Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


«6В05301-ХИМИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ СТУДЕНТТЕРIНIҢ ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет298/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

«6В05301-ХИМИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ СТУДЕНТТЕРIНIҢ ЗЕРТТЕУ 
ҚҰЗЫРЕТТIЛIГIН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Барахат А.П.
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Ниязбаева А.И.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
baraxatalma@gmail.com
 
ҚР білім беруді дамытудың 2022 жылғы 25 шілдедегі №516 қаулысымен бекітілген әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамның 
2022-2026 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында сәйкес, аталған жоғарғы 
оқу орнын зерттеу университетіне трансформациялау жолымен қоғам ғылымның, бизнес пен 
өндірістің интеграциясын қамтамасыз етеді.
Осыған орай, университеттік білім беру жүйесінде «6В05301-Химия» білім беру 
бағдарламасының студенттерiнiң зерттеу құзыреттiлiгiн қалыптастыруды жаңа тұрғыдан 
қарастыру мәселесі туындап отыр. Сол себепті зерттеу жұмысында тақырыптың осы уақытқа 
дейінгі мәселелері мен жай-күйі сарапталып, әдебиеттерге шолу жасалды, яғни, теориялық 
тұрғыдан өзектілігі негізделді. 
«6В05301-Химия» білім беру мамандығы студенттерінің зерттеушілік құзыреттілігін 
қалыптастырудың теориялық моделі мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің компоненттері 
негізделіп, университеттік білім беру жүйесіне ендірілсе, онда болашақ химик зерттеуші 
студенттерінің зерттеушілік құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасады. Болашақ химик 
зерттеуші мамандығы студенттернің зерттеушілік құзыретттілігің қалыптастыру моделінің 
бастапқы үлгісі ұсынылды. Ұсынылған модель мен оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 
мазмұны, химик зерттеушілердің кәсіби-педагогикалық білім беру теорияларына
тұжырымдамаларына, тәжірибелеріне негізделіп жүзеге асады.
 
Студенттерiнiң зерттеу 
құзыреттiлiгiн қалыптастыру моделін жаңа тұрғыдан қарастыру барысы отандық және 
шетелдік тәжірибелер мен әдебиеттерге сүйене отырып жасалынды. Химик-бакалавр 
студенттерінде зерттеу құзыретінің қалыптасуының негізгі үлесі зертханалық практикум 
және ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде қалыптастырылады. 
Қорытындылай келе, салыстырма-сараптама зерттеу жұмыстары негізінде заманауи 
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып құрастырылған модель білім алушының зерттеушілік 
құзыреттілігін арттырып қана қоймай, интеллектуалды дамуымен қоса, шығармашылық 
ізденісі мен тұлғалық дамуына айрықша ықпал ететіндігі айқын. 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
308 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет