Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет114/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

СЕКЦИЯ
 
 
 
 
КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ ЖӘНЕ ПОЛИМЕРЛЕР ХИМИЯСЫ 
 
КОЛЛОИДНАЯ ХИМИЯ И ХИМИЯ ПОЛИМЕРОВ
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
119 
МИКРОАҒЗА ЖАСУШАЛАРЫ КӨМЕГІМЕН АҚАБА СУЛАРЫН Mn (VII) 
ИОНДАРЫНАН ТАЗАРТУ 
 
Адылканова А.А. 
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Таттибаева Ж.А. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
adylkanova02@mail.ru 
 
Қазіргі уақытта жер, ауа мен судың ауыр металл иондарымен ластануы әлемдік 
мәселелердің қатарында. Әсіресе, су ресурстарының сапалық жағдайы елдің экономикалық 
дамуына, сондай-ақ халықтың денсаулығына шешуші әсер ететін өмірлік маңызды фактор. 
2013-2018 жылдың мәліметтері бойынша ластанудың жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан 
облыстарында тіркелген. Себебі, қазіргі таңда «Казцинк» ЖШС қалдық қоймалары мен 
Чашинск жерінің ағынды суларының құйылуы салдарынан тіпті Ертіс өзеніне де қауіп төніп 
отыр. Тобыл өзеніндегі судың ластану индексінің едәуір артуы марганец пен мыс 
иондарының қалыптан тыс жоғары болуымен байланысты, олардың асып кетуі Қостанай 
облысындағы өзендерге әсер етуде. Судан ауыр металл иондарын бөліп алудың белгілі 
әдістерінің ішінде ең қарапайымы – сорбция, бірақ мәселе ең тиімді сорбенттерді таңдау 
болып табылады.
Микроағза жасушалары соңғы кезде ғалымдардың назарын жиі аударған, зияны аз, 
қаржылай тиімді биосорбенттер, яғни потенциалды жаңарып тұратын фильтр деп атасақ 
болады. Суда оңтайлы орналасып, металл иондарын салыстырмалы түрле жоғары беттік 
ауданының арқасында жоғары адсорбциялайтын жасуша түріне – балдырлар жатады. 
Балдырлар тек қана адсорбциялау қасиетімен ғана емес, кейбір өкілдерінің критикалық 
жағдайларға қарамастан өмірлік циклын жалғастырумен қоса мутацияға ұшырау 
нәтижесінде жаңа эффективті штаммдарға да бастау бола алатыны, тіпті өмірлік циклы 
аяқталған күнде де адсорбциялық қасиеті керісінше өсетіні және болашақта биоотын бола 
алатын ең тартымды жасушалар қатарына жатады. Сондықтан, марганец (VIІ) иондарының 
сорбенті ретінде балдыр жасушалары таңдалды. 
Ақаба суларын марганец (VІI) иондарынан тазарту мақсатында 
Chlorella CZS 2201
балдыр жасушалары қолданылатын болады. Алғашында жұмыс зертханалық жағдайда 
модельдік ерітінділермен жасалынды. Яғни, 
Chlorella CZS 2201
балдыр жасушалары 
бетіндегі 10
-3 
М марганец (VІI) иондарының адсорбциясы және оған ортаның рН шамасының 
әсері ААС әдісімен зерттелді. Зерттеу барысында алынған сынамалардың сандық және 
сапалық нәтижелері ИҚ, СЭМ және рентген флуоресцентті талдау әдістерімен алынды. 
Алынған нәтижелер өз кезегінде 
Chlorella CZS 2201 
балдыр жасушаларының марганец (VІI) 
иондарына оңтайлы жағдайларда тиімді адсорбент бола алатынын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет