Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЫҚТИМАЛДЫҚ ЖОСПАРЛАУ ӘДІСІ БОЙЫНША ШҰБАРКӨЛ



Pdf көрінісі
бет134/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЫҚТИМАЛДЫҚ ЖОСПАРЛАУ ӘДІСІ БОЙЫНША ШҰБАРКӨЛ
КЕҢІ КӨМІРІНЕН ГУМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫН АЛУ 
 
Кадырбай И.А., Жанасбаев Д.Қ. 
Ғылыми жетекші: доцент Керимкулова М.Ж. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

Қазіргі кезеңдегі химия ғылымының маңызды бағыттарының бірі – табиғи органикалық 
қосылыстардан практикалық тұрғыда құнды химиялық өнімдерді алудың өнеркәсіптік 
әдістерін жасау. Осы тұрғыда гуминді қосылыстардың алатын орыны ерекше. Гуминді 
қосылыстардың маңыздылығы олардың физика-химиялық қасиеттерімен (сорбциялық, 
ионалмастырғыштық, гидрофильді) түсіндіріледі. Суда еритін гумин қышқылдарының 
сілтілік металдарының тұздары гидрофильді және гидрофобты бөлшектері арқылы фазалар 
бөліну бетінде адсобцияға қабілетті болып келеді. Сол себепті гумин қышқылдарының 
құрылысы мен құрамын, эрозияға ұшыраған топырақтарды қалпына келтіру процесінде 
құрылымтүзгіш қасиеттерін зерттеу терең сараптауды талап ететін мәселелердің бірі. 
Бұл жұмыстың мақсаты отандық Шұбаркөл кен орыны көмірінен гумин қышқылдарын 
бөліп алудың тиімді жағдайларын анықтау. Тәжірибе бес деңгейде бес факторлы жоспарлау 
матрицасы арқылы жүргізілді. Процестің температурасы 25-дан 85°C-қа дейін, ал сілтінің 
концентрациясы 0,5-тен 2,5 % - ға дейін өзгертіліп, әдістемеге сәйкес атмосфералық 
қысымда мерзімді араластыру арқылы гумин қышқылдарының экстракциясы 10-50 минутқа 
дейінгі уақыт аралығында зерттелді. Көмірді механикалық ұнтақтау 5-25 минут аралығында 
жүргізілді. Эксперименттердің нәтижелері гумин қышқылдарының шығымымен бағаланды. 
Шұбаркөл кен орнының көмірінен гумин қышқылдарының бөлінуінің оңтайлы 
жағдайларын таптық, олар:
1.
экстракция температурасы – 85

С; эксперименттің жүру уақыты – 40 минут; сілтінің 
концентрациясы - 1,0 %; көмір мен сілтінің ерітіндісінің қатынасы 1:25; 
2.
экстракция температурасы – 70

С; эксперименттің жүру уақыты – 40 минут; сілтінің 
концентрациясы - 2,0 %; көмір мен сілтінің ерітіндісінің қатынасы 1:80; 
3.
экстракция температурасы – 85

С; эксперименттің жүру уақыты – 10 минут; сілтінің 
концентрациясы - 1,5 %; көмір мен сілтінің ерітіндісінің қатынасы 1:40;
Осы жағдайларда жүзеге асырылған эксперимент есептелген деректерге сәйкестілігі ең 
жоғары болды. Алынған нәтижелер бойынша гумин қышқылдарының шығымы 62,1-94,1 % 
құрады. ИҚ-спектроскопия әдісімен көмірден бөлінген бастапқы көмір мен гумин 
қышқылдарының құрамы зерттеліп, Шұбаркөл кен орнының көмірінен гумин 
қышқылдарының бөлінуінің оңтайлы жағдайын анықтадық. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
140 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет