберкулезбен 
ауыратын 
науқастар 
асимптоматикалық түрде ауыру ықтималдығы жоғары. Әдетте, туберкулез ауыруын 
жұқтырған адамдар, латентті кезеңде ұзақ уақыт аралығында ауырып жүруі мүмкін, ал осы 
ауыруға ұшыраған адамдар бұл бактерияны неғұрлым ұзақ уақыт алып жүрсе, соғұрлым 
олардың белсенді туберкулезге шалдығу ықтималдығы аз болады. 
Туберкулезді емдеп, одан толықтай сауығып кетуге болады. Қазіргі таңда, туберкулезді 
емдеудің әртүрлі жолдары бар. Дегенмен, көптеген дәріге төзімді туберкулездің формасына 
бірінші қатарлы препараттар көмектеспейді, ал екінші қатарлы препараттар қымбат және 
улы экстенсивті химиотерапияны қажет етуімен қоса шектеулі болып келеді. 
Осыған орай дәрілік заттарды іздеуде химиктер жүздеген мың қосылыстарды 
синтездеген және олардың көпшілігін скринингтік тексеруден өткізген. Зерттеу жұмыстары 
барысында, сульфаниламид молекуласын модификациялау арқылы кең спектрлі белсенді 
бактерияға қарсы препараттар алынды, сонымен қатар бактерияларға қарсы жаңа 
препараттар табылды. Олар – гипогликемиялық (диабетке қарсы) және диуретикалық 
препараттар.
Гетероциклді қосылыстар көптеген салаларда жетекші орын алып отыр. Атап айтқанда, 
органикалық химияда, медицинада, сонымен қатар агрохимияда, физикада және 
жаратылыстану-техникалық ғылымдардың басқа салаларында да. Ал соңғы жылдары 
гетероциклді 
қосылыстар 
әсіресе органик-химиктердің, 
фармакологтардың 
және 
технологтардың назарын аударып отыр. 
Пиперидин ингаляция кезінде және ас қорыту жолдары мен тері арқылы сіңеді. 
Пиперидин өте жанғыш болып келеді және бөлме температурасында жарылғыш бу 
концентрациясын құрайды.
Амидоксимдерден фармакофорлық топтары бар және биологиялық белсенді кең 
спектрі бар әртүрлі гетероциклді және сызықтық туындыларды алуға болады. 
Амидоксим - әртүрлі гетероциклді қосылыстарды алудың ең тиімді және қысқа жолы. 
Қазіргі кезде қолданылатын базалық туберкулостатиктердің химиялық құрылымын 
өзгерту - жаңа туберкулостатиктерді іздеу бағыттарының бірі болып табылады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
79 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет