Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет32/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
Литература
1. Завалин А.А. Биопрепараты, удобрения и урожай. -М.: Изд-во ВНИИА, 2005.-302с. 
2.
Маркин В.И. Карбоксиметилирование растительного сырья: теория и практика.-Барнаул: 
Изд-во АГУ, 2010. - 167 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
36 
ҚЫЗЫЛ ТАСПА ШӨП ЖӘНЕ ОРАЛДЫҚ МИЯ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ҚОЮ 
ЭКСТРАКТІСІНЕН ШЫРЫН АЛУ ЖОЛЫН ҰСЫНУ 
 
Анықбай А.К. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Бурашева Г.Ш. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
 
Қазақстан Республикасы өсімдік ресурстарына бай өлке, тек олардың аз ғана бөлігі 
медицина мен халық шаруашылығында қолданылады. Қазіргі уақытта медициналық 
тәжірибелерге қажетті дәрілік заттардың 30%-ы өсімдіктерден дайындалады, сонымен қатар 
көптеген ауруларды емдеуде дәрілік өсімдіктерді еш нәрсе алмастыра алмайды. 
Қызыл таспа ТМД-ның барлық территориясында өседі. Қазақстанда Алакөл ауданының 
барлық жерлерінде кеңінен таралған. Емдік қасиеті: қызыл таспа шөбі ісікті басады, қан 
тоқтатады, қан қысымын төмендетеді. 
Оралдық мия далалы аймақтарда, өзен жағасында, арам шөп ретінде егістік арасында 
өседі. Мия пневмония кезінде құрғақ жөтелді емдеуге, бронх қабынуынан туындаған 
жөтелде, туберкулез, көмейдің қабынуы кезінде көмектеседі. 
Зерттеу нысаны: Оралдық мияның 
(
Glycyrrhiza uralensis)
 
жер асты бөлігі- Көкшетау 
қаласы маңынан 2021 жылы күзде; ал Қызыл таспа 
(
Polygonum aviculare)
шөбінің жер үсті 
бөлігі- Алматы облысынан 2022 жылы гүлдеу кезінде жиналған. 
Зерттеу барысында өсімдіктен дайындалған кешеннің 50 %-ғы сулы-этанол 
сығындысының сапалық құрамы зерттелді. Екі жүйелі қағазды хроматография (КХ) әдісімен, 
әр түрлі еріткіштер жүйесінде, арнайы айқындағыштарды қолдану арқылы өсімдіктердің 
негізгі биологиялық белсенді заттары (ББЗ) анықталды. 
Зерттеу нәтижесінде 50%-ды сулы-этанол сығындысының (шикізат: экстрагент - 1:8 
экстракция уақыты - 3 күн (72 сағат), екі рет, t°-22-28°С) құрамында ББ3-дың мөлшері 
жоғары болатыны белгілі болды. Эктракция соңында 1250 мл экстракт алынып, 4-5 сағатта 
45°С-та 275 мл – ге дейін роторда қоюланды. Өсімдік кешенінің шырын алу үшін, 
концентратының PH-ы анықталды. PH=4.93 . Қою экстракт алу әдісі өте қарапайым, 
күрделі қондырғыларды қажет етпейді және өнімді тұрақты құрамда алуға мүмкіндік береді. 
Қызыл таспа шөбі және оралдық мия өсімдіктерінің негізгі ББЗ-ның сандық 
құрамының зерттеулері ҚР МФ І әдістемелік нұсқаулар бойынша жүргізілді. Нәтижесінде 
келесідей мәліметтер алынды: шикізат кешенінің ылғалдылығы -6,1%, күлділігі-9.33%, 
органикалық қышқылдар-2.6%, минералдық құрамы: мырыш-1.9666мкг/мл, мыс-
0.6385мкг/мл, қорғасын-0.0462мкг/мл, кадмий-0.0256 мкг/мл, темір-24.7183мкг/мл, никель-
0.1168мкг/мл, маргенец-1.7686 мкг/мл, кальций-389.4451 мкг/мл, магний-296.7988 мкг/мл, 
калий-1583.5915 мкг/мл, натрий-133.0888 мкг/мл. Зерттеу жұмысы жалғасуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет