Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет175/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
181
ЭКСТРАГЕНТТЕРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫН АНЫҚТАУ 
 
Аманкелді Қ., Аканова Г. 
Ғылыми жетекшісі: Исмаилова А.Г. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
amankeldi.kasiet00@mail.ru
Сирек жер элементтерін (СЖЭ) бөлу үшін экстрагент ретінде фосфорорганикалық 
қышқылдар, мысалы, Д2ЭГФҚ [1, 2], CA-100 [3], ТБФ, Cyanex 272, Cyanex 921 (TOPO) 
Cyanex 301 [2], Cyanex 302 [4] және т.б. кеңінен қолданылады. Экстрагенттер катион 
алмастырғыш, анион алмастырғыш және бейтарап болып бөлінеді [5]. Экстрагенттердің 
әрқайсысының СЖЭ бөлуде өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Катион 
алмастырғыш экстрагенттер ретінде карбон қышқылдары, органофосфат қышқылдары және 
гликоль амид қышқылы қолданылады және де бұл экстрагенттер басқа экстрагент 
түрлерімен салыстырғанда жоғары экстракция тиімділігіне ие. Әдетте катион 
алмастырғыштан экстрагенттермен СЖЭ экстракциясы pН 3-5 аралығында жүргізіледі. 
Кейбір органикалық экстрагенттердің экстракциялық қабілеттілігін арттыру үшін оларды 
тазарту қажет етіледі. Мысалы, ди-2-этилгексилфосфор қышқылының Д2ЭГФҚ құрамын 
моно-этилгексилфосфор қышқылынан МЭГФҚ тазарту қажет. Зерттеу мақсаты органикалық 
қосылыстардың тазалығын анықтау. Тазарту бірнеше этаптан тұрады. Әуелі концентрациясы 
алдын-ала есептелген Д2ЭГФҚ керосинде (басқа еріткішті де қолдануға болады) ерітіліп, 10 
мин интенсивті араластырылады. Сонан соң, аммиакты буферлі ерітінді және азот қышқылы 
ерітінділерімен араластырылып, бөлгіш сүзгі арқылы органикалық фаза бөлініп алынады. 
Тазартылған экстрагент құрамы титриметрлік әдіс арқылы анықталады. Д2ЭГФҚ 
экстрагентімен неодим және празеодим экстракциясы орындалды.
Әдебиеттер: 
1. Radhika S. et al. Liquid-liquid extraction and separation possibilities of heavy and light rare-earths 
from phosphoric acid solutions with acidic organophosphorus reagents // Sep. Purif. Technol. Elsevier B.V., 
2010. Vol. 75, № 3. P. 295-302. 
2. Torkaman R. et al. Solvent extraction of samarium from aqueous nitrate solution by Cyanex301 and 
D2EHPA // Hydrometallurgy. Elsevier B.V., 2013. Vol. 137. P. 101-107. 
3. Wang Y.G. et al. Solvent extraction of scandium(III), yttrium(III), lanthanides(III), and divalent 
metal ions with sec-nonylphenoxy acetic acid // Solvent Extr. Ion Exch. 2002. Vol. 20, № 6. P. 701-716. 
4. Wu D., Wang X., Li D. Extraction kinetics of Sc(III), Y(III), La(III) and Gd(III) from chloride 
medium by Cyanex 302 in heptane using the constant interfacial cell with laminar flow // Chem. Eng. 
Process. Process Intensif. 2007. Vol. 46, № 1. P. 17-24. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
182


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет