Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


“БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ” КУРСЫНДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАША



Pdf көрінісі
бет338/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ” КУРСЫНДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАША 
ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Төлен Г. 
Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Қамұнұр Қ. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
gulaiym.2298@gmail.com
 
 
Еліміздің әлемдік бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің қатарында болуға ұмтылуы 
барлық білім беру жүйесін қазіргі заман талабына сай жетілдіру қажеттігін және білім беру 
қызметтері нарығының маңыздылығын арттырады. Елімізде кен орындары мен қазба- 
байлықтарға бай екендігіне қарамастан, шикізаттарды еліміздің игілігіне пайдалана алмай 
отырмыз. Бұл өз кезеңінде шығармашыл жастар мен білікті маман даярлауға қажеттілік бар 
екендігінің айғағы. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отанымыздың байлықтарын тиімді 
пайдалана алатын етіп оқытуымыз тиіс. Бұл ретте 100 жылдан астам тарихы бар, шетел 
тәжірибесінде өзекті мәселелердің шешілуіне себеп болған жобалық оқыту технологиясын 
бейорганикалық химия курсына енгізу. Педагогпен ұйымдастырылған “бейорганикалық 
химия” пәнін жобалық оқытудың нәтижелері көбіне үдерістің өте сауатты түрде 
ұйымдастырылуына байланысты. Жобалық оқыту әрекеттері дәстүрлі алгоритм бойынша 
жүзеге асады. Алғашқы әрекетте жобаның бағытын таңдау қажет, содан соң негізгі идеялар 
тұжырымдалады, жобаның мақсаты алға тартылады. Үшінші кезеңде жобаның жоспарын 
біріге жасаудың механизмдерін құрылады, төртінші кезеңде алдын-ала презентацияға 
дайындалған жобаны білім алушылармен талқылайды. Соңғы қорытынды кезеңде жобаны 
мінсіздендіру мен қателерді түзеуге көңіл бөледі. Бұл оқыту түрінің ең негізгі артықшылығы, 
оның әмбебаптығы. Бұл артықшылық оның “бейорганикалық химия” пәнін оқытуда 
тоериялық білімдерді, яғни химиялық заңдылықтарды игеруге оңай енеді және 
эксперименттік жұмыстарды орындау кезінде көп көмегін тигізеді. 
Жұмыстың 
мақсаты-бейорганикалық 
химия 
курсында 
жобалық 
оқыту 
технологиясының дидактикалық материалдарын құрудың әдістемесін жасау. 
Жобалық оқытудың даму тарихына, оның қолданылуы аясы мен қазіргі жай-күйіне 
және шетел мен Қазақстанда қолданылуына шолу жасалынды.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде ҚР ЖОО химия пәні оқытылатын мамандықтарға 
арналған «Бейорганикалық химия» курсы бойынша жобалық оқытудың дидактикалық 
материалдарын құрудың әдістемесі жасап шығарылды. 
Әдебиет 
1. Жобалап оқыту технологиясы [Электронды ресурс] https://til т alemi.kz/article/580 
2. Қисымова Ә.Қ., Увалиева Т.Ж. Оқыту технологиялары. – Алматы. 2007, 204 б. 
3. Пахомава Н.Ю. Проектное обучение – что это? // Методист. №1, 2004, 50-54сс. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
348 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет