Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ТОТЫҚҚАН ҚОҢЫР КӨМІРДЕН ФУЛЬВОҚЫШҚЫЛЫН БӨЛІП АЛУ Малғаждаров а
А.Б., Ермағамбет Б.Т., Қазанқапова М.Қ. « Көмір химия және технология институты » ЖШС malgazhdarova.ab@mail.ru, bake.yer@mail.ru, maira_1986@mail.ru Фульвоқышқылы топырақта, шөгіндіде, көмірде немесе су ортасында кездесетін
қарашіріктен алынатын (экстракцияланатын) қышқыл органикалық полимер. Оның атауы
латынның «fulvus» сөзінен шыққан, оның сары түсіне сілтеме жасайды.
Бұл қосылысты 20 ғасырда анықталғанмен, тиімді алу әдісі тек 2015 жылы ғана белгілі
болған. Атап айтқанда, фульвоқышқылын бөліп алу және тазалау өте қымбат процесс болып
табылады, сондықтан 1 мг фульвоқышқылының құны орташа есеппен 59 $ АҚШ долларын
құрайды. Фульвоқышқылының биологиялық активтілігі көп жағдайда оның физика-
химиялық қасиеттерімен сипатталады. Тазалығы ≥95% фульвоқышқылы CAS (CAS Registry
Number) (№ 479-66-3) каталогында молекулалық формуласы С
14
Н
12
О
8
химиялық қосылыс
ретінде тіркелген.
Жұмыста Қазақстанның тотыққан қоңыр көмірінен фульвоқышқылы бөлініп алынды.
Калий гуматы және аммоний гуматын азот қышқылы ерітіндісімен бейтараптану
нәтижесінде тұнба түрінде гумин қышқылы бөлініп, тұнбаға түспей қышқыл ерітіндіде
қалған органикалық ерітінді фульвоқышқылы бөлініп алынды. Бөлініп алынған
фульвоқышқылы Форсит әдісі бойынша толық тазалаудан өткізілді. Форсит әдісі бойынша
фульвоқышқылын тазалау бірнеше сатыдан ең алдымен қышқылды сорбент арқылы одан
кейін катионит арқылы өткізіп, соңында мембраналы тазалауға (диализ) негізделген.
Сорбент ретінде «Көмір химия және технология институты» ЖШС өндірілген
активтелген көмірлер «Шұбаркөл» және «Шоптыкөл» және нарықта жиі қолданылатын
«Кокосты» сорбенттер пайдаланылды.
Фульвоқышқылын тазалауда иондарды тазарту тұрғысынан тиімді сорбент ретінде
«Шұбарколь» таңдалды, иондарды тазарту дәрежесі 66,12-99,75 % көрсетті.
Фульвоқышқылын соңғы тазалау сатысы мембраналы тазалаудан (диализ) кейін кептіргіш
шкафта 35-40
0
С-та кептіріп таза күйіндегі ашық сары түсті ФҚ алынды. Көмірден бөліп
алып, толық тазалауға ұшыраған фульвоқышқылы иондық хроматография, ИҚ-
спектроскопия және ЯМР анализдеріне жіберілді.
«Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым
комитеті қаржылай қолдауымен жүргізілді (грант NАР09260096. Қазақстан көмірінен
алынған гуминді полиэлектролитті қышқылдар негізіндегі модифицирленген органикалық
биопрепараттардың технологиясын әзірлеу және тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру)»