Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет33/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
37 
СІБІР САРЫАНДЫЗЫ (
LIGULARIA SIBIRICA

ӨСІМДІГІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ 
ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ КЕШЕНДЕРІН АЛУ
 
 
Ауелбек А.Б. 
Ғылыми жетекші: PhD, профессор Жеңіс Ж. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
auelbekaida09@gmail.com 
Қазіргі таңда Қазақстанның флорасы көптеген дәрілік өсімдіктерге толы, соның бірі 
Қазақстан аумағында таралған дәрілік өсімдіктерге астарлылар тұқымдасының сарыандыз 
тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік Сібір Сарыандызы 
L. sibirica
өсімдігіне 
ғылыми және тәжірибелік тұрғыда үлкен зерттеулер жүргізуде. Сарыандыздың химиялық 
құрамы флавоноидтар мен полисахаридтерге, амин қышқылдары және эфир майларына, 
сескветерпиндер және таниндерге бай. Соның нәтижесінде, қазіргі медицина саласында 
сарыандыздың қатерлі ісікке қарсы сонымен қатар, семіздікке қарсы тұра алатын қасиет бар 
екені анықталды. Бұл өсімдік табиғатта жалпы Еуропа елдерінде, сондай-ақ Ресей 
Федерациясының аумағында, дәлірек айтқанда - Сібірде кездеседі.
Бұл жұмыста Қазақстанның Шығыс тау бөктерлерінен жиналған Астралылар 
тұқымдасына жататын Сібір сарыандызының (
Ligularia sibirica
)
 
жер үсті бөлігіне 
фитохимиялық зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде өсімдіктің сапалылығының 
көрсеткіштері: 
Ылғалдылығы – 8.30 %, күлділігі – 8.96 %, экстрактивті заттар 80 % сулы спирт 
ерітіндісінде – 9.81 %, 95 % сулы спирт ерітіндісінде – 11.99 % екендігі анықталды. Сібір 
сарыандызы (
L. sibirica
)
 
өсімдігінің құрамынан флавоноидтар (0.0267 %), органикалық 
қышқылдар (0.99 %) анықталды. Өсімдік күлінің құрамынан минералды заттар атомды-
абсорбционды спектрометр көмегімен көмегімен 9 микро және макро элементтер талданды, 
соның ішінде көп мөлшерде: калий (K-495,1мкг/мл), натрий (Na-195,5 мкг/мл) кездеседі. 
Сібір сарыандызы (
L. sibirica
) өсімдігінің жер үсті бөлігінен амин және май 
қышқылдары газ-сұйықтықты хроматография арқылы негізгі май қышқылдарынан линол 
қышқылы (44.8 %) және олеин қышқылы (30 %), аминқышқылдарды құрамынан негізінен 
глутамат (2435 мг/100 г), аспартат (1220 мг/100 г) және аланин (732 мг/100 г) анықталды. 
Масс-спектрометриялық 
анықтаумен 
газ 
хроматографиясы 
арқылы 
өсімдік 
сығындысындағы органикалық қосылыстар (петролейн эфир бөлігінде) – γ- ситостерин – 
4.86%, оксиранеоктан қышқылы, 3-октил -, цис – 3.70%, прегн-9(11)-ен-20-он,3,6-
дигидрокси-(3β,5α,6α) – 3.10% мөлшерінде анықталды. 
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей Сібір Сарыандызы өсімдігін дәрілік өсімдік ретінде 
қолдануға болатындығы дәлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет