«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
65
RHEUM CORDATUM
LOSINSK ЖАПЫРАҚТАРЫНАН БИОЛОГИЯЛЫҚ
БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР КЕШЕНІН ОҚШАУЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ИГЕРУ
Кайдарбекова Д.Б.
Ғылыми жетекші: х.ғ.д., профессор Корулькин Д.Ю.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
Университеті
Dikojan_2002@bk.ru
Табиғи құрамды дәрілі препараттар нарығы соңғы жылдары айтарлықтай өсуде.
Сонымен қатар, табиғи өсімдік биологиялық белсенді заттарды
дәрінің негізгі құрамдас
бөлігі ретінде пайдалану олардың синтетикалық аналогтарын алмастыра отырып, жыл сайын
артып келеді. Бүгінгі таңда өсімдік шикізатының биологиялық белсенді заттарын алудың ең
көп таралған әдісі термиялық экстракция болып саналады, бірақ бұл әдіс ең тиімді емес.
Қазіргі заманғы перспективалы әдістердің бірі –
микротолқынды экстракция, онда
экстракция процесі микротолқынды пештің көмегімен біртекті жылумен қарқындатылады,
бұл көптеген жағдайларда қажетті уақытты, еріткіш мөлшерін және жұмсалатын энергияны
едәуір азайтуға мүмкіндік береді, бұл жоғары тиімділікті
жоғалтпай экономикалық
шығындарды азайтады.
Rheum cordatum L.
– жүрекжапырақты рауғаш Шу-Іле тауларының фитоценоздарында
үлкен аумақтарды алып жатқан, көп таралған түрі болып табылады. Биіктігі 1-1,5 м-ге дейін
жететін шөпті, көпжылдық өсімдік. Сабақтары тік, көлденең қимасы бойынша дөңгелек.
Зерттеу
жұмысы барысында, жүрекжапырақты рауғаш өсімдігінің шынайылығы мен
кейбір биологиялық белсенді заттар топтарының сандық мәні анықталды. Мәселен, өсімдік
ылғалдылығы – 5,23%, күлділігі – 5,88%. Сонымен қатар, флаваноидтар – 1,94%, кумариндер
– 2,81%, тері ілегіш заттар – 2,00%, хлорофиллдер – 1,09%, каротиноидтар – 0,86%,
алкалоидтар – 0,64%, антоциандар – 0,36%. Аталып өткен кейбір ББЗ топтарынан белсенді
зат оқшаулаудың үздік технологиясын оңтайландыру үшін де зерттеу жүргізілді. Оның
нәтижесінде келесі параметрлердің оңтайлы мәндері анықталды:
еріткіштің өсімдік
шикізатына қатынасы,
микротолқынды сәулелену қуаты, экстракция уақыты.
Ғылыми жұмыс нәтижесінде алынған жүрекжапырақты рауғаштың жер үсті бөлігінен
биологиялық белсенді топтарды бөліп алу процесінің технологиялық
ерекшеліктері туралы
мәліметтер өсімдіктің биологиялық белсенді заттарын одан әрі зерттеуде,
сондай-ақ
биологиялық белсенді заттар Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту
үшін пайдалануға мүмкіндік туады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
66
Достарыңызбен бөлісу: