Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН КРАХМАЛ НЕГІЗІНДЕ БИОМЕДИЦИНАҒА АРНАЛҒАН ПОЛИМЕРЛІ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ Бауржан А. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Уркимбаева П.И. әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ayau151002@gmail.com Крахмал (C
6
H
10
O
5
)
n
– мономері альфа-глюкоза болып табылатын амилоза мен
амилопектин полисахаридтерінің қоспасы. Модификацияланған крахмал – физикалық,
химиялық, биохимиялық, радиациялық немесе аралас өңдеу нәтижесінде қасиеттері
мақсатты түрде өзгеретін крахмал. Модификацияланған крахмалдардың суды сақтау,
қоюландыру, гель түзу, эмульгациялау, қабық түзу қабілеті жоғарылаған болып келеді.
Таңғыш материалы (мадизаты) - хирургиялық оталар және таңу жұмыстарын
жургізуде, жараны таңу заттарын даярлауда, құрғатуда, механикалық тазартуда және жараны
тығындауда пайдаланылатын, тоқыма және де басқа материалдардың жалпы атауы.
Терінің зақымдануы, мысалы, күйік, созылмалы жаралар, операциядан кейінгі тігістер
8 аптадан көп жылдарға созылуы мүмкін ауыр ауру. Олар пациенттердің өмір сүру сапасына
елеулі әсер етуі және олардың қозғалғыштығын шектеуге әкелуі мүмкін.
Бұдан бұрын негізінен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
органикалык заттар, табиғи косылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы
кафедрасы поливинилпирролидон (ПВП), полиэтиленгликоль (ПЭГ) негізінде және
коюлатқыш ретінде агар-агарды колдану арқылы таңғыш материал алу рецептурасын
әзірледі .ПВП, ПЭГ және агар агар (Аг-Аг) негізінде таңғыш материал алу жұтылған
радиациялық сәулелер әсеріне негізделген, бұл материалды тігу ғана емес сонымен қатар
оны бір мезгілде зарарсыздандыруға мүмкіндік береді. Кафедрада дайындалған материалдар
бөртпелер мен жараларды және тері күйігін емдеуде колдануга таңғыш материал ретінде
ұсынылған болатын.
Бұл жоба таңғыш ретінде қолдану үшін микробқа қарсы белсенділігі бар гидрогель
материалдарын алу технологиясын әзірлеуге бағытталған. Алынған материалдар терінің
әртүрлі зақымдануын немесе күйіктерді, қабыну тері ауруларын және созылмалы жараларды
емдеу үшін пайдалы болады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
129