Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ПОЛИЭТИЛЕНТЕРЕФТАЛАТТЫ ДЕПОЛИМЕРЛЕУ РЕАКЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет122/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ПОЛИЭТИЛЕНТЕРЕФТАЛАТТЫ ДЕПОЛИМЕРЛЕУ РЕАКЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ 
 БИС-ГИДРОКСИЭТИЛЕНТЕРЕФТАЛАТ АЛУ 
 
Байкенже.А.М. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Уркимбаева П.И. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

 
Полиэтилентерефталат (ПЭТ) – жартылай кристалды алифатикалық термопластикалық 
полиэфир болып табылады, негізінен бөтелкелерге (51 %), тамақ қаптамалары (9,1 %), 
парақтар мен пленкалар (13,8 %), сондай – ақ азық түлік емес тауарлар үшін (6,1 %) 
қолданылады. Азық – түлік өнімдері мен сусындарды орау үшін кеңінен қолданылатын 
полимерлердің ішінде ПЭТ ең қолайлы термопластика болып табылады, өндірісі жыл сайын 
5-6 % ға өсуде, өйткені, оның механикалық қасиеттері жоғары, физика – химиялық 
қасиеттері, соның ішінде газ өткізгіштігі төмен. ПЭТ – шыны бөтелкелер, алюминий 
банкалар, картон қораптар және басқа пластиктер сияқты балама орау нұсқаларында жоқ 
өнімділік артықшылықтары бар қайта өңдеуге болатын шешім. 
Қайта өңдеу технологиясы полигондарға дәстүрлі кәдеге жаратуға балама ретінде 
әзірленді. ПЭТ мәнін төрт негізгі әдіспен қалпына келтіруге болады: бастапқы (қайта 
экструзия), екіншілік (механикалық), үшінші (химиялық) және төрттік (энергияны қалпына 
келтіру).Осы әдістердің ішінде жиі қолданылатыны және ең тиімдісі – химиялық қайта 
өңдеу,ол гетерогенді материалдар немесе ластанған пластик ыдыстар үшін жарамды және ол 
пластик қалдықтарын ең аз алдын ала өңдеуді қажет етеді. ПЭТ бес түрлі жолмен химиялық 
қайта өңделуі мүмкін: метанолиз, гликолиз, гидролиз, аммонолиз және аминолиз. Гликолиз 
процесінде ПЭТ-ті деполимерлеу реакциясы арқылы бис-гидроксиэтилентерефталат (БГЭТ) 
алуға болады.Гликолиз ПЭТ-ті химиялық қайта өңдеудің ең үнемді және коммерциялық 
мүмкін әдісі болып табылады. Ол әдетте жоғары сапалы ПЭТ бөтелкелерді қайта өңдеу үшін 
қолданылады және шикізатты механикалық қайта өңдеумен бәсекелесе алады. 
ПЭТ қалдықтарын деполимерлеу термометрмен, тоңазытқышпен және механикалық 
араластырғышпен жабдықталған үш мойынды колбада, 140÷190ºС температура аралығында, 
этиленгликоль мен ПЭТ массалық қатынасы 1:1 - ге тең, мырыш ацетаты катализаторының 
қатысуымен (ПЭТ массасына шаққанда 0,5 %) 69,8 % шығыммен жүзеге асырылды. Алынған 
БГЭТ соңғы бұйымдарға өңдеу үшін олардың сапасының келесідей түрінде ұсынылуы 
мүмкін: 
1. Азық-түлік бөтелкелері. 
2. Техникалық жіптер, орау таспасы, кілем жгуттары, балқымадан қалыптау арқылы 
алынатын тоқыма емес материалдар. 
3. Үлдірлер, тағамдық емес өнімдерге арналған бөтелкелер, штапель талшығы, тоқыма 
емес материалдар. 
4. Құю өнімдері, соның ішінде арматураланған полиэтилентерфталат. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
128 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет