Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
МЫС НАНОБӨЛШЕКТЕРІНІҢ АНТИБАКТЕРИАЛДЫ ҚАСИЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖУҒЫШ ЗАТТАР ӘЗІРЛЕУ Асқарова Д.А. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к Оспанова Ж.Б. әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті askarova.dana00@mail.ru Соңғы жалдары нанотехнологияның дамуымен металл нанобөлшектерін синтездеу
әдістерін анықтау мен олардың қасиеттерін зерттеу қызығушылық тудыруда. Металл
нанобөлшектері алмастырылмайтын каталитикалық, биологиялық, электрлік, оптикалық
қасиеттеріне, сонымен қатар беттің көлемге қатынасының жоғары болуына және шағын
өлшемдеріне байланысты танымалдыққа ие болып отыр. Cu, CuO, Ag және Au сияқты
металл нанобөлшектері әртүрлі микроорганизмдерге, соның ішінде саңырауқұлақтарға,
вирустарға, грам-оң және грам-теріс бактерияларға қарсы күшті антимикробтық белсенділік
көрсетеді.
Мыс - антибактериалдық қасиеті жоғары және экономикалық арзан, қол жетімді металл
болып табылады. Сондықтан мыс нанобөлшектерін инфекциялардың таралуымен, әсіресе
стандартты антибиотиктерге және дезинфекциялық ерітінділерге төзімділігі дамыған
микроорганизмдерге қарсы күресу үшін, киімдерде, жабдықтарда қолдануға және микробқа
қарсы сүзгілер мен жабындарда, жуғыш заттар өндіруде үлкен табыспен пайдалануға
болады.
Мыс нанобөлшектерін синтездеу үшін химиялық тотықсыздандыру әдісін қолдану
жоспарланды, себебі бұл әдіс қарапайым, үнемді және қолайлы әдіс болып табылады.
Тотықсыздандырғыш және тұрақтандырғыш агенттерді пайдалана отырып мыс
нанобөлшектерінің бақыланатын өлшемдері мен формаларын алуға болады. Синтезделген
нанобөлшектердің антибактериалдық қасиеттері
Staphylococcus және Escherichia coli бактерияларының үлгілеріне тексеріледі . Мыс нанобөлшектерінің грам-оң және грам-теріс бактерияларға қарсы күшті
бактерицидтік қасиеті бар деп болжауға болады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
124