Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет58/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
62 
ARTEMISIA FRIGIDA 
ӨСІМДІГІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Исаханов Б.Қ. 
Ғылыми жетекші: профессор, PhD Жеңіс Ж. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
isakhanovbakbergen@gmail.com

Ерте кезден бері емдік мақсатта жусанды дәрілік өсімдік ретінде қолданады. Негізінен
Орта Азияда жусанды қабынуға қарсы, бауыр, асқазан, көкбауыр ауруларынан ем ретінде 
жиі қолданды.Қазақстанда 80-нен астам өсетін жусанның түрлерірі бар. Өінің емдік 
қасиетіне байланысы олардың химиялық құрамы, сандық және сапалық талдаулары қазіргі 
кезде де зерттеліп жатыр. 
Artemisia frigida - 
күнбағыс тұқымдасы деп аталатын астра тұқымдасына жататын гүлді 
өсімдіктердің кең таралған түрі. 
Artemisia frigida 
кең таралған және басым немесе кодоминантты көптеген аймақтарда, 
әсіресе құрғақ және бұзылған мекендеу орындарында. Ол Солтүстік Америкадағы жартасты 
таулар мен Қазақстанның Қарағанды облысында Ұлытау өңірінде жиі кездеседі, онда ол 
шабындықтарда , бұталы және орманды жерлерде өседі. Ішкі Моңғолияның Байрин Оң Туы 
және Байрин Сол Туы моңғол малшылары буын ауруын емдеу үшін кептірілген 
A. frigida 
арқылы су негізіндегі қайнатпа дайындайды. Қазақстан аумағында өсетін 
A. frigida 
өсімдігін 
алғаш рет зерттеп, негізгі өзектілігі дәрілік препараттар өндірісіне шикізат ретінде қолдану 
болып табылады.
Қазақстанның Алматы облысы Ақсу ауданынан жиналған
 A. frigida
 
дәрілік өсімдіктің 
фитохимиялық құрамдас бөліктеріне сандық және сапалық талдау жасалды. Зерттеу 
нәтижесінде өсімдіктің сапалылығының көрсеткіштері: ылғалдылығы – 6,7%, күлділігі – 
5,1554%, экстрактивті заттар – 24,4373% (80% сулы спирт ерітіндісінде) анықталды. 
Органикалық қышқылдар (0,2154%), флавоноидтар (0,6819%), кумариндер (6,9543%), тері 
илегіш заттар (1,7899%), полисахаридтер (1,286%) сияқты 
A. frigida
 
өсімдігінің жалпы 
биоактивті компоненттері анықталды. 
A. frigida 
үлгілері күлінің құрамынан минералды 
заттар атомды–абсорбционды спектрометр көмегімен анықталды, оның ішінде ең көп 
мөлшерде болған элементтер: калий (264,780 мкг/мл), кальций (97,670 мкг/мл), магний 
(49,8850мкг/мл), натрий (36,210 мкг/мл) ,темір (4,7615 мкг/мл).
A. frigida
 
өсімдігіне жалпы экстракция жасалынды. Бес фракцияға бөлінді: петролейн 
эфир, дихлорметан, этилацетат, бутанол және сулы бөлік. Осы бөліктерді зерттей отырып
биологиялық белсенді заттарды анықтап, 
Artemisia frigida 
өсімдігінен жақпа май дәрілік 
препарат түрін жасап шығару бағыты негізделуде.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет