Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет24/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

AMMODENDRON BIFOLIUM
 (ҚОЯНСҮЙЕК) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН 
СУБСТАНЦИЯ АЛУ ЖОЛЫН ЖАСАУ 
 
Абухан А.М. 
Ғылыми жетекші: PhD, доцент Сейтимова Г.А. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
abukhanovva@mail.ru
 
 
Дәрілік өсімдіктерді зерттеу – жаңа препараттарды, қауіпсіз профилактикалық 
агенттерді алу үшін заттардың тиімді, үнемді және перспективті әдісі. Орталық Азия 
елдерінде, Қазақстанда, Иранда, Қытайдың солтүстік-батысында таралған қоянсүйек 
(Ammodendron bifolium)
өсімдігі түрлері халық медицинасында жүрек-өкпе жеткіліксіздігі 
ауруларында, астенияда, артериялық қысымды көтеру мақсаттарында қолданылған. Өсімдік 
гүлдерінен бал аралар бал жинайды, тамырынан илік заттар және өндіріске қажет бояу 
алынады. Сәндік өсімдік ретінде және құмды бекіту үшін өсіріледі. Құрғақ өсімдік ұнтағы 
инсектицидтік әсерге ие. Бұтақтар мен жапырақтардан дайындалған тұндырма тыныс алу 
орталығын ынталандырады. 
Жұмыстың мақсаты –
 
қоянсүйек 
(Ammodendron bifolium)
өсімдігінен субстанция алу 
жолын жасау. 
Ammodendron bifolium
өсімдігі шынайылығы (шикізат ылғалдылығы, күлділігі, 
экстрактивті заттар мөлшері) және биологиялық белсенді заттардың негізгі топтарының 
сандық мөлшері зерттеулері ҚР Мемлекеттік Фармакопеядағы І әдістемелік нұсқаулар 
бойынша жүргізілді, зерттеу нәтижесінде шикізаттың ылғалдылығы – 4,96 %, күлділігі – 
2,10 %, органикалық қышқылдар – 1,9 %, флаваноидтар – 4,64 %, көмірсулар –2,29 %, тері 
илегіш заттар –3,06 %, кумариндер – 3,74 %, сапониндер – 0,83 %, алкалоидтар – 1,31 % 
анықталды. Сонымен қатар, май қышқылдары құрамы газ-сұйық хроматография (Хромос 
ГХ-1000) әдісімен МЕМСТ 30623-2018 талаптарына сай зерттелді, нәтижесінде 17 май 
қышқылы идентификацияланды, оның ішінде пальмитин (26,95 %), эйкозапентаен (24,75 %) 
және линол (9,26 %) қышқылдары жоғары мөлшерде екені белгілі болды. 
Қоянсүйек 
(Ammodendron bifolium)
өсімдігінен субстанция алу үшін келесі әдістер 
қолданылды: мацерация (тұндыру) және ультрадыбыстық экстракция. Ультрадыбыстық 
экстракция әдісі таңдалған өсімдік шикізаты үшін тиімсіз болды, себебі мацерация жолымен 
алынған субстанция құрамымен салыстырғанда, экстрактивті заттар мөлшері екі есе аз 
шықты. 
Бүгінгі таңда қоянсүйек 
(Ammodendron bifolium)
өсімдігінен алынған субстанция 
фитохимиялық құрамын зерттеу жұмыстары жалғасуда. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет