Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ДӘРІЛІК ТҮЙМЕДАҚ ГҮЛІ ЖӘНЕ АЛҚЫЗЫЛ ДОЛАНА ЖЕМІСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет25/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ДӘРІЛІК ТҮЙМЕДАҚ ГҮЛІ ЖӘНЕ АЛҚЫЗЫЛ ДОЛАНА ЖЕМІСІНІҢ
ҚОСПАСЫН ФИТОХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Айнабек М.Ә. 
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тоқтарбек М. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

Алматы
 
 
Зерттеу нысаны болып табылатын өсімдіктер пайдалы қасиеттерінің арқасында 
халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Біз өсімдіктер қоспасынан кешен дайындау 
арқылы олардың биологиялық белсенділігін арттыра аламыз. Біздің мақсат өсімдіктер 
кешенінен фитопрепарат алудың тиімді жолын ұсыну болып табылады.
Зерттеу нысаны: Дәріліктүймедақ гүлі (лат. 
Chamomillarecutita L.)
және Долана (лат. 
Crataegus
) жемістері.
Зерттеу әдістері. Фитохимиялық сараптау үшін қағазды хроматографияның бір және екі 
жүйелі түрі мен жұқа қабатты хроматография әдістері қолданылды.Екі жүйелі қағазды 
хроматографияларға аммиак буры, ДзПНА/сода, ЖАК 1%-ды, FeCl
3
1%-ды, AlCl₃1%-ды, 
нингидрин және о-толуолдин реагенттерімен сапалық реакциялар жүргілді. 
Кешеннен экстракция алу үшін 1:1 қатынаста 100гр шикізат дайындап үстіне 
70%спирт-су еріткішін құйып 72 сағатқа қалдырдық. Осылай экстракция үрдісін 3 рет 
қайталадық. Алынға экстрактілерді роторлы буландырғыш арқылы қоюлатылды. Алынған 
құрғақ экстракт мөлшері -12,3г құрады . 
Зерттеу нәтижелері: Кешенінің шынайылығы зерттелінді, нәтижесінде кешеннің 
ылғалдылығы- 6,37%, күлділігі-5,12% және экстрактивті заттар 18,55% болды. Сапалық 
сараптау нәтижесінде кешен құрамынан полифенолды қосылыстар: флавонолдар, 
флавонондар, фенол қышқылдары және тері илегіш заттар, аминқышқылдар (серин, 
глутамин, гистицин, орнитин, метионин, лизин, лейцин және тирозин) және көмірсулар 
(галактоза, аробиноза, рамноза, ксилоза, глюкоза, манноза, мальтоза және лактоза) бар екені 
белгілі болды.Өсімдіктер кешеніне сандық сараптау жасалынды, тері илегіш заттар - 5,40%, 
көмірсулар - 0,98%, флавоноидтар - 7,93%, органикалық қышқылдар - 0,35% және 
кумариндер 2,23% болды. Кешен құрамындағы май қышқылдары Газ хроматографиясы 
көмегімен анықталды, зерттеу нәтижесінде: қаныққан май қышқылдары- 21%, 
моноқанықпаған май қышқылдары- 27% және полиқанықпаған май қышқылдары 51%-ті 
көрсетті. Кешен құрамындағы көп мөлшерде кездескен май қышқылдары; 40% - линол 
қышқылы, 25% - олеин қышқылы және 9% - пальмитин қышқылы құрады. Кешен 
құрамындағы макро- жәнемикроэлементтермөлшері атомды адсорбционды анализатор 
көмегімен анықталды Zn - 5.8806 мкг/мл; Cu – 1.6577 мкг/мл; Pb – 0.6460 мкг/мл; Cd –
0.0186 мкг/мл; Mn – 7.4519 мкг/мл; Fe – 33.0433 мкг/мл; Ca – 339.110 мкг/мл; Mg – 319.190 
мкг/мл; K–2871.960 мкг/мл Na – 814.920 мкг/мл; Ni-0.3694 мкг/мл. Зерттеу жұмыстары 
жалғасуда. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет