Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ҚАЗАҚСТАННЫҢ МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТЫ» КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет339/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТЫ» КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ЖӘНЕ 
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН «ЖАСЫЛ ХИМИЯ» ПРИНЦИПТЕРІНЕ САЙ ТАҢДАУ 
 
Төлетаев Қ.С. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Калабаева М.К 
Әл
-
фараби
 
атындағы
 
ҚазҰУ
 
kuanysh29.11.99@gmail.com
 
«Қазақстанның минералды шикізаты» курсын «Жасыл химия» принциптерімен 
байланыстыру маңыздылығын қарастырып, сол байланысты ЖОО-на енгізу қажет. Негізінен 
осы бағытта студенттерге арнайы әдістемелік нұсқаулар, курстар дайындау арқылы енгізу 
өте дұрыс деп танылған. Осы арқылы біз жас мамандарды дұрыс бағытқа бағыттай отырып, 
қоршаған ортаны сақтау мен ойлау жайлы ой қалыптастыра аламыз. Негізінен осындай оқу 
әдістемелік құралдың міндеттеріне тоқталсақ, яғни басты міндеті ол – еліміздің минералды 
байлықтарын «жасыл химия» стратегиялары, қағидалары мен тәжірбиелерін пайдалана 
отырып үйрету болып табылады.
Осы әдістемелік құралды меңгеру арқылы студенттеріміз антропогендік және 
геоморфологиялық геологияның зерттеу тарихын, міндеттері мен әдістерін, оның негіздерін, 
Қазақстандағы минералды шикізаттардың жағдайы жайлы және «жасыл химия» ұғымын 
толықтай меңгеруі тиіс. 
Бұл әдістемелік құрал негізінен үш тараудан және оның ішінде бірнеше бөлімдерден 
құралады. Бірінші «семинар» тарауында минералды шикізаттарды өңдеу және қайта өңдеу 
бойынша теориялық ақпараттар мен есептік тапсырмалар беріледі. Екінші «комплексті 
өзіндік жұмыстар» тарауында тақырыптық «жобалап оқыту технологиясы» бойынша 
тапсырмалар беріледі. Үшінші «зертханалық жұмыстар» тарауында алдағы тарауларды 
қарастырлыған тақырыптарға байланысты зертханалық жұмыстар ұсынылады. 
Оқу әдістемелік құралды жасау барысында шет ел тәжірбиелеріне сүйене отырып өз 
идеяларымызды ұсынбақпыз. Студенттерге қоршаған орта проблемасының маңыздылығын 
түсіндіру және жеткізу мақсатында осы жайлы бір тарау арналған болатын.
Сонымен қоса бірінші тарау бойынша «Бейорганикалық химия» білім беру 
бағдарламасы бойынша зерттеу жұмыстары да енгізіледі. Яғни бұл жұмыстар Қазақстан 
минералды шикізат қорында кездесетін металлдарды алу, елімізде өндірілетін құймаларды 
алу, металлдардың химиялық қасиеттерін зерттеу мен олардың коррозиясы жайлы болмақ.
Зертханалық жұмыстар қатарына шет ел тәжірбиесіне сүйене отырып зерттеу 
жұмыстарын да қосу жоспарымызда бар.
Осы әдістемелік құрал бойынша студенттерге қоршаған орта проблемаларына көз 
аштырып, оларды шешу жолына итермелеу біздің басты міндетіміз болып табылады.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
349 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет