Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ИОДОФОР НЕГІЗІНДЕГІ ГИДРОГЕЛЬДІ ЖАҚПА МАЙ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ Жалғасбаева Г.Ж. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Махаева Д.Н. әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті janbolatkizi01@mail.ru Әлемде фармацевтикалық препараттардың 400 ге жуық атауы иодқа және әртүрлі
иодтың полимерлермен кешендеріне (иодофорларға) негізделген. Иодофорлар – құрамында
иод және тасымалдаушы (полимер) бар ерітінділер. Тасымалдаушы – полимер иодтың ұзақ
бөлінуіне ықпал етеді және оның бактерицидтік әсерін күшейтеді. Оның сулы ерітінділері
тері мен шырышты қабықтарды, жараларды емдеуде антисептик ретінде кеңінен
қолданылады. Ең көп қолданылатын полимерлер – поливинилпирролидон және поливинил
спирті.
Полиоксазолиндер
–
иондық
емес,
гидрофильді,
биоыдырайтын
полимерлер,биожағдайдағы
полиамин
қышқылдарына
қарағанда
тұрақты
және
полиэтиленгликольге қарағанда аз уытты. Полиалкилоксазолиндер дәрі-дәрмектерді
жеткізуде көмекші заттар ретінде қолданылады және белсенді дәрілік заттың ерігіштік
профилін және дисперсиясын жақсарту үшін матрица ретінде қызмет етеді. Бұл зерттеудің
мақсаты – гидроксипропилцеллюлоза (ГПЦ) және поли-(2-этил-2-оксазолин) – иод кешеніне
негізделген жаңа гидрофильді гельдік жақпа майларды жасау, терінің жараланған жерлерін
емдеу және олардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу.
Бұл зерттеуде иодтың концентрациясына байланысты 0,3%,0,2% және 0,1% жақпа
майлар дайындалынды.Жақпа майларға қойылатын талаптарға байланысты зерттеу
жұмыстары жүргізілді. Яғни, оның рН, негізгі органолептикалық көрсеткіштері және жақпа
майлардан иодтың босап шығуы зерттелді. Алғаш рет ГПЦ мен поли(2-этил-2-оксазолин) –
иод кешеніне негізделген гидрогельді жақпа майлардың алудың технологиялық схемасы
ұсынылды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
136