Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ПОЛИАКРИЛ ҚЫШҚЫЛЫ ЖӘНЕ БАЗ КОМПЛЕКСІНІҢ НЕГІЗІНДЕ КӨМІРДІҢ ОЛЕОСУСПЕНЗИЯСЫН АЛУ Атығай Д.М., Назарова Д.Н., Наурызбай А. Ғылыми жетекші: Керимкулова М.Ж. әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы аймағында түрі мен жасы әртүрлі 400 ден аса көмір
кенорнының болуы энерго-, жылу энергиясы мен химиялық өңдеу өндірісін дамытуға
мүмкіндік береді. Көмір өндіру саласында өндіру мен тасымалдау барысында жиі пайда
болатын ұсақ ұнтақталған көмір шихталарын қалдық түрінде қарастыруға болады. Әлем
бойынша көмірдің қоры бойынша тоғызыншы болып тұрған еліміз үшін қалдықты өңдеу,
пайдалану мәселесі әлі толық жолға қойылған жоқ. Шикізатты қалдықсыз қолдануға
мүмкіндік беретін өзекті мәселені шешудің түрлі жолдары бар. Ол – көмірдің судағы
суспензиясы (КСС) немесе көмір-су отыны деп аталады. Яғни, құбыр немесе түрлі ыдыстар
арқылы тасымалдаудың негізінде мазутқа альтернатива болатын көмір-су отынын алу.
Көмір-су отыны деп аталатын отынның бұл түрін алудың тәсілдерін жетілдіруде әлемнің
көптеген елдері зерттеу жүргізуде. Біздің елде де бірқатар зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Зерттеулер табиғаты әртүрлі тұрақтандырғыштардың негізінде тұтқырлығы төмен,
аққыштығы жоғары жоғары концентрленген КСС алу жолдарына негізделген.
Бұл жұмыста олеосуспензия алу бағыты қарастырылған. Олеосуспензияны дайындау
үш фазалы жүйе аясында жүргізілді. Алдымен эмульгатордың негізінде өмір сүру уақыты
жоғары эмульсия алынды. Одан кейін оған көмірдің дисперсті бөлшектері әртүрлі мөлшерде
қосылды. Жалпы олеосуспензия алу барысында көмірдің бетінің жұғуы жақсы немесе нашар
болуы мүмкін. Оның негізгі себебі көмірдің күлділілігінің жоғары немесе төмен болуында.
Күлділігі жоғары көмірдің беті маймен нашар жұғатын болады. Сәйкесінше жұғу бұрышы
төмен. Маймен әрекеттесуі нашар болады. Сондықтан беттік керілу күші бөлшектің
салмағынан аз болады да көмір-май агрегаты жыртылып кетеді. Сәйкесінше
олеосуспензияның тұрақтылығы төмендеп, седиментация орын алады. Жұмыста
қолданылған Шұбаркөл кен орнының көмірінің күлділігі 14,2 % құрайды. Сонымен қатар
мотор майы және эмульгаторлар полиакрил қышқылы (ПАК), натрий лигносульфонаты (Na
ЛГС), натрий додецилбензолсульфонат, карбоксилметилцеллюлоза (КМЦ), октадециламин
(ОДА). Алдымен көмірдің тиімді дисперсті бөлшектері диспаргацияланып, фракциялық
құрамға бөлінді. Дисперсті бөлшектердің таралуының негізінде суспензиядағы тиімді
дисперсті бөлшек ретінде 63 мкм-ден төмен болатын көмірдің дисперсті бөлшектері және
концентрациялары 5%, 10%, 15% алынды. Ал мотор майының оңтайлы концентрациясы 50%
болып таңдалды. Алынған олеосуспензияның тұрақтылығы мен тұтқырлығы зерттеліп
нәтижесінде көмір концентрациясы 10 % олеосуспензия көрсеткіші басқаларына қарағанда
оптималды болып табылды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
123