Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


КАТИОНДЫ ГИДРОГЕЛЬДЕР НЕГІЗІНДЕГІ ПОЛИМЕРЛІ ДӘРІЛІК



Pdf көрінісі
бет120/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

КАТИОНДЫ ГИДРОГЕЛЬДЕР НЕГІЗІНДЕГІ ПОЛИМЕРЛІ ДӘРІЛІК 
ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР 
 
Әсілбек А.А. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., профессор м.а. Рахметуллаева Р.К. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

altynaiasilbek@mail.ru
 
Гидрогельдер мөлдірлік, гидрофильділік, улылығы жоқ, жақсы араластырғыш, әртүрлі 
субстанцияларға жоғары өткізгіштік қасиеттерге ие. Полимерлі гидрогельдерге (ПГ) 
қызығушылық артуы оның қолдану аясын кеңейтті: медицинада-патологиялық үрдістер 
кезінде болатын ағзадағы дәріне шығаруды бақылайтын терапевттік жүйе ретінде, ол рН 
ортаның, температураның, қажетті заттардың жетіспеушілігінен болады, сондай-ақ көздік 
линзаларда, косметикалық протездерде, стоматологиялық жасауларда және әртүрлі 
ортопедикалық материалдар алуда қолданады.
Гельдер бағалы супер абсорбциялық қасиетке ие. Сондықтан гельдің негізгі қолдану 
аймағының ішінде маңыздысы – әртүрлі гигиеналық материалдар ретінде физиологиялық 
сұйықтарды сіңіруде қолдану. 
Жұмыста N-изопропилакриламид (НИПААМ) және N,N -диметиламиноэтилметакрилат 
(ДМАЭМА) негізіндегі сополимерлерден бастапқы мономерлі құрамы 30:70; 50:50; 70:30 
мас.% қатынасқа ие катионды гидрогельдер алынды. Олардың физика-химиялық қасиетері, 
дәрілік затпен әрекеттесу заңдылықтары зерттелді. Олардың негізінді медицинада 
қолданысқа ие болатын полимерлі дәрілік тасымалдаушылар алынды. 
НИПААМ-ДМАЭМА негізіндегі торланған сополимерлер радикалды сополимерлеу 
арқылы 333 К температурада синтезделіп алынды. Сополимерлеу молибденнен жасалған 
ампулада жүргізілді. Ампулаға құйылған реакциялық қоспадан оттекті шығарып тастау үшін 
20 минут бойы аргонмен үрленіп, сополимерге инициатор ретінде аммоний персульфаты, 
тігуші агент ретінде N,N-метилен-бис-акриламиді қолданылды. Алынған гельдер 20 күн 
бойы дистилденген сумен тазартылды.
Тігілген катионды полимердің температураға, рН-қа әсері және дәрілік затпен (ДЗ) 
комплекстүзу қасиеттері зерттелді.
Алынған НИПААМ-ДМАЭМА гидрогельдеріне термоиндуцирленген коллапс, яғни 
температураның жоғарлауымен ісіну көлемінің қатынастарының күрт өзгеруі тән және ол 
сонымен қатар ортаның рН-на тәуелді екені айқындалды. Қышқылдық ортада (рН=1,68) 
сополимердің бастапқы мономерлік қоспасында ДМАЭМА пайыздық мөлшері артқан сайын
және температураны жоғарлатқан кезде полимердің салыстырмалы көлемінің жоғарлайтыны 
анықталды. Ал ортаның рН-ын негіздік ортаға ауыстырғанда (рН=9,18) сополимердің 
бастапқы мономерлік қоспасында ДМАЭМА пайыздық мөлшері артқанда толығымен 
термосезімталдық, яғни температураны арттырған сайын гидрогель салыстырмалы көлемін 
біршамаға кішірейтетіні анықталды.
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
126 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет