БЕТТІК-АКТИВТІ ЗАТ – ПОЛИМЕР АССОЦИАТТАРЫНЫҢ СҰЙЫҚТЫҚ-ГАЗ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ФАЗААРАЛЫҚ АДСОРБЦИЯЛЫҚ ҚАБАТТАРЫН ЗЕРТТЕУ Аширалиева Д.Н. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Құмарғалиева С.Ш. әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті asiralievadana@gmail.com Қазіргі таңда беттік-активті полимерлер немесе беттік-активті зат/полимер жүйелері
түрлі салаларда, атап айтқанда коллоидтық жүйелерді тұрақтандыру, флокуляция,
эмульсиялар, көбіктер, суспензиялар, зольдерді тұрақтандыру және қасиеттерін зерттеуде
кеңінен қолданылуда. Беттік-активті заттарды (БАЗ) қолдану түрлі дисперстік жүйелердің
қасиеттерін басқаруда қолданылатын қосылыстардың коллоидтық-химиялық қасиеттерін
(беттік активтілік, солюбилизация, ылғалдылық, тұтқырлық және т.б.) реттеуге мүмкіндік
туғызады.
Полимер-БАЗ композицияларын қолдану аясының кеңеюі олардың беттік және
фазааралық қасиеттерін, түрлі шекарадағы адсорбциясын, беткі қабаттың қалыптасу
жағдайларын, тереңірек зерттеуді талап етеді. Осыған орай жұмыстың мақсаты – сұйықтық-
газ шекарасында беттік-активті зат/полимер ассоциаттарының фазааралық адсорбциялық
қабаттарын зерттеу. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалды: беттік-
активті
зат/полимер
комплекстерін
алу;
алынған
беттік-активті
зат/полимер
ассоциаттарының сұйықтық-газ шекарасындағы беттік керілуін анықтау; жеке беттік-активті
заттардың және БАЗ-полимер ассоциаттарының көбік түзгіш қабілетін зерттеу. Полимер
ретінде полиэтиленимин және полиэтиленгликоль, ал беттік-активті зат ретінде анионды
натрий лауретсульфаты және бейионды алкилполигликозид алынды.
Зерттеу жұмысының нәтижелері көрсеткендей, сұйық-газ шекарасында жеке
компоненттердің беттік керілуіне қарағанда композициялардың беттік керілуі төмен болады
және полимер қосқанда беттік-активті заттардың беттік активтілігі өседі.
Полимер ерітінділеріне беттік-активті зат сияқты қосымша заттарды қосу, полимердің
бастапқы физикалық қасиеттерін айтарлықтай өзгерте алады. Алынған БАЗ-полимер
ассоциаттарын маңызды өндірістік және биологиялық процестерде жаңа буындағы беттік-
активті заттар ретінде қолдануға болады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
125