ГИДРОЛИЗДІК ЛИГНИН НЕГІЗІНДЕ АМИН ТУЫНДЫЛАРЫН СИНТЕЗДЕУ
ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
Дулат Қ.Е.; Кажыгалиева Л.Р.; Қуандық А.Б.
Ғылыми жетекшісі :профессор м.а. Чопабаева Н.Н.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
Университеті
karakoz_dulat@mail.ru
Лигнин – табиғаттағы ең көп таралған биополимерлердің бірі, құрылымы – үш негізгі
фрагменттерден – кониферил, сирингил және синап спирттерінің қалдықтарынан тұратын
күрделі қосылыс. Өнеркәсіпте лигнин азық, тағам қоспалары және техникалық өнімдер
өндірісінде (азық ашытқысы, этил спирті, глюкоза, ксилит, фурфурол, органикалық
қышқылдар, лигнин және т.б.), сондай-ақ целлюлоза өндірісінде қалдық өнім ретінде
алынады (сульфатты лигнин, лигносульфоқышқылдар және гидролизді лигнин). Соңғы
уақытта лигнин қалдығының саны әр түрлі мәліметтер бойынша, 5-тен 15 миллион тоннаға
дейін тіркелген. Қазіргі кезде техникалық лигниндерді жоюдың толық техникалық
шешімдері жоқ, дегенмен соңғы жылдардағы ғылыми әдебиеттерге шолу зерттеушілердің
осы шикізат ресурсына деген қызығушылығының артуын көрсетеді.
Жұмыстың
мақсаты
–
ағзаны детоксикациялау үшін қолданылатын мақта қауызының
гидролиздік лигнинінің (МҚГЛ) амин туындылары негізінде энтеросорбенттерді синтездеу
және зерттеу.
МҚГЛ негізіндегі энтеросорбенттер эпоксидтеу және аминдеу әдістері бойынша
алынды. ЭД-20 эпоксидті-диан шайырымен өңделген оксиран туындысының, яғни циклде
бір оттегі атомы бар қаныққан үш мүшелі гетероциклді тобы бар жартылай өнімнің салмақ
қосуы 31,88 % тең болды. Эпоксидтелген жартылай өнім әр түрлі алифатты полиаминдермен
(полиэтиленимин, полиэтиленполиамин) аминделді. Лигниннің оксиран және амин
туындыларының құрамы мен құрылымы ИҚ-спектроскопия және потенциометрлік титрлеу
әдістерімен анықталды. Статикалық алмасу сыйымдылығы «Иониттер. Алмасу
сыйымдылығын анықтау әдістері» (ГОСТ 20255.1–89) бойынша қышқыл-негізді титрлеу
әдісімен есептелді. ИҚ-спектрлер сілтілік метал галогенидтері бар (калий бромиді)
престелген таблеткалар методикасы (ГОСТ Р 57941— 2017) бойынша түсірілді.
ИҚ спектрде МҚГЛ амин туындыларының құрамындағы гидроксильді топ (3399,43 см
-
1)
, амин топтары (2933,22; 3419,43 см
-1
), ароматты полифенолды сақина (1601,25; 1512,12;
1509,61 см
-1
),
тек қарапайым (дара) байланыстарды қамтитын сызықты немесе тармақталған
құрылымның ациклді көмірсутектер (
1660,43; 1269,03 см
-1
) топтарының деформациялық
және валенттік тербелістерінің жолақтары табылды.
Сонымен, медицинада, биологияда және биотехнологияда кеңінен қолданылуы мүмкін,
ағзаға детоксикациялық әсер көрсететін МҚГЛ амин туындылары әзірленді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
133
Достарыңызбен бөлісу: |