Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет178/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
184
 
МЫРЫШ СУЛЬФИДІН АЛУДЫҢ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ӘДІСІН ЖАСАУ 
Бекжанқызы Ә. 
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Баешова А.К. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
anelbekzhankyzy@icloud.com
 
 
Химиялық қосылыстарды өндіру үшін электрохимиялық әдістер кеңінен қолданылуда, 
өйткені олар кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша дәстүрлі химиялық 
әдістерді басып озады. Бұл әдістің басты артықшылығы - таза химиялық қосылыстарды алу 
мүмкіндігі.
Біздің жұмысымыздың мақсаты сулы ортада мырыш электродтарын поляризхациялау 
арқылы мырыш сульфидін алу болып табылады. Мырыш сульфиді люминофорларды жасау 
үшін, жарқырайтын таблолар, панельдер, QD-LED дисплейлері үшін, лазерлік технологияда - 
жартылай өткізгіш лазерлерде, сонымен қатар ИҚ мөлдір терезелер мен линзаларды жасау 
үшін қолданылады. Мырыш сульфидінің негізіндегі наноқұрылымдар медицинада, 
оптоэлектроникада қолданылады. Мырыш сульфидін химиялық жолмен газ күйіндегі 
күкіртсутекті мырыш тұздарының сулы ерітінділері арқылы өткізу, суда еритін мырыш 
тұзының суда еритін сульфидпен алмасу реакциясы арқылы немесе мырыш пен күкірт 
ұнтақтарын балқыту арқылы элементтерден тікелей синтездеп алуға болады. Аталған 
химиялық әдістер көп энергияны қажет етеді, жоғары температуралық режимдерде өтеді. 
Сол себепті тұрақты токпен поляризациялау арқылы мырыш сульфидін алудың 
электрохимиялық әдісін жасауды қарастырдық. 
Электролиз көлемі 50 мл химиялық стаканда натрий хлориді ерітіндісінде жүргізілді. 
Анод ретінде мырыш электроды, катод ретінде 50/50 ара қатынаста балқытылып жасаған 
кукіртграфит электроды қолданылды. Тәжірибелер бөлме температурасында жүргізілді. 
Тұрақты токпен поляризациялау MATRIX ток түзеткіші арқылы жүзеге асырылды. 
Электролиз жүргізу кезінде тұрақты токпен поляризациялау кезінде мырыш электроды еріп, 
ерітіндіге мырыш иондары өтеді. Осы сәтте катодтан – күкіртграфит электродынан күкірт 
бөлініп шығып, ерітінді түбіне мырыш сульфиді ақ тұнба түрінде түзіле бастайды. Алынған 
тұнба жуылып, декантацияланып, кептірілді және элементтік құрамы анықталды. Тұрақты 
токпен 
поляризациялау 
кезінде 
мырыш 
электродының 
еруіне 
электролит 
концентрациясының, ток тығыздығының әсері зерттелді. Жүргізілген зерттеудердің нәтижесі 
1 M натрий хлориді ерітіндісінде және ток тығыздығының мәні 50-300 А/м
2
аралығында 
мырыш электродының ток бойынша шығымының 118%-дан 107%-ға дейін төмендейтіндігін 
көрсетті. Ал натрий хлоридінің концентрациясы 0,5 М бастап жүргізілген тәжірибелер 
мырыш электродының еруі 2 М натрий хлориді ерітіндісінде максимум 121%-ға жетіп, одан 
ары қарай төмендейтіндігін көрсетті. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
185


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет